Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет114/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God


Часть
I. 
Вопросы
1–43. – 
Киев

Эльга
– 
Ника
-
центр

М
.: 
Элькор
-
МК
, 2002. – 
С
. 168.


292
скийді Құдай жайындағы пікірі үшін Батыста кейінірек қалыптасқан көзқа
-
растар негізінде айыптау дұрыс емес. 
Өкініштісі, Аквинский Құдайдың барлығын натурфилософтардың ойла
-
рымен түсіндіріп бастап, Оны басқа да философиялық категориялармен не
-
месе табиғат көріністерімен түсіндіруге болады деген тұжырымға жетеледі. 
Бұл жағдай Құдайды күнделікті құбылыстар сияқты тануға болады деген 
нәтижеге апарады. Аквинский Құдайдың барлығын дәлелдеуде қолданған 
бес «дәлелі» католиктер үшін өте маңызды болды және протестанттар да 
бұған жүгініп отырды:
1. 
Аристотельдің Әуелгі түрткі аргументі.
2. 
Шексіз себептер тізбегі бола алмайтындығын, бір бастаудың болуы ке
-
ректігін алға тартатын «дәлел».
3. 
Ибн Сина ұсынған «Міндетті Болмыстың» болуы керектігін кездейсоқ 
құбылыстарға сүйене отырып дәлелдейтін аргументі.
4. 
Аристотельдің 
Философия
да ұсынған бұл дүниtдегі кемелдік 
иерархиясының барлығының ең кемелі болған Кемелдің керектігі 
аргументі.
5. Ғаламдағы көзге көрінетін тәртіптің тек кездейсоқтықтан бола 
қалмайтынын алға тартып, тәртіп негізінде ғаламның пайда болғанын 
дәлелдейтін аргумент.
Бұл дәлелдер қазір сынға төтеп бере алмайды. Діни көзқарас тұрғысынан 
да, тәртіп ұғымынан да тарқатылған аргументтен бөлек, қалған дәлел 
түрлері Құдайдың жәй ғана басқа бір болмыс, болмыстар шынжырында 
бір алқа секілді көзқарасты туғызып, күмәнға жетелейді. Ол Ұлық Болмыс, 
Міндетті Болмыс, Кемел Болмыс. «Әуелгі Түрткі», «Міндетті Болмыс» сынды 
терминдердің қолданылуы Құдайдың біз білетін болмыстардың бірі 
еместігін, болмыс атаулының себебі мен қажетті шарты деген түсініктің 
тууына әсер ететіні анық. Аквинскийдің мақсаты да сол еді. Бірақ 
Sum
-
ma
ны оқитындар мұндай маңызды айырымды әрдайым жасамайды және 
Құдай жайлы айтқанда Оны барлық болмыстың ең Ұлығы деп таниды. 
Бұл кішірейту немесе қадірін түсіру және бұл Жоғары Болмысты біздің 
санамызда жаратылған, оп-оңай көктегі «Жоғары Менге» айналдырып, 


293
пұт хәліне түсіруі мүмкін. Батыста адамдардың көбі Құдайды осы жолмен 
Болмыс ретінде танып жатыр десек, қателеспейміз.
Құдайды Еуропада жаңа Аристотелизм трендімен байланыстыруға тырысу 
өте маңызды болды. Файласуфтар да Құдай идеясының уақытпен бірге 
ілесіп жүруін қалайтын және архаикалық түсінік ретінде қамауда қалмауын 
ойлап уайымдайтын. Әрбір кезеңде Құдай идеясы және тәжірибесі жаңадан 
жаратылып отыруы керек-тін. Көптеген мұсылмандар бұған қарама- қарсы 
түрде бірауыздан Аристотельдің басқа салаларда, мысалы, жаратылыстану 
ғылымдарында пайдасы жоғары болғанымен, Құдай жайлы ой толғағанда 
соншалықты маңызы жоқ деп ұқты. Аристотельдің Құдайдың табиғатына 
қатысты талқысы оның еңбектерін жүйелеуші тарапынан 
meta ta phisіca 
(физикалық әлемнің ар жағы) деп аталғанын білетінбіз: оның Құдайы мүлдем 
басқа низамның (реттіліктің) ақиқаты болудан гөрі жәй ғана физикалық 
шындықтың жалғасы боп көрініп еді. Сондықтан да мұсылман әлемінде 
Құдай талқысы көбінесе фалсафа мен мистицизм арасында қайнап жатты. 
Ақыл бізді жалғыз өзі «Құдай» дейтін ақиқаттың діни мазмұнына бойлата 
алмайды, дегенмен діни тебіреніс сыни һәм философиялық қорытындыдан 
өтуі тиіс, әйтпесе қойыртпақ, түсініксіз, тіпті кейде менменшіл боп, қауіпті 
сезімдерге жетелеуі де мүмкін. 
Аквинскийдің францискандық замандасы Бонавентура (1221-1274) да 
осыған ұқсас көзқараста-тұғын. Ол да адамдарға екі дүниенің бақытын 
иеленуіне көмектесу үшін философияны діни тәжірибемен қабыстыруға 
тырысты. «
Үш есікті жол»
еңбегінде жаратылыстың әрбір сатысында 
«жаратылыс үштігін» байқап, Августиннің ізімен жүреді және бұл табиғаттағы 
Үштік көіріністерді
 «Сананың Құдайға Сапары»
еңбегіне орталық ұғым ретінде 
алады. Үштікті ақыл күшімен дәлелдеуге болады, бірақ Құдай идеясының 
маңызды компоненті ретінде рухани тәжірибеге басымдық бере отырып, 
рационалды шовинизмнің қаупінен қашады. Христиандық өмір салтының 
ғажап өрнегі ретінде орденнің құрушысы Франциск Ассинскті көрсетеді. 
Оның тіршілігіндегі құбылыстарға қарап, өзі секілді кез келген теолог Шіркеу 
догматтарының дәлелдерін таба алады. Тоскандық шайыр Данте Алигьери 
(1265-1321) Құдайдың көрінісін өз жақыныңнан көруге болады деді. 


294
Данте үшін бұл идеал флоренциялық Беатриче Портенари болды. Құдайға 
қатынастың мұндай адамиланған түрі Әулие Августинді еске түсіреді.
Бонавентура Францисктің құдайлық көріністі талқыға салғанда 
Ансельмнің Құдайдың барлығы тақырыбындағы Онтологиялық Дәлелін де 
қолданады. Ол, «Франсицк адамнан жоғары кемелдікті бұл дүниеде тани 
алды, сондықтан да бұдан ұлығын елестету мүмкін емес, ең Кемелдіні көру 
және тану - біздер үшін осы дүниеде-ақ болуы мүмкін жағдай», - дейді.
340
«Ең Кемел» секілді ұғымды қалыптастыра білуіміздің өзі Құдайдың Аса 
Кемелдігінің де бар екенін дәлелдейді. Платон мен Августиннің үгітінде
-
гідей өзімізді тани білсек, Құдай бейнесінің «ішкі әлемімізді жарқыратып 
тұрғанын» байқаймыз.
341
Бұл ішкі әлемге үңілу өте маңызды. Әрине шір
-
кеу әдебі ішінде болу да маңызды, бірақ христиан әуелі өз бойының терең 
қатпарларындағы «ақылдан да жоғары сатыдағы экстазға хәліне» енуі тиіс 
және біздің адами ұғымдарымыздың шегінен жоғары Құдайды көре алуы 
керек.
342
Бонавентура мен Аквинский екеуі де діни тебіреністі жоғары қойды. Ис
-
лам мен Яхудиліктегі секілді олар да көбіне теологиялық тақырыптарды 
тануда ақылдың мүмкіндігін білетін әрі мистикалық қыры да бар филосо
-
фтардың 
Фалсафа
дәстүріне сүйенді. Діни сенімдерін ғылыми зерттеулер
-
мен толықтырып және мұны қарапайым тәжірибелермен байланыстыра 
алу үшін Құдайдың барлығы тақырыбында рационалды дәлелдер қалып
-
тастырды. Өздерінің Құдайдың барлығы мәселесінде күмәндары жоқ еді 
және көпшілік олардың жетістіктерінің шегі жайында өте жақсы білетін. Бұл 
дәлелдер сенбейтіндерді сендіру үшін дамытылған жоқ, өйткені біздің за
-
манымыздағыдай атеистер ол кезде әлі жоқ еді. Бұл заңды әрі табиғи тео
-
логия, сондықтан да діни тәжірибенің бастауы ғана емес, оның нақ өзі-тін: 
философтар мистикалық тәжірибе иесі болмай тұрып, өзіңізді Құдайдың 
барлығы тақырыбында ақылман жолға шақыруыңыз керек дегенді қабыл 
340
Путеводитель
души
к
Богу
, 6.2.
341 Ibid., 3.1. 
Перевод
В
.
Л

Задворного

Цит

по
изд
.: 
Бонавентура

Путеводитель
души
к
Богу
. – 
М
.: 
Греко
-
латинский
кабинет
Ю
.
А

Шичалина
, 1993. – 
С
. 91.
342 Ibid., 1.7. – 
Цит

изд
. – 
С
. 57.


295
етпейтін. Яхудилік, ислам және грек православиесі әлемінде философтар
-
дың Құдайы тез арада мистиктердің Құдайы боп шыға келетін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет