Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


көңілі қатты қалды. Әл-Ғазалидің полемикалық энергиясының  көп бөлігі әл-Фараби мен Ибн Синаға бағытталды



Pdf көрінісі
бет104/204
Дата04.10.2024
өлшемі5,33 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
көңілі қатты қалды. Әл-Ғазалидің полемикалық энергиясының 
көп бөлігі әл-Фараби мен Ибн Синаға бағытталды.
 
Тек қана филосо
-
фияның шын білгірі ғана сынауға құқылы екендігіне илана отырып, 
әл-Ғазали нағыз маман болғанға дейін үш жыл 
фалсафа
мен айналы
-
сты.
312
«Философтарды терістеу» трактатында 
файласуф
тардың мәсе
-
лелердің түйінін тапқандай тоқмейілділігін жазғырды. 
Фалсафа
тіке
-
лей бақылай алатын медицина астрономия немесе математика секілді 
312
Батыс
ғалымдары
əл
-
Ғазалидің
еңбегімен
танысқан
соң
оның
өзін
де
файласуфтың
бірі
деп
таныды
.


268
күнделікті құбылыстармен шектелгенде өте пайдалы, ал Құдай жай
-
ында исламның бұл ағымы ештеңе бере алмайды. Кім эманация док
-
тринасын бұлтартпас ақиқат ретінде дәлелдеп бере алады? 
Файласуф
-
тар осыншалықты сеніммен Құдай универсалды жалпы құбылыстар
-
ды біліп, жалқыны білмейді деп айтуға рұқсатты қайдан алды? Мұны 
олар дәлелдей ала ма? Құдайы қарапайым дүниелік шындықтармен 
шұғылданудан биік тұрады деген аргументтері жеткіліксіз

қашаннан 
бері Кемелдіктің бір сипаты білмеу болып танылды? Қалай болғанда 
да мұндай мәлімдемелер сенімді тексеріске алынбайды, сондықтан да 
бұл 
файласуфтар
дың ақыл тезінен тысқары және сезім мүшелерінің 
талқысына түспейтін мәселелерге келгенде иррационалды, философ
-
тарға тән емес кейіпте әрекет еткендерін көрсетеді. 
Бар болмысымен шындыққа ұмтылған жанға енді не істеу керек? 
Дәлелденген, құбылмастай Құдайға сенім шынымен де мүмкін емес 
пе? Осы проблемаларға қатысты азапты ойға берілу әл-Ғазалиді мұңға 
батырып, рухани дағдарысқа түсірді. Торығу мен қашып құтыла алмай
-
тын мәселенің ауыртпалығы күшті болғаны соншалықты, ойшыл ас-а
-
уқат ішуден қалды. Шамамен 1094 жылдары сабақ бермек түгілі, тіпті 
сөйлеуге шамасы жоқтығын түсінді:
Алла тілімді байлады, сабақ бере алмайтындай қылып тілім бай
-
ланды. Келіп кетуші шәкірттерімнің көңілінен шықпақ ниетпен сабақ 
беруге тырыстым. Бірақ тілімнен бір сөз болсын сыртқа шықпады
313
.
Ғазали өлімші хәлде мұңға берілді. Дәрігерлер оның терең жүйке ауруына 
ұшырағанын дұрыс анықтады және жанын билеген үрейден арылуға кеңес 
берді, әйтпегенде кеселден айығудың қиынға соғатынын ескертті. Әл-Ғаза
-
лидің өзі егер бұрынғы иманыммен қайта қауышпасам, тозаққа түсем бе 
деп қауіптенді. Осы ниетпен медреседегі сыйлы лауазымын тәрк етіп, сопы
-
ларға барып қосылды. 
313
Ал
-
Мункиз
мин
ад
-
далал
. – 
Ал
-
Газали

Цит

изд
. – 
С
. 244.


269
Ол жерде шынымен де іздегенін тапты. Соңына дейін ақылдың маңызды 
екенін ұмытпай – ойшыл сопылықтың түрлі шәлкестіктеріне ешқашан сен
-
бейтін – әл-Ғазали мистикалық ілімнің интуитивті жолмен болса да, «Құдай» 
деп аталатын болмысты тікелей тануға септесетініне өз тәжірибесімен көз 
жеткізді. Ағылшын зерттеушісі Джон Боукер 
вужуд
яғни «тіршілік ету» мағы
-
насындағы араб сөзі 
«важада»
- «тапты»
314
деген түбірден шығады, демек, 
сөзбе-сөз «табуға болатын нәрсе» дегенді білдіреді. Бұл сөз грек метафи
-
зикасындағы терминдерден гөрі нақтырақ және мұсылмандарға тәпсір
-
леуге кеңірек мүмкіндік сыйлайтын. Құдайдың бар екенін дәлелдеу үшін 
араб тілді философқа көптеген объектінің бірі ретінде Құдайды жасап 
шығудың қажеті жоқ. Оны табуға болатынын дәлелдей алса жеткілікті.
 
Ву
-
жуд 
– Құдайдың абсолютті бұлтартпас дәлелі, мүмін Онымен өлгеннен соң 
жеке жүзбе-жүз кездескеннен соң ғана – мүмкін болмауы да – анықтала
-
ды. Кез келген пайғамбар мен сопының Құдаймен осы жер бетінде жана
-
сқанын айтқан сөздері мұқият қарауды талап етеді. Әрине, сопылар жеке 
тәжірибесінде Құдайының 
вужуд
ына көз жеткізгендіктерін айтатын. Олар
-
да тіпті Құдайды экстатикалық түйсінудің 
(важд)
өзгеше атауы болды. Бұл 
олардың осы процесс барысында ақиқатпен шын жанасқандарын көрсетіп, 
елес қумағандарын толық сеніммен 
(иақин)
айқындайтын термин еді. Әри
-
не, бұл әлгіндей көзқарастарға объективті сенімділік дарытпайды алайда 
әл-Ғазали сопылар арасында оншақты жыл өмір сүріп, діни тебіреніс адам 
ақылына сыймайтын ақиқаттың барлығына көз жеткізудің жалғыз әдісі де
-
генге тоқтады.
 
Сопылық Құдай танымы рационалды және метафизикалық 
танымнан түбегейлі өзгеше және сөзсіз өткен пайғамбарлардың интуитивті 
тәжірибелерімен ұқсастықтары көп болатын. Осылайша сопылар жеке дара 
Исламның маңызды шындықтарын 
таба
білді және оның маңызды ұғымда
-
рын өз бастарынан өткізді.
Келесі тарауда көрсететініміздей, уақыт өте келе әл-Ғазали діндес мистик 
бауырларына аса сақтықпен қарайтын,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет