326
Сухрауарди өзінің нұрланып, ішкі көзінің ашылуын
Хикмет
інде түсіндіріп
өткен. Эпистемологиялық мәселелерге бас қатырып, шешім жолын табуға
тырысады, кітаптардан оқығаны оған жол сілтей алмайды. Кейін ол Имамды,
құтб
ты, рухтың емшісін түсінде көреді:
Кенеттен мені мейірім құшағына алды; көз шағыстыратын жарық
сәуле шашылды, одан соң адам пішіндес нұр көрінді. Мұқият қарадым,
ол да сол жерде еді... Маған тура келді, сыпайы, жұмсақ амандасқаны
соншалықты, менің сасқан көңілім басылып, үрейім бұрыннан таныс
жанды көргендей сезіммен алмасты. Сосын мен оған таным жайлы
проблемаларымды айтып, шешім таба алмай жатқанымды жеткіздім .
«Оян, өзіңе кел» деді маған, «сол кезде шешімін табасың».
378
Ояну немесе нұрлану процесі пайғамбарлықтағы ауыр әрі қатал ша
-
быт түрінен өзгеше еді. Будданың үнсіз нұрлануына көбірек ұқсайтын:
мистицизм Бірқұдайлық діндерге байсалды бір руханилық сыйлаған-тын.
Ақиқатпен жанасу арқылы емес, нұрлану мистиктің өз ішінен бастау алатын.
Бір-бірінен айырылып жатқан құбылыс жоқ еді. Мұның орнына адам бой
-
ындағы елестету қабілетінің іске қосылуы адам ұрпағына Құдайға оралуға,
алам әл-мисал
ға, яғни саф бейнелер әлеміне бойлау қабілетін беретін.
Сухрауарди ежелгі Иран сеніміндегі
гетик
тегі (физикалық әлем) әр жан
-
ды мен әр құбылыстың
менок
та (көк әлемі) сәйкесі табылатын өрнек әлемді
қалайтын. Мистицизм Құдай діндерінің тәрк еткен ескі мифологияларын
қайта жандандыратын. Сухрауардидің схемасында
алам әл-мисал
болған
менок
осы әлеміміз бен Құдай әлемі арасындағы өткінші мекен саналатын.
Бұл ақылмен де, сезім жолдарымен де қамтылмайтын. Құран бізге оның
символикалық түсіндірмесі арқылы рухани мағынасын ұқтырғаны секілді,
алғашқы құпия өрнектерді жаңадан ашуға мүмкіндік беретін де елестету қа
-
білеті еді.
Достарыңызбен бөлісу: