291
Таяу Шығыстағы Исламды құртуға белсене кіріскенде, Испаниядағы мұсыл
-
мандар Батысқа өз мәдениетін жасауға жәрдем етіп жатқан еді. Фома Ак
-
винскийдің Summa
Theologiae
жүйесі жаңа фалсафа мен Батыс Христиандық
дәстүрін біріктіру ұмтылысы болатын. Аквинский Ибн Рушдтың Аристотель
түсіндірмесінен айрықша әсерленген-тін. Бірақ Ансельм мен Абелярға
қарама-қарсы кейіпте Үштік мистикасының ақылмен танылатындығына
сенбейтін. Ол Құдайдың тіл жетпейтін ақиқаты мен Ол жайындағы адами
догматтарды объективті түрде бір-бірінен айыратын. Дионистің «Құдай
адам ақылымен танылмайды» деген идеясына қосылатын: «бастан-аяқ
адамның Құдай жайында барша білгені, Оны білмегенін білу болғандықтан,
адам Құдайдың ақылға сыймайтынын, Ол жайлы ойлағанымыздан да үстем
екенін білу екендігін де біледі».
338
Summa
ның соңғы сөзін жаздырған кезде
Аквинскийдің көңіл-күйі нашарлап, басын екі қолымен ұстап, қимылсыз
отырып қалғандығы жайлы әңгіме бар. Жазып отырған қызметкерінен не
болғанын сұрағанда, барлық жазғандарының ақиқатпен қауышқан кезде
түк те маңызды болмай қалатынын айтып жауап береді.
Аквинскийдің діни тебіренісін жаңа философиямен байланыста
қалыптауға бет алысы, сенімін басқа ақиқаттармен сабақтастыра отырып,
ақиқаттың басқаша көрінісін өз ішінде матап тастамау үшін маңызды еді.
Шектен шыққан интеллектуализм қауіпті, бірақ Құдай менмендігіміздің
қатпарында мақұлданып қалып қоймасы үшін діни тәжірибенің мазмұны
әрдайым терең ой сүзгісінен өтіп отыруы тиіс. Аквинский Құдайды Оның
өзін Мұсаға танытқанындай анықтайтын: «Мен не болсам да Олмын».
Аристотель Құдайдың міндетті болмыс екенін айтқан-тын: Аквинский де
Құдайды «Болмыс»
(Qui est)
деп анықтап, Інжіл Құдайымен байналыстырып
еді. Бірақ Құдайдың басқаша болмыс атаулыға ұқсамайтындығы жайында
Аквинский өте ашық пікір білдірген болатын. Құдай өзіне тән «Болмыс»
ретінде анықталса лайық: «бұл болмысты бар қалпында
(esse seipsum)
түсіндіреді, мұны басқа ешқандай болмыс түрі біле алмайды».
339
Аквин
-
338 De Potentia, q.7, a.5. ad.14.
339
Перевод
С
.
И
.
Еремеева
.
Цит
.
по
изд
.:
Фома
Аквинский
.
Сумма
теологии
.
Достарыңызбен бөлісу: