Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет118/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

(хехалот) 
Құдайдың дәргейінде рухани кемелдікке 
бөленуді білдіреді. Мұндай символикалық, ішкі әлемде болатын сапарды 
жүзеге асырғысы келетін жан «көктегі арба мен жоғарыдағы періштелердің 
тұрағын көргісі» келсе, «осындай құнды» һәм «белгілі бір рухани қасиеттер
-
мен берекет тапқан» болуы шарт. Бұл өздігінен болмайды. Йогтар және жер 
бетіндегі барлық ой-қуатына күш салушылар қолданған белгілі бір тәжіри
-
белерді жүзеге асыруы тиіс: 
Оған бұйырылған күндерде тамақ ішуді шектеу міндеттеледі, сосын 
басын екі аяғының ортасына салбыратып, жүзін жерге қаратып, іштей 
Құдайға мадақ арнауы тиіс. Сонда ғана ол жүрегінің құпия бұрышта
-
рын аралап көреді, жеті бөлме оның көзінің алдына келіп, бір бөлме
-
ден келесі бөлмеге өтіп жүріп, олардың ішіндегі барлық дүниені тұтас 
қызықтай алады.
345
«Тақтағы Мистицизмнің» ең ескі нұсқалары тек екінші және үшінші ғасы
-
рларға тиесілі болса да, мұндай ой қуатына берілудің тарихы тым арыдан 
басталады. Әулие Павел «Иса Мәсіхпен тұтасқан» бір бауырының он төрт 
жылдай бұрын үшінші қатқа көтерілгенін айтады. Павел бұл құбылысты қа
-
лай түсіндіру керектігіне сенімді емес, бірақ оның «жәннатта таңғажайыпқа 
бөленіп, адам тілімен жеткізу мүмкін емес әрі жеткізілмеуі де тиіс нәрсе
-
лерді сезгеніне» иланады.
346
345 Quoted in Louis Jacobs, ed., The Jewish Mystics (Jerusalem, 1976, London, 1990), p. 23.
346 2 
Кор
. 12:2–4.


303
Сезіну қабілеті – мақсат емес, таңғажайып ұғымдардың мәнін ашатын, 
сөзбен жеткізу мүмкін емес діни тәжірибелерді бастан кешудің құралы. 
Бұлар белгілі бір діни-мистикалық дәстүрлерге сай формасын табады. 
Таңғажайыпты көрген яхуди жеті қат көктің сырын таниды, өйткені оның 
діни елестету қабілеті айрықша осы символдарға толы. Буддистер Будда 
және Бодхисаттваның түрліше елесін көреді; христиандар Пәк Мәриямды 
елестетеді. Көруші жан бұл саналық елестерді объективті деп таныса, қатты 
қателеседі, өйткені бұл Трансценденттінің тек символы ғана. Галлюцинация 
көбінесе патологиялық жағдай болғандықтан, терең ойға берілу мен ішкі 
әлемге үңілу барысында танылған символдарды айтып, оларды түсіндіру 
үшін өте жоғары қабілет пен саналық гармония қажет.
Алғашқы Яхуди елестері жайлы ең қарама-қайшылыққа толы әрі ақылға 
сыйымсыз мәтіндер 
«Shiur Qomah» 
(Биіктіктің Өлшемі) жазбасында көрініс 
тапқан. Бесінші ғасырдағы мәтінде Иезекл Құдайдың тағында көрген ада
-
мын сипаттайды. 
«Shiur Qomah» 
бұл адамды Иоцрену, яғни «Біздің Жара
-
тушы» деп атайды. Құдай көрінісінің таңғажайып сипаттамасы, не болса да, 
Раввин Акиваның өте жақсы көрген, тіпті Інжіл кітаптарынан да артық са
-
наған 
«Өлеңдердің Өлеңіндегі»
фрагменттерге негізделген; бұл мәтінде қа
-
лыңдық жарын былайша сипаттайды. 
Сүйген жарым уыздай жас, жүзі қызыл шырайлы, он мың жігіт арасынан 
көңіл соған құлайды.
Басы оның – саф алтындай жарық нұры шашырар; пальма ағаштың 
бұтағындай, қарға түстес шашы бар.
Көздері оның – көгершіндей хауыз іші қалқыған, аппақ сүтке шомылып 
ап, рахаттан балқыған;
Екі беті сағағындай тербетіліп жай ғана, 
Ерні оның – лала гүлі жұпар шашқан айнала;
Қолы оның – құйма алтын, күміспенен қаптаған,
Қарны оның – піл сүйегі асыл таспен баптаған;
Қос аяғы – мәрмар ұстын жердің бетін таптаған....
347
347
Өлеңдер
5:10–15.


304
Кейбіреулер мұны Құдайдың сипаттамасы деп білді: 
«Shiur Qomah»
авто
-
ры яхудилердің тұтас буынын батылдыққа шақырып, қорқынышқа бөлейтін
-
дей күйде Құдайдың әрбір ағзасын өлшеп-пішуге, сипаттауға кіріседі. Бұл 
мағынасыз мәтінде Құдайдың өлшемдері ақылға қонымсыз. Миға сыйым
-
сыз. Негізгі өлшем бірлігі «фарсах», 180 миллиард «сүйеммен» тең және әр
-
бір сүйем дүниенің бір бұрышынан екінші бұрышына дейін созылып жатыр. 
Бұл ғаламат өлшемдер миға салмақ, оны өлшемек түгілі сипатталған тұлға
-
ны ойға алудың өзінен безінеді. Негізі мақсат та осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет