334
таныған Құдайдан де өзгеше. Тек қана өз Құдайымызды біле аламыз, өйткені
оның объективті тәжірибесіне ие бола алмаймыз; Оны басқа адамдармен
дәл бірдей формада білуіміз мүмкін емес. Ибн әл-Араби айтқандай: «әркім
өз Құдайы ретінде өзінің жеке Құдайына ие; қалай болғанда да барлығына
ортақ Құдайға ие бола алмайды». Ол мына хадиске сілтеме жасаудан
рахаттанады: «Құдайдың жаратқандары жайлы ойлан, бірақ Оның болмысы
(заты)
жайлы ойланба».
387
Құдайдың барлық ақиқаты білінбейді; өз болмы
-
сымызға тіл қатқан ерекше Сөзге бар назарды салуымыз қажет. Ибн әл-Ара
-
би сонымен қатар, Құдайға жету мүмкін еместігін нақтылау үшін Оны
әл-Â
-
ма,
«Бұлт» немесе «Көрлік» деп айтуды ұнататын.
388
Сонымен қатар адам,
яғни
logoi
Жасырын Құдайдың
өзін-өзі
не де танытатын. Бұл екі тарапты
процесс: Құдай танылу үшін дем шығарады және өзін ашық әрі айқын
қылған адамдардың көмегімен жалғыздықтан шығады. Танылған Құдайдың
мұңы өзін танытқан әрбір адамда сейіледі; адамзаттың себебімен Ол Өзін
Өзі таниды. Мұны былай түсіндірсе де болады: Әрбір адамдағы Танылған
Құдайдың сағынышы өз бастауына ұмтылады, иләһи сағыныштың мұңымен
ауырады, бұл біздің Құдайға деген ұмтылысымыздан көрінеді.
Осылайша иләһи һәм адами ақиқат – тұтас ғаламға жан беретін Құдайлық
тіршіліктің екі қыры. Бұл көзқарас гректердің Исаның инкарнациясы
түсінігінен өзгеше емес, алайда Ибн әл-Араби қанша жерден иләһи
ақиқатқа ие болса да, бір ғана жанның Құдайдың мәңгілік, шексіз ақиқатын
паш ете алатынын қабыл етпейді. Мұның орнына әрбір адамның жеке-
жеке иләһиліктің
аватары
бола алатынына сенеді. Дегенмен әр буын
замандастары пайдалана алуы үшін Танылған Құдайдың сырына адами
қалып сыйлап және Құдайдың барша ақиқатын өз болмысында жинақтаған
Кемел Адам
Достарыңызбен бөлісу: