Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


«Бауырлардың»  көзқарасы  файласуф тардың түсініктеріне өте жақын болды



Pdf көрінісі
бет100/204
Дата04.10.2024
өлшемі5,33 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
«Бауырлардың» 
көзқарасы 
файласуф
тардың түсініктеріне өте жақын болды.
 
Ислам раци
-
оналистері секілді, «Ихуан ас-Сафа» ақиқаттың бірлігіне айрықша көңіл 
бөлді. Оны барлық жерден табуға болады: «ғылымның ешбірінен бас тарт
-
па, ешқандай кітапты лақтырып тастама, бір ғана сенімге көзсіз байланып 
қалма».
309
Бауырлар» Құдайдың неоплатондық концепциясын қалыптасты
-
рды. Плотин секілді ұғылмайтын және қамтылмайтын Құдайды көрді. Дәл 
файласуф
тар секілді әлемнің жаратылыс көрінісін Құрандағыдай дәстүрлі 
ex nihilo
дан емес, платондық эманациядан тарпты. Ғалам Құдайлық Себепті 
көрсетеді, ал адам көктегі әрекеттерге араласа алады және санасын арыл
-
тып, Бірге орала алады.
Фалсафа
шырқау шыңына Батыста Авиценна деп танылған Әбу Әли ибн 
Сина (980-1037 жж.) еңбектері арқылы жетті. Ибн Сина Бұхараға (Орта
-
лық Азия) таяу қоныста шенеунік-шииттің отбасында туды. Ол сондай-ақ 
исмаилиттердің ықпалына түсті. Олар әкесінің үйіне қонаққа келіп, пікір
-
сайыстар өткізетін. Ибн Сина қаршадайынан өте алғыр бала болып өсті. Он 
алты жасында-ақ ол әйгілі дәрігерлерге кеңес беретін. Ал он жеті жасында 
математика, логика және физиканы меңгеріп алды. Оған қиындық туғызған 
Аристотель болды. Бірақ әл-Фарабидің Аристотель метафизикасы туралы 
пайымымен танысқан бетте көзі ашылды. Ибн Сина ислам империясын ара
-
308 Rasa’il I, 76, quoted in Majid Fakhry, A History of Islamic Philosophy (New York and London, 1970), p. 193.
309 Rasa’il IV, 42, in ibid., p. 187.


259
лай жүріп, билеушілердің құзырет-қалауына тәуелді болды және қарапай
-
ым дәрігер-перипатетиктің өмірін сүрді. Бірде ол шииттердің қазіргі Батыс 
Иран мен оңтүстік Ирак жерлерін билеген әл-и-Буи (Бувейһилер) әулетінің 
сарай уәзірі болды. Ғажап ақыл иесі ибн Сина қатып қалған тақуа емес еді; 
сезім рақатына бөленгенді ұнататын. Тым егде тартпай, елу сегіз жасында 
қайтыс болуына шарап пен төсек ләззатына құмарлық себеп болды деген 
жорамал да бар. 
Ибн Сина 
фалсафаны
Ислам империясындағы өзгеріс жағдайларына 
бейімдеу керектігін түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет