Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет115/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

296
V
ІІ

Мистиктердің
 
Құдайы
Я
худилік пен христиандық сынды болмаса да, ислам тұлғаланған Құдай 
идеясын қалыптастырды. Тіпті бұл идеяның дінді ең күшті формада 
жеткізгенін көреміз. Тұлғаланған Құдай монотеистердің әрбір жанды қа
-
сиетті санап, құқықтарын аяққа таптауға жол бермейтіндей бағалауларына 
және адам жауапкершілігіне құрмет көрсетулеріне жәрдем етті. Осылай
-
ша яхуди-христиан дәстүрі Батысқа өте құнды саналатын либерал гума
-
низмді дамытуға септесті. Бұл құндылықтардың өзегіндегі адамның қылған 
ісінің барлығын жасайтын тұлғаланған Құдай да қасиетті саналды: Ол да 
біз сияқты сүйеді, соттайды, жазалайды, көреді, естиді, жаратады және жоқ 
қылады. Яхве тым қатты тұлғаланған Құдай ретінде көрініп, жақсы көруші 
немесе жек көруші адами қыры айқын байқалатын еді. Кейінірек идеяла
-
ры біздікінен тым жоғары, жер-әлемнен биіктеп Транценденттіліктің сим
-
волына айналды. Тұлғаланған Құдай маңызды діни тәжірибені танытады: 
ешбір жоғары құндылық адами құндылықтан төмен саналмайды. Осылайша 
тұлғаландыру маңызға ие болды, кейбіреулер үшін діни және моральдық 
кемелдіктің міндетті сатысы саналды. Израил пайғамбарлары сезімдері мен 
құштарлықтарын Құдайға телитін; Буддизм мен Индуизм өкілдері жоғарғы 
ақиқаттың 
аватарлар
ына адами жақындық сезінуге міндетті. Христиандық 
діни тіршіліктің өзегіне дін тарихында бұрын-соңды болмаған үлгіде ада
-
ми сипат орнықтырды: Яхудиліктен мирасқа алған тұлғаландыруды соңына 
дейін жеткізді. Белгілі бір жерге дейін мұндай ұқсату мен жақындастыру 
болмаса, діннің тамыр жаюы мүмкін еместей көрінеді. 
Бір жағынан, тұлғаланған Құдай қауіпті проблемаларға да себеп болуы 
мүмкін. Өз қиялымызбен қалыптанған, біздің шектеулі қажеттіліктеріміздің, 
қорқынышымыз және қалауларымыздың көрінісі іспетті қарабайыр пұтқа 
да айналуы демде. Біздің ұнатқанымызды ұнатып, жек көргенімізді жек көре 


297
береді. Көрсоқыр пікірлерімізді қиратудың орнына, оны қуаттап отыратын
-
дай етіп жасап алуымыз да ғажап емес. Пәлекеттердің алдын ала алмай
-
тын, тіпті кейбір трагедиялар болған сәтте қатыгез, жаны ашымайтын, мұның 
бәрін өзі қалайтын бейнеге кіруі де мүмкін. Бұл апаттарды Құдайдың қала
-
уы деп түсіну – қате сенімге ұрындырып, түбегейлі дұрыс емес дүниелерді 
қабылдауға итермелейді. Құдай тұлғаланған кезде жынысқа ие болуының 
салдарлары қауіпті: адам ұрпақтарының жартысын құрайтын еркектерді 
көтере отырып, әйелдерді төмендетуге, онымен қоймай жыныстық әдептен 
ада неврозға, тепе-теңдікті сақтай алмауға жол ашуы кәдік. Осылайша, ада
-
ми қасиетке ие Құдай қауіпті болуы мүмкін. Бізді шектеулеріміздің сыртына 
шығарудың орнына, солардың қамауында қалуға үндейді. Бізді тас жүрек, 
қатыгез, тоқмейіл және Өзін көбіне асыра сілтеуші кейіпте танытқанындай 
қалыпқа салуы мүмкін. Барлық дамыған діндерге тән мейірімді паш етудің 
орнына, бізді жазғырушы, жазалаушы және радикал етуі мүмкін. Осылайша 
тұлғаланған Құдай идеясы – діннің дамуының тек белгілі бір сатысы секілді 
көрініс береді. Әлем діндерінің барлығы бұл қауіпті түсінді және Жоғары 
Ақиқаттың тұлғалана танылуын бұзуға талпынған сияқты көрінеді. 
Яхудилік Киелі жазбалардағы қауымдық әрі тұлғаланған Яхвенің тәрк 
етіліп, 
YHVH
ге айналу тарихын осыған жатқызуға болады. Үш монотеистік 
діннің ең тұлғаланған Құдай түсінігіне ие христиандық тірілген Құдайы культін 
Үштік догмасын қабылдау арқылы қасиетті етуге тырысты. Мұсылмандар 
Құрандағы Құдайдың адам сияқты көретінін, сезетінін және ойлайтынын 
білдіретін фрагменттерден аз уақыт ішінде қиындық көре бастады. Үш 
монотеистік дін де Құдайларын тұлғалық категорияның шеңберінен 
шығаратын Нирвана және Брахмандық Атманға өте жақын, тұлғалық 
шеңберден тысқары ақиқатқа ұқсас мистикалық дәстүр қалыптастырды. 
Шын мистикаға бейім қабілеті бар адамдар саны өте аз, бірақ үш дінде де 
(Батыс христиандығын – Католиктерді қоспағанда) мистиктердің бастан 
кешірген Құдайы көп өтпей соңында мұсылмандар қабыл еткен қалыпты 
Құдай болып шықты. 
Тарихи монотеизм әуел бастан мистикалық табиғатқа ие емес еді. 
Будда секілді тұлға мен пайғамбарлардың таным негіздерінің арасындағы 


298
тәжірибелік ерекшеліктер жайында бұдан бұрын айтқан болатынбыз. 
Яхудилік, Христиандық және Ислам негізінде белсенді діндер, Құдайдың 
қалауының көкпен қатар, жерде де жүзеге асуына мән береді. Бұл пайғамбар 
діндерінің негізгі мотиві Құдай мен адам арасындағы жүздесу немесе 
адами байланыс. Бұл Құдай құбылыстарға қатысты бұйрық беруші ретінде 
өмір сүреді; бізді өзіне шақырады; Оның мейірімі мен қалауын қабыл ету 
немесе оған қарсы келу таңдауын өзімізге қалдырады. Бұл Құдай адам 
ұрпақтарымен үнсіз ойлану жолынан гөрі диалог құру арқылы байланыс 
құруды жөн санайды. Байланыстың өзегі саналатын Сөзді сөйлейді; бұл 
дүние тіршілігінде кемшілік пен трагедияға толы шарттардың қиындығымен 
көрініс табады. Христиандықта Үштіктің ең көп адамиланған қыры Құдаймен 
байланысты махаббат арқылы құруы болатын. Бірақ сүюдің мақсаты, бір 
жағынан алғанда, адамдық «меннің» жойылуын білдіреді. Тілдің өзі шектеулі 
қасиет болуы мүмкін, өйткені бізді осы дүниелік тәжірибелеріміздің 
ұғымдарының ішінде қалдырады. 
Пайғамбарлар мифтерге қарсы соғыс ашты: мифтің Құдайы мифтердің 
заманынан, әуелгі, киелі уақыттардан гөрі тарихта және күнделікті саяси 
оқиғаларда белсенді көрінеді. Монотеистер мистицизмге жүгінгенде, 
мифология діни тәжірибенің негізгі құралы ретінде өзін жаңаша көрсетеді. 
«Миф», «мистицизм» және «мистика» сөздері арасында тілдік тұрғыдан 
байланыс бар. Бәрі де Грекше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет