бірақ
ресми исламға жайлы өзінің
мистикалық ілімін жасап қалыптастырды. Ибн Синаның жолын қуып әл-Ға
-
314 John Bowker, The Religious Imagination and the Sense of God (Oxford, 1978), p. 222–226.
270 зали бұл әлемнен тысқары, сезім мүшелеріне танылатын баяғы архетиптер
патшалығы идеясына жүгінді. Көрінетін әлем
(әлам әш-шахада) – әл-Ғазали
«платондық ақыл әлемі»
(әлам әл-малакут) деп атаған нашар көшірмесі. Бұл
әлемнің бар екенін барлық
файласуф тар мойындаған. Бұл рухани әлем жай
-
ында Құранда да, яхуди-христиандық Інжілде де айтылған. Адам болмыстың
екі сферасында да – материалдық әлемде де, рухтың жоғарғы әлемінде де
бола алады, өйткені Құдай адам рухына иләһи бейнесін енгізіп қойған.
«Мишкат әл-ануар» мистикалық трактатында Құрандағы «Нұр»
315
сүресінің
тәпсірін келтіреді. Бұл сүреде Нұр Құдайға да, басқа да жарқырайтын шам,
жұлдыз секілді объектілерге сәйкес келеді. Жарқырау адам ақылына да тән.
Ол бізге тек басқа объектілерді қабылдауға ғана септеспейді, сонымен қатар
дәл Құдай секілді уақыт пен кеңістіктен тысқары транценденциялануға да
қабілетті. Осылайша ақыл рухани әлем секілді ақиқатқа қатысы бар болмыс.
Бұл жерде «ақыл» дегенде сараптау мен анализ жасау секілді қабілеттерді
ғана түсінбеу керектігін анығырақ ұқтыру үшін әл-Ғазали түсініктемесін сөз
-
бе-сөз қабылдамауға шақырады. Мұндай тақырыпты бейнелі тілмен, шығар
-
машылық қабылдаудың күшімен ғана талқылауға болады.
Кейбір жандар ақылдан да жоғары қабілетке ие. Оны әл-Ғазали «пайғам
-
барлық рухы» деп атаған. Мұндай қабілетке ие еместер өздеріне беймәлім
болғандықтан ғана оны жоққа шығармаулары керек. Бұл музыкалық қабілеті
жоқ адамның музыка – сандырақ деп айтқаны сияқты қисынсыз болар еді.
Әрбір адам ақыл мен түйсік арқылы Құдай туралы білуге қабілетті, алайда
ең жоғарғы мәлімет Құдай айрықша дарын сыйлаған пайғамбарлар мен ми
-
стиктерге қол жетімді. Бұл кішкене тәкаппар естілуі мүмкін, бірақ басқа да
дәстүрлерде мистиктер, мысалы, дзэн-буддизм медитациясы интуиция мен
сезімталдылықты ерекше дарын деп есептейді және соны талап етеді. Бұл
қасиет поэтикалық қабілетпен туыстас делінеді. Мұндай мистикалық дарын
әркімде жоқ. Әл-Ғазали мистикалық тебіреністі Жаратушының бар екенін
немесе шын мәнінде Құдай иеленетін болмысты сезіну деп анықтады. Бұл
өзімен бірге «меннің» жойылып, Құдайда еруі деген идеяны туғызды. Ми
-
315
Құран
, 24:35.
271 стиктер қарапайым адамдарды толық қанағаттандыратын көшірме әлемнен
жоғарылауға қабілетті жандар. Олар:
… әлемде Құдайдан басқа Болмыстың жоқ екенін және «Оның жа
-
малынан басқаның бәрі хәлек болатынын көреді»
316
[…].