«Shiur Qomah»
бізге
Құдайды өлшеудің немесе адами ұғымдарға сыйғызудың пайдасыз екенін
ұқтыруға тырысады. Бұған тырысудың өзі мағынасыздықты білдіреді және
бізге Құдайдың трансценденттігі жайында жаңаша тәжірибеге қол жет
-
кізуімізге септеседі. Көптеген яхудидің тұтасымен рухани ақиқат саналатын
Құдайды өлшеу секілді мәнсіз әрекетті зындық деп танулары таңғаларлық
емес.
«Shiur Qomah»
сынды эзотерикалық мәтіндердің надандардан жырақ
ұсталуының себебі осы. Нәтижесіне қарағанда
«Shiur Qomah»
оған дұрыс
кейіпте рухани жолбасшының жетекшілігімен дайындық арқылы жүгінген
рухани шеберлерге Құдайының адами категориялардан тысқары трансцен
-
денттігі тақырыбында жаңаша көзқарас қалыптастыруына септеседі. Әрине,
сөзбе-сөз ұғу мақсат етілмеген; әрине, ешбір құпия ілімді түсіндірмейді. Ру
-
хани берекет пен ғаламат сезімді бастан кешіретін рух хәлін оятуды мұрат
тұтқан.
Shiur
бізді Құдайдың мистикалық бейнесіне қатысты үш дінге де ортақ
саналатын екі маңызды ұғыммен таныстырады. Біріншісі – мәтін елесі, екін
-
шісі – тілмен жеткізуге келмейтін қыры.
Shiur
де сипатталған мистиктердің
сапар соңында көргендері – Құдайдың елесі. Бұл Құдайдың мейірім, ша
-
пағат, жақсы көру сынды тұлғалық ешқандай да қыры жоқ; шынында да
Оның қасиеттілігі бұл жерде тым жат көрінеді. Алайда мистик-қаһармандар
Оны көрген кезде Ол жайында ешқандай мәлімет бермесе де, ғаламат сезім
әсерін қалдыратын шумақтар арнай бастайды:
Кие мен Күш, аса зор Құрмет, қаһарлы, үрейленіп, торығатын —
Жаратушы Адонай, Исраилдың Құдайының қасиеті осындай, Ол
305
тағында Құдіретімен әмір етеді. Ішін де, сыртын да киімі көмкерген
және
YHVH, YHVH
деп жазылған.
Ешбір назар олардың тамашасына шыдас бермейді – ет пен теріден
болған көздер де, қызметшілерінің көзі де дәрменсіз
348
Егер біз Яхвенің бейнесін елестете алуға күшіміз жетпесе, онда Құдай
-
дың өзін көруді қалайша армандаймыз?
Алғашқы Яхуди мистикалық мәтіндерінің ең атақтысы қалай болғанда да
бесінші ғасырдың ескерткіші саналатын
Sefer Yazirah
(«Жаратылыс кітабы»)
болуы тиіс. Бұл жерде жаратылыс барысын шынайы бейнеде түсіндіруге
тырысушылық жоқ; түсіндірмелер еш қорқынышсыз символикалық мәнде
және Құдайдың дүниені тілдің көмегімен, кітап жазғандай жаратқанын
айтады. Бірақ тіл түбегейлі өзгертілген және жаратылыс үндеуі ешқандай да
ашық, айқын емес. Иврит әліппесінің әр әрпіне бір сан берілген; әріптерді
киелі сандармен теңестіріп шексіз қосындылар мен реттеулердің арқасында
мистиктің санасын сөздердің тура мағынасынан арылтады. Мақсат – ақылды
оқшау қалдыра отырып, яхудилерге ешбір сөз бен ұғымның Оның Құпия
Есімі білдіретін ақиқатты таныта алмайтынын, бұған дәрменсіз екенін
ұқтыру.
Сонымен қатар тілдің шектеулерінің ішінде қалдырып және оны тілден
тысқары мағыналарға байлап, Құдайдың мүлдем басқаша екендігін ұқтыра
-
тын сезім жарату. Мистиктер сезімге бай досы санайтын және әкелерінен де
жоғары сакралды тәжірибені бастан кешірткен Құдаймен ашық және тіке
-
лей диалог құрудың жолына түспеген-тін.
«Тақтағы Мистицизм» бұл сипаттағы жалғыз құбылыс емес-тұғын. Пайғам
-
бар Мұхаммедтің Арабиядан Иерусалимдегі Қасиетті Төбеге жасаған Түнгі
Сапарында осыған ұқсас тебіреніске бөленгені айтылған. Түсінде Жәбірей
-
іл оны қанатты атпен тасыған. Қалаған жеріне жеткен соң Мұхаммедті
Ибраһим, Мұса, Иса және рисалат міндетін арқалап өткен көптеген пай
-
ғамбарлар күтіп алады. Жәбірейіл мен Мұхаммед баспалдақпен көтеріліп,
348 Translated in T. Carmi, ed. and trans., The Penguin Book of Hebrew Verse (London, 1981), p. 199.
306
қауіпті сапарларын
Достарыңызбен бөлісу: |