Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет117/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(Ma’аseh Merkava)
көбіне Жаратылыс әңгімесінің 
(Ma’aseh Be
-
reshit) 
мағынасы жайындағы көзқарастармен байланыстырылды. Құдайдың 
ең жоғарғы көктегі тағынан құпия түрде енуіне қатысты айтылған ең ескі 
түсіндірме осы рухани сапардың қорқынышты қауіптерін тілге тиек етеді:
Раввиндеріміз былай үйреткен: төрт адам Баққа енді, олар мыналар еді: 
бен Аззай, бен Зома, Агер және Раввин Акива. Раввин Акива айтты оларға: 
«Таза мәрмардан болған асыл тастарға жеткен кезде «Су! Су!» деп айқай
-
лап жүрмеңдер. Өйткені: «Кім өтірік айтса, Менің көзімнің алдына қабыл
-
данбайды» делінген». Бен Аззай көрді де, жан тапсырды. Ол жайында Киелі 
Кітапта былай делінген: «Құдайдың көзінде әулиелерінің өлімі бағалы». Бен 
Зома көрді де таң қалды. Ол жайында Киелі Жазбада: «Балды таптың ба? 
Мөлшермен дәм тат, осы жерде тоясың иә құсасың» делінген. Агер тамы
-


301
рынан ажырады [яғни жолдан тайды]. Раввин Акива бейбіт түрде оралды.
344
Тек Раввин Акива ғана мистикалық жолдан жарақатсыз шыға алатындай 
қабілетке ие еді. Сананың тереңіне бойлау үлкен тәуекелді қажет етеді, өй
-
ткені ол жақтан тапқан дүниелерімізді ақтаруға күшіміз жетпеуі де мүмкін.
Барлық діндер мистикалық жолдың тәжірибесін бағыттай алатын, талап 
қылушыға қауіпті асулардан өтер тұста көмек ете алатын және мұрттай 
ұшқан бен Аззай немесе бен Зома секілді алжып кетпес үшін жол көрсетер 
ұстаздың болуына баса назар аударды. Барлық мистик ақыл мен саналық 
қабілеттің қажеттілігін қуаттайды. Дзен ұстаздары неврозға ұшыраған бір 
кісінің терең ойға беріліп жатырмын деп ойлауы бос сөз, өйткені оның тек 
дерті қозғаннан басқа алар пайдасы жоқ дейді. Мистик ретінде құрметке 
бөленген кейбір католик әулиелерінің мағынасыз һәм ақылға сыймас әре
-
кеттері ауытқушылық ретінде бағалануы тиіс. Талмұд аңыздарындағы бұл 
құпия әңгімелер яхудилердің бұрыннан мистикалық жолдың қауіп- қатер
-
лері жайлы түсініктері бар болғандығын көрсетеді: кейінірек жастарды то
-
лыққанды жетілгенге дейін Каббала іліміне шәкірт ретінде қабыл етпейтін 
болды. Мистиктің айрықша жыныстық саулығына кепілдік болу үшін үйлен
-
ген болуы міндетті еді. 
Мистик жеті қат көктің мифологиялық әлемінде Құдайдың Тағына сапар 
шегуге міндетті еді. Алайда бұл тек елестету қабілетімен жүзеге асатын ұшу 
саяхаты саналатын. Ұшу ешқашан сөзбе-сөз ұғынылмайтын және әрдайым 
сананың тылсым қабаттарында жүзеге асатын символикалық сапар ретін
-
де бағаланатын. Раввин Акиваның «саф мәрмар тастар» жайындағы құпия 
ескертуі мистиктердің елестету қабілетімен жасалған рухани сапарларын
-
дағы маңызды һәм шешуші сәттерде айтатын құпия сөз секілді қабылдануы 
тиіс. Бұл құпия сапар өте терең, мұқият жүйеленген ілімнің бір бөлігі ретінде 
ұғынылуы керек. Бүгін елестер жиынтығы ретінде танылған түпсанадағы дү
-
ниелер түс, галлюцинация немесе эпилепсия және шизофрения секілді сана 
сырқаттары арқылы көрініс беретінін білеміз. Яхуди мистиктері «шынында 
344 Hagigah 14b, 
с
фрагментами
из
Пс
. 101:7, 116:15, 25:16.


302
да» көкке самғағандарын немесе Құдайдың сарайына кіргендерді қиял
-
дамайтын, оның орнына саналарына толтырған діни елестерді бақылауда 
ұстап, сергек дағдыға тәрбиелейтін. Бұл жоғары қабілетті, белгілі бір дағды
-
ны және тәрбие жүйесін қажет ететін. Тұлғаның рух әлеміндегі жықпылы 
көп жолдардың арасынан дұрыс соқпақты табуға септесетін Дзен және Йога 
ілімдері секілді, бұл жерде де дәл сондай терең тебіреніс қажет. Бабылдық 
ойшыл Хай Гаон (939-1038) өз заманындағы мистикалық тәжірибелерге 
сүйеніп, жоғарыда айтылған төрт данышпан туралы баяндаған. «Бақша» - 
рухты, «Көк Сарайлар» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет