Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


Ақиқатын - да Одан басқаның бәрі –



Pdf көрінісі
бет106/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
Ақиқатын
-
да Одан басқаның бәрі –
 
жәй ғана жоқтық, барлығын Алғашқы Ақыл
-
дан [платондық схема бойынша] алатын болмыс өз алдына болмыс 
емес, тек Жаратушының жамалымен қатынастағы болмыс. Сондықтан 
Құдайының Жамалы – шынайы тіршіліктің жалғыз өзі
317
.
Құдайы – тысқары, қажеттілігін рационалды түрде негіздеу мүмкін бол
-
майтын объектіленген Болмыс емес. Ол – барлығын қамтитын ақиқат және 
жоғары болмыс, Оған байланысты, бар болуын Оның міндетті болмысынан 
алған басқа болмыс атаулыны түсініп қабылдай алғанымыз сияқты, Оны қа
-
былдау мүмкін емес: ол үшін өзімізді өзгеше көру қабілетіне тәрбиелеуіміз 
қажет. 
Нәтижесінде әл-Ғазали Бағдаттағы ұстаздық қызметіне қайтадан орал
-
ды. Құдайдың барлығын рационалды түрде логикалық құрылым тұрғы
-
сынан негіздеудің мүмкін еместігін түсінді және бұдан былайғы өмірінің 
соңына дейін осыған сенген күйде қалды. «Әл-Мункиз мин әд-далал» 
(Ада
-
сушылықтан қайтару)
ғұмырбаяндық трактатында иманын жоғалту қапі 
төніп тұрған жанға 
кәлам
да, 
фалсафа
қанағат бермейтінін табанды түрде 
дәлелдеді.
Құдайдың барлығына қатысты дәлелді күмәнсіз құрудың мүмкін еместі
-
гін түсінген тұста әл-Ғазали осындай өзін жоғалтудың 
(сафсафа)
шегінде бо
-
лып қайтты. Біз «Құдай» деп атайтын ақиқат сезімдік түйсік мен логикалық 
ойлау шеңберінен тысқары. Бұл ғылым да, метафизикалық құрылым да Ал
-
ланың 
вужуд
ын растап немесе жоққа шығаруда дәрменсіз екенін көрсетеді. 
Әл-Ғазали – пайғамбарлық немесе мистикалық – ерекше қабілетке ие емес 
316
Құран
, 28:88.
317
Мишкат
ал
-
анвар
: Mishkat al-anwar, quoted in Fakhry, A History of Islamic Philosophy , p. 278.


272
қарапайым мұсылмандарға арнап Құдайының ақиқатын күнделікті өмірдің 
күйбеңінен сезінуге тәрбиелейтін әдіс жасап шықты. Ойшыл ислам әлемі
-
не өшпес із қалдырып кетті. Әл-Ғазалидан соң мұсылмандар Құдайдың 
барша болмыстар секілді болмыстың бір түрі екендігін немесе Оның бар
-
лығын ғылыми және философиялық жолмен дәлелдеуге болатынын айтып, 
үстірт пайымға оңай бара бермейтін болды. Содан бері ислам философиясы 
Құдайды рухани және мистикалық жолмен танудың ажырамас бір бөлігіне 
айналды. 
Бұл иудаизмде де өз ізін қалдырды. Испанияда өмір сүрген философ Ио
-
сиф ибн Саддық (1143 ж.ө.) Ибн Сина қалыптаған Құдайдың барлығының 
дәлелдеріне жүгінді, бірақ Құдай жәй ғана «бар» емес, яғни әдепкі сөзбен 
айтылатын құбылыстардың бірі сияқты «бар» емес деп сақтықпен көрсет
-
ті. Біздің Құдайды еске алуға деген ұмтылыстарымыздың кез келгені Оны 
соңы бар және кемел емес қып көрсетеді. Біздің қолымыздан келетін Құдай 
жайындағы ең дәл, дұрыс пайымымыздың мәні Ол ақылға сыймайды де
-
генді білдіреді, өйткені ол адамның табиғи интеллектуалды қабілеттерінен 
жоғары тұрады. Құдайдың осы әлемдегі әрекеттерін ғана сөзбен мақұлдай 
аламыз, алайда Оның қамтылмайтын мәңгі, дерексіз затын 
(алдзхат)
сөз
-
бен жеткізу мүмкін емес. Толедолық дәрігер
 
Жуда Халеви (1085-1141жж.) 
дәл әл-Ғазалидің идеясымен жүрді: Құдайдың барлығын рационалды жол
-
мен дәлеледеу мүмкін емес. Бұл Құдайға сенудің ақылға сыйымсыз екенін 
білдірмейді, тек Оның бар екенін логикалық тұрғыдан дәлелдеу дін үшін 
ешқандай маңызы жоқ дүние. Тұлғасыз және өте алыс Құдайдың осынша
-
лықты жетілмеген материалдық әлемді жаратуы мен Оны осы әлеммен қан
-
дай бір қатынас байланыстырып тұрғанын негіздеу мүмкін емес. Сондықтан 
бұл пайдасыз әрі мұны күмәнсіз игерудің жолы жоқ. Философтар ой құ
-
мартуды жаттықтыру арқылы бүкіл ғарышты қамтып тұрған Иләһи Ақылмен 
біріге аламыз деп өздерін алдайды. Құдайдың тікелей ілімі тек қана пай
-
ғамбарларға берілген және 
фалсафа
ға ешқандай да қатысы жоқ. 
Халеви философияда әл-Ғазали сынды мықты болмады, бірақ ол да 
Құдай туралы ең сенімді ілімнің қайнары діни тебіреністен бастау алады 
деп сенді. Әл-Ғазали секілді ол ерекше рухани қабілетті дамытудың қағи
-


273
даларын жасап шықты. Бірақ мұны яхудилердің ерекше артықшылықтары 
деп білді. Осы шетін көзқарасын жұмсарту үшін Халеви 
гойим
дер де табиғат 
заңдылықтарын білу арқылы Құдай туралы ілімге қол жеткізе алады деді. 
Әйткенмен де көлемді философиялық туындысы «Кузаридегі» негізгі мақ
-
саты Израилдің басқа халықтар арасындағы ерекше орнын айқындау бол
-
ды. Раввин-талмұдшылар секілді Халеви егер 
мицвот
ты мұқият ұстанатын 
болса,
 
кез келген яхуди пайғамбарлық қабілетке ие бола алады деп сенді. 
Алайда ол табатын Құдай – ғылыми тұрғыдан негіздеуге болатын объек
-
тивті факт емес таза субъективті тебіреніс. Құдайды тіпті яхудидің «табиғи 
менінің» жалғасы деп санауға болады:
Иләһи низам


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет