264
дет
(митцва)
санады. Сонымен қатар Саадиа ислам рационалистері секілді,
Құдай барлығына қатысты ешқандай күмәнданбады. Бұл факт Иосиф үшін
онсыз да айқын дүние болатын. Содан болар, «Сенім мен пікірлер жайында»
трактатында сенім мәселесін арнайы негіздеуді қажет деп таппады, бірақ
діни күмән бар болуын да жоққа шығармады.
Саади яхудилерге уахидың ақиқатын қабылдау үшін ақылды шаршату
-
дың қажеті жоқ деп түсінді. Бірақ бұл Құдай шынымен де адам ақылына
түсінікті болды дегенді білдірмейді. Ибн Иосиф
ex nihilo
жарату идеясы фи
-
лософиялық тұжырымдарға толы екенін және рационалды категориялар
негізінде ой толғауға мүмкіндік бермейтінін мойындады. Өйткені
файласуф
-
тардың Құдайы кенеттен шешім қабылдап, қандай да бір өзгеріс жасауға
қабілетті емес. Таза рухани Құдай материалды әлемнің бастамасы бола ала
ма? Бұл жерде біз ақылдың шегіне жақындаймыз және платоншылдар ой
-
лағандай ғалам мәңгі емес және уақыт тұрғысынан бастауы бар екенін мой
-
ындауымыз қажет. Бұл Киелі жазбалар мен сау ақылға сәйкес келетін түсін
-
дірме. Алайда мұны қабыл ете отырып, Құдай туралы логикалық фактілер
түзуге құқығымыз бар. Жаратылған әлемнің реті қисынмен жоспарланған,
мұнда өмір мен күш-қуат бар. Осыған сәйкес мұны Жаратушы да Даналық,
Өмір және Құдіретке ие болуы тиіс. Бұл атрибуттар Христиандықтың Үштік
доктринасындағыдай Құдайдың жеке-жеке
ипостасы
емес, тек қана Оның
сипаттары. Бізге Ол туралы тек осы категориялар қалыбында ой жүгіртуге
тура келеді. Тіл иләһи ақиқатты ашып беруге қауқарсыз болғандықтан ғана
еріксіз түрде Оның абсолютті қарапайымдылығын «қиратып», атрибуттар
арқылы ұғуға тиіспіз.
Достарыңызбен бөлісу: