Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет124/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Фәна 
- жоқ болу, жаңаша «менге» айналуы үшін 
бәқа
(қайта жан
-
дану) хәлімен алмастырылуы шарт. Құдаймен тұтасу біздің табиғи қабілет
-
терімізді жоқ қылмай, оларды толыққанды қолдануымызға септесуі шарт. 
Сопы өз жүрегіндегі иләһи болмысты ашып тануына кедергі келтіретін 
«менінен» құтылғаннан соң, бұдан да жоғары деңгейге өтіп, өз шындығы 
мен өзін бақылай алу қабілетін шыңдауы қажет. Толық адамға айналуы тиіс. 
Яғни 
фәна
мен 
бәқа
хәлдерін бастан кешіргенде, сопылар грек христиан
-
дары «Құдайлану» деп атаған деңгейге келгендей болатын. Жунайд барша 
сопылық ізденісті «адамның жаратылған сәтіндегі алғашқы хәліне қайта 
оралуы» деп білді: Құдай қалаған идеал адамға оралу еді бұл. Сонымен қа
-
372 Narrative, quoted in Marshall G. S. Hodgson, The Venture of Islam, Conscience and History in a World Civilization, 3 vols. (Chicago, 
1974), I., p. 404.


320
тар болмысының Түпбастауына оралу. Айырылу мен жатсыну тәжірибелері 
сопылар үшін платоншылар мен гностиктердегідей орталық маңызға ие 
болды. 
Бәлкім, психоаналитиктер мұны иләһи емес бір бастауға тән дер, деген
-
мен бұл фрейдшілер мен клейншілер бүгін талдап жатқан «жатсынудан» 
тым қатты өзгеше емес еді. Жунайд өзі секілді сопы жетекшінің 
(пір)
бақы
-
лауындағы жүйелі һәм белсенді рухани жаттығулар арқылы Мұсылмандар 
Жаратушы Иелерімен тұтасып, Құранда айтылған алғаш рет Адамның белі
-
нен шығарылған кезде сезінгеніндей, Құдайдың абстрактілі болмысын өзі
-
не тән ақиқат пішінде сезіне алады деп үйрететін. Бұл айырылысу мен мұң
-
ның аяқталар тұсы бар, адам Құдай дап таныған ішкі әлемінің терең қатпа
-
рындағы «менімен» қайтадан тұтасады. Құдай бөлек, субъективті бір ақиқат 
және үкім кесуші емес, әркімнің болмысының түпбастауындағы шындық еді:
Я, Раббым, енді ұқтым, 
Жүрегімде жатқан не? 
Дүниеден бөлек, құпияның ішінде,
Сүйіктіммен сырластым.
Осылайша екеуміз
Тұтастық та, Бір болдық. 
Онсыз да айырылысу – 
Мәңгі біздің жолымыз.
Назарымдағы шексіздік пен Терең сезім,
Жүзіңді жасырса да.
Таңғажайып әрі рақатқа толы Рақымыңмен
Ішкі әлемімді қозғағаныңды сездім.
373
373 Quoted in Arberry, Sufism, p. 60.


321
Бірлікке қатысты ерекше назар Құрандағы таухид идеалына барып тіре
-
леді: шашырап кеткен «менін» бір арнаға жинап, мистик толық адам ретінде 
кемелденген сайын Иләһи болмыстың тәжірибесін бастан кешіреді.
Жунайд мистицизмнің қауіптерінен терең хабардар еді. 
Пір
дің насиха
-
тынан мақұрым әрі қатал сопылық тәрбиеден өтпеген адамдарға бір ми
-
стиктің шаттық сезімін дұрыс түсінбей, сопы Құдайымен тұтасқанын айтқа
-
нында, мұны қарабайыр мағынада ұғуы оңай еді. Бистами сияқтылардың 
шектен шыққан көзқарастары, әрине, билеушілердің ашуын шақыратын. Бұл 
алғашқы кезеңде сопылық кішкентай азшылықтың қозғалысы-тұғын және 
ғұламалар
әдетте оған сәтсіз жаңалық ретінде қарайтын. Жунайдтың атақты 
шәкірті Халлаж Мансұр атымен танылған Хусейн ескертулерге құлақ аспа
-
ды және мистик сенімнің шәһиты болды. Иракты кезіп, Халифалықтың төң
-
керілуі мен жаңа низамның құрылуын уағыздаған Халлажды құзіреттілер 
абақтыға жапты. Өзі сүйген қаһарманы Иса секілді айқыш ағашқа керілді. 
Шаттық хәліндегі Халлаж жоғары дауыспен: «Мен Хақпын!» [Ән әл-Хақ] , - 
деп айқайлады. Інжіл бойынша Иса да өзін Тура жол, Ақиқат және Тіршілік
-
тің Көзі дегенінде дәл осыны дәлелдемек болып еді.
374
Құран әркез хри
-
стиандардың Құдайы Иса ретінде инкарнацияланды деген сенімін күпірлік 
ретін айыптаған болатын, осыған сәйкес Мұсылмандар Халлаждың шаттық 
хәлдегі жанайқайынан үрейленген болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет