Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет123/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Иләһи Махаббат Гимні
нде 
адамзаттың Құдайлануіне байланысты ескі грек догматын Афанасий мен 
Максим сипаттағандай бітімде аударған еді:
Ей, ешкім ат бере алмайтын, тұтасымен атаудан ада жарық.
Ей, көп есімге ие, әр затта қолтаңбасы бар нұр.
Сен мақұлықтармен қалайша тұтаса араласып кетесің?
Қалайша өзгеріссіз қала отырып әрі қол жетпес бола тұрып,
Өсімдіктің негізін бұзбастан қорисың?
368
Бұл өзгерісті жүзеге асырған Құдайды сипаттаудың пайдасы жоқ. Ол сөз 
бен сипаттаудан жоғары. Бірақ адам ұрпағының болмысының тұтастығын 
бұзбай қамтыған және өзгерткен бір хәл ретінде «Құдай» бас тартылмас 
ақиқат еді. Гректер Құдай жайында Үштік һәм Инкарнация секілді догмат
-
тарда басқа монотеистерден ерекшеленетін, бірақ мистиктерінің бастан 
кешірген тәжірибелері мұсылман және яхуди мистиктерінің бастан кешір
-
ген хәлдерімен өте ұқсас болатын.
Мұхаммед пайғамбардың басты қайғысы – әділетті қоғам құру болуымен 
қатар, өзі де, кейбір серіктері де мистикаға іш тартатын және мұсылмандар 
аз уақыттың ішінде өздеріне тән ерекше мистика дәстүрлерін қалыптасты
-
рды. Сегізінші және тоғызыншы жүзжылдықта басқа ағымдармен қатар, Ис
-
ламда да аскетизм формасы бой көрсете бастады. Аскеттер сарайдағы шек
-
тен тыс байлық пен алғашқы 
үмметтің
жүрегіндегі жалынның тәрк етілуіне 
қатысты көзқараста Мутазила мен Шииттер секілді қауіптенетін. Мәдина
-
дағы алғашқы буын мұсылмандардың қарапайым тіршілігіне қайтуға ты
-
367 Ethical Orations, 5. 
368 Hymns of Divine Love 28.114–115, 160–162.


317
рысып, пайғамбар жақсы көрді делінген, дөрекі көрінетін жүннен тоқылған 
киімдер (арабша: суф) киетін. Нәтижесінде сопы ретінде танылды. Қоғамдық 
әділдік олардың сенімінде маңызын сақтады; соңғы кезең Француз ғалымы 
Луи Массиньон айтқандай:
Мистикалық қабілет – саналы түрде қоғамдық әділетсіздіктерге қар
-
сы, тек басқалардың емес, айрықша және ең әуелі адамның өз қателік
-
теріне қарсы, алапат құмарлықпен Құдайды табу үшін ішкі арылу жо
-
лымен бар назарды қалауына бағыттаған, ішкі төңкерістің нәтижесі.
369
Сопылардың әуелгіде басқа ағымдармен ортақ тұстары көп еді. Осылай
-
ша атақты Мутазила ойшылы, рационалист Уасл бин Ата (748 ж.ө.), кейінірек 
сопылықтың бабаларының бірі ретінде құрметке бөленетін Мәдиналық за
-
хид Хасан Басридің (728 ж.ө.) шәкірті болған еді. 
Ғұламалар
Исламды жалғыз тура дін ретінде басқа діндерден қатқыл 
пішінде айыруға кіріскен-ді, бірақ сопылық, жалпылама алғанда, Құранның 
тура жолға бағыт алған барша діндердің бірлігі жайындағы көзқарасынан 
айнымады. Мысалы, көптеген сопылар Исаға батини өмірдің пайғамбары 
ретінде құрмет көрсететін. Тіпті кейбірі кәлима-и шахадатты да өзгертіп 
«Алладан басқа Құдай жоқ, Иса Оның пайғамбары» деген еді. Бұл жалпы 
ақиқат ретінде дұрыс болғанымен, саналы түрде жасалған арандату сынды 
көрінетін. Құран қорқыныш пен үрей желі ескен әділ Құдай жайлы айтып 
тұрса да, алғашқы аскет әйел Рабия (801 ж.ө.) махаббат жайлы, бір шетінен 
христиандарға өте таныс махаббат туралы толғайтын:
Сүйем сені екі жүзді сезіммен: менмен мінезбен. Және Саған ең 
лайықты жолменен.
Бұл – өзімшіл махаббат. 
Әр демімде Сені ойламай тұра алман! 
Сен жаратқан жүректегі ең пәк сезіммен – 
369 Encyclopaedia of Islam (1st ed. Leiden 1913), entry under «Tasawwuf».


318
Қайран қалған назарымнан пердені түріп қалдың Сен. 
Онда да, мұнда да мақтау алар жайым жоқ: 
Бар мақтауға лайықты тек қана Сен сүйгенім!
370
Бұл оның атақты дұғасы «Я, Құдайым! Тозақтың азабынан қорқып саған 
табынып, Саған Жәннатты үміт қылған күйде құлшылық қылсам, мені Жән
-
натыңнан шығар; ал егер Саған тек Сенің разылығың үшін құлдық еткен 
болсам, Әзали Сұлулығыңды менен жасырма»
371
дегенімен мағыналас 
еді. Құдай махаббаты сопылықтың басты ерекшелігі болды. Сопылар Таяу 
Шығыстағы христиан аскеттерінен әсерленген болуы мүмкін, алайда Мұ
-
хаммедтің ықпалы ең басты негіз екені даусыз. Олар Мұхаммедке уахи кел
-
ген кездегі хәлге ұқсас Құдай тәжірибесін бастан кешіруге үміттенді. Оның 
мистикалық тұрғыдан көкке көтерілуі табиғи түрде Құдай тәжірибесінің па
-
радигмасы ретінде қабылданды. 
Сопылар бүкіл әлемдегі мистиктерге өзгеше сана-сезім тудыруға септе
-
сетін психотехникалық жаттығуларды сыйлады. Мұсылман ережесінің негізгі 
шарттарына ораза, түнгі құлшылық және Алланың есімдерін мантра секілді 
өте көп зікір етуді де қосты. Бұл тәжірибелердің әсері кей ретте мағынасыз 
және шектен шыққан әрекеттерге жол ашып, мұндай мистиктер «мастық 
хәлдегі сопылар» деп танылды. Бұлардың алғашқысы – Әбу Язид Бистами 
(874 ж.ө.). Бистами Рабия секілді Құдайға ғашықтық жолымен жақындауға 
тырысты. Адам пендеуи ғашықтықта бір әйелді разы етуге талпынғаны си
-
яқты, Алланы риза етуі тиіс, өз нәпсісінің қажеттіліктері мен қалауларын 
Ғашығымен бір болу жолында құрбан ету керек деп сенді. Алайда бұған қол 
жеткізу үшін пайдалы деп тапқан өзін-өзі бақылауда ұстау жаттығулары 
тұлғаланған Құдай ұғымынан жоғары тұрды. Өз менінің 
(нафс)
ақиқатын та
-
нығанда Құдай екеуінің арасында ешкімнің жоқ екенін сезді; шынында да 
«нәпсі» деп білген барлық құмарлық атаулы еріп кеткендей болды: 
370 Trans. R. A. Nicholson, quoted in A. J. Arberry, Sufism, An Account of the Mystics of Islam (London, 1950), p. 43.
371 Quoted in R. A. Nicholson, The Mystics of Islam (London, 1963 ed.), p. 115.


319
Аллаға ақиқат көзімен қарадым және Оған: «Бұл кім?» дедім. «Бұл 
сен де, мен де емеспін» деді, «Менен басқа Құдай жоқ». Одан соң мені 
менімнен суырып алды да, Өзінің ішіне алды.... Содан соң Онымен 
Оның Жамалындағы тілмен сөйлестім және «Сенімен менің арамызда 
қандай қашықтық бар?» дедім. Ол «Мен Сендемін; Сенен басқа Құдай 
жоқ» деді.
372
Бұл «жердегі» Құдай сырттағы трансцендентті бір Құдай емес-тұғын. 
Құдайдың құпия формада адамның ішкі әлемінің ең түкпіріндегі «менімен» 
бірдей екендігі ашылар еді. «Меннің» бұлай жүйелі түрде жойылу процесі 
шексіз һәм сипаттауға келмейтін ақиқатта балқып ерігендей сезімге бөлей
-
тін. Осылай жоқ болу сатысы 
(фәна)
сопылық идеяның орталығы болды. 
Бистами Шахадатты көптеген Мұсылмандар секілді Құранда әмір еткен
-
дей мойынсұнушылықты білдіретін 
Ислам 
мағынасында емес, адасушылық 
ретінде көрінетін формада жаңаша интерпретациялады.
«Сергек сопылар» ретінде танылған басқа сопылар қалыпты, тебірені
-
стері тізгінге келетін рухани жолды таңдады. Келешектегі барша мұсылман 
мистицизмінің фундаменталды жоспарын сызып берген Жунайд әл-Бағда
-
ди (910 ж.ө.) Бистамидің радикалды көзқарастарының қауіпті екендігіне 
сенетін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет