Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет107/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

 
өзімен
 
байланысатын, кездесетін жанды күтеді және 
оның Құдайы болады, дәл пайғамбарлар мен тақуалардағыдай..... дәл 
сол секілді табиғи қасиеттері жетіліп, объектілердің өте биік дәреже
-
лерді қабылдап, ішіне енуіне лайық кемелдікті күткен рух секілді. Тура 
солай табиғаттың топыраққа әсер беріп, көкөністердің көктеуіне жай
-
лы мезгілді күткені секілді бұл
318
.
Құдай сырттан басып кіретін соншалықты бөтен шындық емес, яхуди да 
иләһи болмыстан тасада қалған өз алдына жеке жаратылыс емес. Құдайдан 
адами кемелдікті, біздегі потенциалдың тұтастай жүзеге асуын, паш етілуін 
көруге болады. Сонымен қатар адам жанасатын «Құдай» бірегей, яғни әр
-
кімге өзінікі бар. Бұл идеяны біз келесі бөлімде жан-жақты талқылаймыз. 
Халеви мұқият түрде яхудилердің қабылдауына және Құдайының затына 
лайықты «Құдайдың» межесін сызады. Пайғамбарлар мен тақуалар «Құдай
-
ды» көрдім дегенде, олар Оның Өз болмысында болуын немесе Оның Затын 
көрмейді, тек иләһи қимылдың іздерін, басқаша айтар болсақ қол жетпейтін 
жоғарғы Ақиқаттың артында қалған шұғыласын көреді. 
Дегенмен
Фалсафа
 
әл-Ғазалидің полемикалық соққысынан соң да 
ес жиып алды. Кардовада өмір сүрген философ Ибн Рушд оны дамытып, 
318
Перевод
Г

Липш

Цитируется
по
изд
.: 
Галеви
Иегуда

рабби

Кузари
. – 
Иерусалим

Шамир
, 5750 (1990). – 
С
. 92–93.


274
бәрібір діндарлықтың ең жоғарғы формасы екендігін дәлелдемек болды. 
Еуропада Аверроэс деп атаған Әбу Уәлид Мұхаммед ибн Ахмад ибн Рушд 
(1126-1198 жж.) Батыста иудаистер мен христиандар арасында өте абырой
-
лы болды. ХІІІ ғасырда оның еңбектері латын және еврей тілдеріне ауда
-
рылды, ал Аристотельдің еңбектеріне жазған түсіндірмесі Маймонид, Фома 
Аквинский және Ұлы Альберт секілді атақты дін ғалымдарына қатты әсер 
етті. ХІХ ғасырда Эрнест Ренан Аверроэсті еркін рухты, діннің соқыр сенімі
-
не қарсы шыққан рационализмнің ұлы қаһарманы деп атайды. Алайда Ибн 
Рушд Ислам әлемінде елеусіз жан болып қалды.
 
Оның өмірі мен өлгеннен кейінгі даңқы Шығыс пен Батыстың иләһи 
ақиқатқа ұласу мен Құдай туралы түсінікке қатысты өзгермес қайшылығын 
көрсетеді. Ибн Рушд әл-Ғазалидің 
фалсафа
ны төмендеткен қатынасы мен 
эзотерикалық тақырыптарды тым ашық талқыға салуын қатты сынға алды. 
Бұрынғы өткен жолбасшылары әл-Фараби және Ибн Синамен салыстырған
-
да Ибн Рушд тек философ қана емес, шариғат заңдарымен үкім шығаратын 
қади
болды. 
Ғұламалар
фалсафа
ға және оның ерекше «Құдайына» әрдайым 
күдікпен қарайтын, алайда Ибн Рушд Аристотельдің көзқарасы мен дәстүрлі 
ислам өнегесін біріктіре білді. Ол сенім мен рационализм арасында ешқан
-
дай да пікір қайшылығы жоқтығына, әрқайсысы өзіне тән жолмен бір ғана 
ақиқатты жеткізіп, бір ғана Құдайды табуға тырысып жатқанына сенімді 
еді.
 
Алайда барлық адам бірдей философияға қабілетті емес, сондықтан да 
фалсафа
тек интеллектуалды элитаға арналған. Қарапайым адамдарды ол 
жолдан тайдырады, көптеген күмәнға батырып, ақырет азабынан құтылуына 
қауіп төндіреді. Сондықтан да 
фалсафа
дәстүрінің эзотерикалық қалыбын 
сақтап қалғаны өте маңызды: терең ақиқатты ұғына алуға қабілетті еме
-
стерге сенім білдірудің қажеті жоқ. Бұл сопылық пен исмаилиттік 
батини
із
-
деністерге де қатысты, мұндай рухани тәжірибелермен дайындығы жоқтар 
айналысатын болса, кесел мен әртүрлі психикалық ауытқуға ұшыраулары 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет