Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет103/204
Дата04.10.2024
өлшемі5,33 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
Егер
 
барынша дәлдікке ұмтылсақ, Құдай туралы тек 
бір ғана нәрсе айтуға құқылымыз. Ол – Оның бар екендігі. Саадиа Құдайы 
туралы қабылданған пікірлерді жоққа шығармады. Философтардың алыс 
әрі тұлғалықтан ада Құдайын тұлғаланып, адамиланып кеткен інжіл Құдай
-
ынан жоғары санамады. Мысалы, біздің әлемде неліктен қайғы-қасіреттің 
көп болатынын түсіндіруге тырысқан кезінде Саадиа Талмұд пен Даналық 
авторларының шешімдеріне қайта жүгінді. Ибн Иосифтің пікірі бойынша,
 
қасірет
– 
күнәлардың жазасы.
 
Қиыншылықтар адамдарды шынықтырып, 
оларды мойынсұнушылыққа тәрбиелейді. Нағыз 
файласуф
ты мұндай жауап 


265
қанағаттандырмайтын. Құдай адамға тым қатты ұқсап бара жатты. Оған ой
-
лану мен ниет қылу таңылды. Алайда Саадиа уахидың Құдайы 
фалсафа
ның 
Құдайынан төмен деп ойламады. Пайғамбар кез келген философтан артық. 
Ақыл Інжілдің үйреткендерін бұдан да жүйелі түрде таныта алады. 
Кейбір яхудилер бұдан ары кетті. Неоплатоншы Соломон ибн Гебриль 
(шамамен 1022-1070 жж.) «Тіршілік қайнары» еңбегінде 
ex nihilo
 
жарату 
доктринасынан бас тартып, эманация теориясын түрлендіре қолдануға ты
-
рысты. Құдайды сәл де болса кездейсоқтықпен толықтырып, ерік қалауы бар 
болмыс ретінде танытуға тырысты. Гебироль Құдайдың эманациялануды қа
-
лауын негіздей отырып, бұл процесті барынша механикалық қып көрсетті, 
яғни жалпы динамика жолымен емес, Құдайдың тікелей заңдылығымен ға
-
лам басқарылып тұрғанын көрсетті. Алайда Габироль Құдайдан материяның 
пайда болуын ақылға қонымды етіп түсіндіріп бере алмады.
 
Яхуди филосо
-
фтарының қалғандары жаңалыққа азырақ ынталы болды. Бахия ибн Паку
-
да (шамамен 1080 ж.ө.) қатып қалған платоншы емес-тұғын, алайда қажет 
кезінде 
кәлам
методтарын қолданудан бас тартпайтын. Дәл Саадиа секілді 
Бахия да Құдай әлемді белгілі бір уақыт ішінде бір сәтте жаратқанын қабыл 
етеді. Ғалам кездейсоқ пайда болуы мүмкін емес. Мұны мойындамау парақ 
бетіндегі мұқият жазулардың кездейсоқ төгіліп кеткен сияның себебінен 
пайда болғанын айтқандай қисынсыз. Ғаламдағы тәртіп пен мақсаттылық 
оның Жаратушысы бар екенін көрсетеді. Бұл Киелі Кітапта да жазылған. 
Мұндай философиядан тысқары доктринаны алға тартқаннан соң Бахия 
кәлам
нан гөрі 
фалсафа
ға ауысып, Ибн Сина жетілдірген Міндетті және Қа
-
рапайым болмыс дәлелдерін келтіреді. 
Бахия Құдайға пайғамбарлар мен философтар ғана дұрыс құлшылық 
етеді деп есептеді. Пайғамбардың Құдай жайлы тікелей интуитивті ілімі 
бар, философтың Ол жайлы рационалды танымы бар. Ал қалған діндар
-
лар Құдай туралы өздері ойлап тапқан адамға ұқсас бейнеге табынады. Өз 
тәжірибесінде Құдайдың барлығы мен бірлігіне көз жеткізуге тарыспаған 
кез келген адам – басқалардың соңынан ерген көзсіз соқыр. Бахиа басқа 
да 
файласуф
тар секілді интеллектуалды менмендігімен танылды, бірақ 
соған қарамастан сопыларға айқын симпатиясы бар еді: ақыл Құдайының 


266
бар екенін дәлелдеуге қабілетті, бірақ Ол жайлы қандай да бір танымға қол 
жеткізуге қауқарсыз. «Жүректің борышы» трактатында Бахиа еңбектің аты 
айтып тұрғандай, ақылға адамда Құдаймен қатынас жасауды тиісті деңгей
-
де тәрбиелейтін көмекші құрал рөлін таниды. Бахиа неоплатонизм оның 
түсінігіндегі иудаизммен қайшылыққа келген тұста сенім жағына шығып 
отыратын: діни тебіреністер оған рационалды әдістерден қарағанда сал
-
мақтырақ көрінетін. 
Егер ақыл Құдай туралы ештеңе айтуға күші жетпесе, онда теологиялық 
тақырыптарда логикалық тартыстарға түсудің не қажеті бар? Бұл мәселе 
мұсылман ойшыл, діни философия тарихында шешуді орын иеленген ға
-
сыр тұлғасы Әбу Хамид әл-Ғазалиді (1058-1111 ж.ө.) әрдайым мазалайтын. 
Хорасан тумасы әл-Ғазали атақты әшари ғалымы әл-Жуайнидің жол көрсе
-
туімен 
кәлам
ілімін меңгерді және отыз үш жасында-ақ Бағдаттағы Низа
-
мия медресесін басқарды. Оның міндеті сунни доктриналарды шииттердің 
исмаилиттік шабуылдарынан қорғау болды. Әл-Ғазали тынымсыз қасиетке 
ие еді: ол ақиқатты адам айтқысыз қажырлықпен іздеді, шынайы азаптана 
діни проблемалармен айналысты және ешқашан қарапайым және қолайлы 
жауаптармен қанағаттанбады. Ол былай деп ақтарыла сөйледі:
...мен мәңгілік тұңғиық терең теңізге сүңгідім, қаһармандай түбіне үңіл
-
дім, ми-батпақ қараңғы сұрақтарға шомдым, кез келген проблемаға қарсы 
жүрдім, кез келген қиындықты бұзып-жардым. Ақ пен қараны, дұрыс пен 
бұрысты айырып, кімнің сунна жолымен жүріп, кімнің адасушы бидғат жо
-
лында кетіп бара жатқанын білу үшін барлық фырқаның догматтарын оқы
-
дым, кез келген топтың құпия ілімін меңгердім.
 
311
Әл-Ғазали философтар секілді, құбылмас сенімді табуға үмітті еді. 
Бірақ тереңдеген сайын қаттырақ көңілі қала бастады. Ізденіске бар 
күшін салса да, бұрынғысынша ештеңеге толық сенім таба алмады. 
Оның замандастары Құдайға түрлі жолдармен ұмтылды: бейімділі
-
311
Ал
-
Мункиз
мин
ад
-
далал

Перевод
А

В

Сагадеева

Сілтеме
мына
басылым
бойынша
берілді

Ал
-
Газали

Избавляющий
от
заблуждения
// 
Григорян
С
.
Н

Из
истории
философии
Средней
Азии
и
Ирана
VII–XII 
вв
. – 
М
.: 
Издательство
АН
СССР
, 1960. – 
С

212.


267
гі мен ішкі сұранысына сәйкес кейбірі 
кәлам
ды таңдады, тағы бірі 
имамдардың делдалдығына сүйенді, кейбірі – 
фалсафа
ны құп көрсе, 
келесісі – сопылық мистицизмге іш тартатын. Ол «заттардың ақиқаты 
және өзіндік мәні неде» деген сұрақтың жауабын табу үшін Исламның 
осы төрт ілім саласының барлығымен де айналысты. Бұл мектептердің 
жақтаушылары өз жолдарының дұрыстығына сөзсіз сенетін, бірақ 
әл-Ғазали мұндай сенімділікті объективті түрде негіздеуге бола ма де
-
ген сұраққа бас қатыратын. 
Бүгінгі күнгі скептиктер секілді бір нәрсеге сенімді болу – психо
-
логиялық күй, сондықтан да әрдайым объективті бола алмайтынын 
түсінді. 
Файласуфтар
белгілі бір танымға ақыл қорытындысы арқылы 
қол жеткіземіз деп сендірді; мистиктер танымға сопылық практика 
арқылы ұласатындықтарын алға тартты; исмаилиттер ақиқат тек қана 
имамдардың делдалдығы арқылы танылады дегенге күмәнсіз сен
-
ді. Алайда «Құдай» деп аталатын ақиқат эмпирикалық жолмен тек
-
серілмейді.
 
Көзқарасымыздың қате емес екенін қалай тексереміз? 
Дәстүрлі дәлел түрлері әл-Ғазалидің қатаң талаптарына сәйкес кел
-
меді. 
Кәлам
ілімінің мутакаллимдері Киелі Кітаптардағы пікірлермен 
сөз бастайтын, бірақ бұл көзқарастар ақылдың сын тезіне салғанда 
бәрібір нақтыланбады. Исмаилиттер тұтасымен «құпия» ілімге және 
қол жетімсіз имамға иек артты, бірақ имамның Құдайлық ақиқатпен 
көмкерілгеніне қалай көз жеткіземіз? Сонымен қатар егер имам «ғай
-
ып» болса, бұл сенімнің не мағынасы бар? Алайда ойшылдың 
фалса
-
фа
дан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет