Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет116/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

musteion
сөзінен шыққан: көзді немесе 
ауызды қолмен жабу дегенді білдіреді. Осылайша үш сөз де үнсіздік пен 
қараңғылықтағы тәжірибеден бастау алады.
343
Бүгін бұлар Батыста кең та
-
ралған сөздер емес. Мысалы «миф» сөзі жалған, өтірік дегеннің синонимы 
ретінде қолданылады: халық тілінде миф - дұрыс емес, өтірік дүние. Бір сая
-
саткер немесе кино жұлдызы әрекеттерін әшкерелеген хабарлардың «миф» 
екендігін айтып жоққа шығарады. Ғалым адам бұрынғы қате көзқарастары
-
на «миф» деп анықтама береді. Ағартушылық кезеңнен бері «миф» айқын
-
далуы тиіс бір нәрсе ретінде қаралды. Көбіне шиеленісіп кеткен істермен 
байланыстырылады. Америкада детектив әңгімелерді «мистика» дейді және 
343 John Macquarrie, Thinking About God (London, 1957), p. 34.


299
мұны біраз да болса қанағаттандырарлықтай қолданыс деуге болады. Дін
-
дар адамдардың өзі Ағартушылық кезеңнен бастап «мистиканы» жағымсыз 
мағынадағы сөз ретінде қабылдай бастағанын байқаймыз. Мистицизм де 
дәл сол секілді көбінесе тәуіптермен, дүмшелермен және хиппилер қозға
-
лысымен байланыстырылады. Батыс ешқашан мистицизмге бейім болмаған. 
Осыған байланысты дүниенің төрт тарабында мистицизм шырқау биікке кө
-
терілген тұстардың өзінде де руханилықтың осы формасына қатысты ілім 
мен түсінік қалыптастыра алмады. 
Алайда жағдайдың басқаша өрби бастағанына да куә бола бастағандай
-
мыз. 1960-шы жылдардан бастап Батыстықтар белгілі бір йога түрлерімен, 
буддизмнің пайдалы қырларымен таныса бастады; пайдасыз теизмнің ықпа
-
лында қалмаудың артықшылықтарын көре бастаған бұл бағыттар Еуропа 
мен Америка Құрама Штаттарында көптеген жақтастар тауып жатыр. Мифо
-
логия жайлы жазған марқұм америкалық ғалым Дозеф Кэмпбелдің соңғы 
кезде атағы жер жарды. Батыстағы психоанализге артқан қызығушылық 
мистицизмге деген сұранысты білдірсе керек, өйткені екі ілім арасында на
-
зар аударарлықтай ұқсастық барын көреміз. Мифология жалпылама алған
-
да рухтың ішкі әлемін түсіндіруге қатысты әрекет ретінде танылған және 
Фрейд те, Юнг та жаңа ілімдерін түсіндіру үшін интуитивті түрде ежелгі Грек 
мифтеріне – мысалы Эдипке – жүгінген. Қысқасы, Батыстықтардың нақты 
ғылымға негізделген дүниетанымдарын толықтыра алатын бір дүниеге 
мұқтаждық сезініп жатқандары байқалады. 
Мифтік дін интеллектуалды дінге қарағанда көбіне нақты және қиын 
сәттерде молырақ жұбаныш сыйлайды. Мистикалық ілім сенушілерді әзәли 
Бастауға, ақиқат Бірлікке жетуге тәрбиелейді және өз іштерінде әрдайым 
Болмысты сезінуге көмектеседі. Алайда ІІ-ІІІ ғасырлардағы ежелгі Яхудилік 
мистицизм оларға өте күрделі болды, оларға Құдай мен адам арасын ал
-
шақтататын бір ілім болып көрінді. Ол кезеңде яхудилер өздерін жек көріп, 
қуғынға ұшыратқан зұлматқа толы күйбең тіршіліктің құрсауынан арылып, 
Құдайлық мейірімнің құшағына кіруге тырысты. Құдай оларға тек жеті қат
-
тан, көктегі қауіпті сынақтардан аман шыққан соң ғана жақындауға мүмкін
-
дік туатын құдіреті күшті әмірші ретінде елестеді. Мистиктер раввиндердің 


300
қарапайым тілімен баяндаудың орнына күрделі һәм көп сөзді әдісті қол
-
данды. Раввиндер бұл руханилықты жек көрді және мистиктер де олармен 
сөз таластырмауға тырысатын. Дегенмен бұл «Тақтағы Мистицизм» деп 
аталған маңызды сұранысты қанағаттандырып келген болуы мүмкін, өйткені 
раввиндердің жоғарғы академиясының жанында қатар дамып отырды және 
соңында барып он екі, он үшінші ғасырларда жаңа Яхуди мистицизмі Каб
-
баламен тұтасып кетті. Бесінші және алтыншы ғасырларда Бабылда түзілген 
«Тақтағы Мистицизмнің» классикалық мәтіндері рухани тәжірибелер тұрғы
-
сынан үнсіз мистиктерді раввиндердің дәстүріне өте жақын санағандары 
байқалады және Раввин Акива, Раввин Исмаил және Раввин Иоханан секіл
-
ді ұлы 
таннайм
дері бұл рухани жолдың қаһармандары саналған. Бұл ми
-
стиктер жұрты үшін Құдай дәргейіне жаңа бір жол салумен қатар Яхудилік 
рухына айрықша биіктік сыйлады. 
Байқағанымыздай, раввиндер кейбір назар аударарлықтай діни тәжіри
-
белерді бастан кешірген. Киелі Рухтың Раввин Иоханан мен шәкірттеріне 
көктен от секілді түскен сәтіндегі оқиғада Иезекиилдің Құдайдың арбасы 
жайындағы куә болған таңғажайып көріністері әрдайым тартысты тақы
-
рып боп келді. Арба және Иезеклдің арбада отырғанын көрген құпия тұлға 
алғашқы эзотерикалық ой-танымның тақырыптарының бірі саналды. Арба
-
ның талқысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет