Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет97/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

фалсафа
еді. Сопылық пен шииттік исламды 
Қасиетті Құқық пен Құранды ғана мойындайтын теолог 
ғұлама
лар секілді 
тәпсірлемеді. Исламның эзотерикалық ағымдары доктриналарын жасырын 
ұстайтын, бұл халықты жақындатпаудың ғана амалы емес.
 
Файласуф
тар, со
-
пылар және шииттер өздерінің өте батыл және тапқырлық пен суреткерлік
-
ке толы ислам нұсқасының мүлдем басқаша ұғынылуы мүмкін екенін жақсы 
түсінді. 
Фалсафа
ның доктриналарын, сопылық мифтерді және шииттік има
-
мологияны сөзбе-сөз немесе қарабайыр түрде түсіну – саналық қабілеттері 
мен мінез ерекшеліктері жоғарғы ақиқатқа символикалық, рационалды 


252
және шығармашылық әдіспен ұласуға сәйкес келмейтін жандарды адасты
-
руы мүмкін еді. Эзотерикалық ағымдарда шәкірттер бұл қиын доктриналар
-
ды қорыта алулары үшін сана мен рух танымдарымен тәрбиелеудің ерекше 
әдістерін қолданатын. Біз 
догма
және 
керигма
ны қатаң түрде айыра білген 
грек христиандарының да осыған ұқсас жолмен жүріп өткенін білеміз. Ал 
Христиандықтың Батыс тармағы эзотерикалық дәстүрді жасай алмады және 
сенімді түсіндірудің тек қана жалпыға ортақ – 
керигматикалық
әдісін ұстан
-
ды. Батыс Христиандығы өзгеше ойлайтындардың ерекшеленіп тұруына 
мүмкіндік бермеді және оларды қудалап, «келіспейтіндердің» көзін жоюға 
тырысты. Ислам әлеміне келетін болсақ, эзотерик ойшылдар әдетте өз ажа
-
лымен өліп жатты. 
Фараби қалыптастырған эманация доктринасын 
файласуф
тардың түгел
-
ге жуығы мойындады. Кейінірек көз жеткізетініміздей, мистиктерге жарату 
доктринасы саналатын 
ex nihilo
дан гөрі эманация идеясы тартымды көрін
-
ді. 
Файласуф
тардың көзқарастары ішкі танымға жақын діндарлардың жиі 
шабыт көзіне айналды. Мысал ретінде философия мен рационалды пай
-
ым – сенімнің жауы деп түсінуден алшақ Исламдағы сопылар мен яхуди 
каббалистерін айтсақ болады. 
Фалсафа
ның әсері шииттерде айқын көрін
-
ді. Мұсылмандар арасында азшылық ретінде қалса да, оныншы ғасырды 
көбіне «шииттер ғасыры» деп атайды өйткені империядағы сол кезеңнің 
маңызды саяси үрдістерін иелену қолдарынан келді. Шииттердің ең ұлы 
жетістіктерінің бірі – орталығы Бағдатта орналасқан сунни халифатқа қар
-
сы 909 жылы Тунисте салмақты күш боларлықтай өз алдына дербес халифат 
құрулары болды. Шииттік Фатимидтер мемлекетінің құрылуы исмаилиттер 
ағымы қажыр-қуатының арқасында жүзеге асты. Оларды он екі имамның 
беделін мойындайтын әрі саны көбірек «он екі имамдық» (иснә ашария) 
шииттерден ажырату үшін «жетілік» деп атайтын. Исмаилиттер алтыншы 
Ұлық Имам Жафар әс-Садықтың (768 ж.ө.) өлімінен соң шииттердің негізгі 
тобынан бөлініп кетті. Жафар мұрагері ретінде үлкен ұлы Исмаилды тағай
-
ындап кетті, бірақ ол жастай қайтыс болды. Осыдан кейін «он екі имам
-
дық» шииттер Жафардың басқа ұлы Мұсаны заңды имам деп таныды. Бірақ 
исмаилиттер Исмаилге деген адалдықтарынан айнымады; олардың пікірін
-


253
ше, Исмаилдың өлімімен имамдардың тізбегі үзілді. Фатимидтердің Сол
-
түстік Африкадағы халифаты адам нанғысыз қуатқа ие болды: 973 жылы 
астанасын Каирге ауыстырды. Ол жерде сол уақытта өте үлкен әл-Азхар 
мешіті салынды. 
Имамдарды ұлықтау тек саяси таңдау ғана болған жоқ. Бұған дейін айтқа
-
нымыздай, шииттер имамдар жұмбақ бір жолмен Алланың имманенттілігін 
жүзеге асырады деп сенді. Шииттер Құранды символикалық түсінуге не
-
гізделген ерекше эзотерикалық діндарлықты дамытты. Олар Мұхаммедтің 
немере інісі және күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке құпия ілімді сеніп 
тапсырды. Бұдан соң 
илм
(ілім) Әлидің тікелей жалғастық арқылы мұрагер
-
леріне, болашақ имамдарға беріліп келді деп сенді. Әрбір имам «Мұхам
-
медтің нұрын» 
(ән-нур әл-Мухаммад)
оған Аллаға толықтай тәслім болуға 
мүмкіндік берген пайғамбарлық рухтың көрінісін білдірді. Әрине, пайғам
-
бар да, имамдар да иләһи болмысқа ие емес еді, бірақ олар Құдайға сон
-
шалықты ашық еді. Құдай қарапайым адамдардан гөрі имамдар арқылы 
толыққанды көрініс бере алатын. Несториандардың көзқарасы да осыған 
ұқсайтын. Несториандар Исадан, ал шииттер әрбір имамнан іліммен толық
-
сып тұрған Құдайлық «мінәжат үйін» немесе «қазынаны»
 
көретін. 
Илм
тек 
құпия мәліметтерді ғана білдірмейді сонымен қатар рухани түлеуді де көр
-
сетеді. Да’идің жолбасшылығымен (рухани ұстаз) шәкіртке айқын түс секіл
-
ді көріністер келетін, соның арқасында жалқаулық пен надандық хәлінен 
құтылатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет