278
Иудаизм үшін бұл идеялар жаңашыл боп көрінді және түбінде толық
мойындалмады да. Ортодокс концепциясы (ортопракцияға қарама-қарсы)
Исламдағыдай Яхудилік діни тәжірибеге де бөтен болды. Ибн Рушд пен
Маймонидтің иман шарттары дәлелдегендей, дінді рационалды және ин
-
теллектуалды әдіспен түсіну догматизмге ұрындырып, «сенімді» «дұрыс
көзқараспен» теңестіріп жібереді.
Дегенмен
Маймонид өте сақ болды және Құдайдың заты ақылға сый
-
майды деді. Құдайдың барлығын Аристотель мен Ибн Синаның аргумент
-
терімен дәлелдеді және сонымен қатар қайта-қайта Құдайдың сипаттауға
келмейтін, адамдық түсініктен тысқарылығын ескертумен болып, оның аб
-
солютті қарапайым екенін айтты. Пайғамбарлардың қиссаға жүгініп әрдай
-
ым ауыспалы, бейнелі тіл ғана Құдай туралы саналы түсінікке жеткізетін
жалғыз әдіс деулері кездейсоқ емес. Құдайды ғаламдағы ешбір нәрсеге ұқ
-
сатуға болмайды, сондықтан Оны сипаттар кезде терістеу әдісін қолданып
айтқан дұрыс: «Ол бар» дегеннен гөрі Оның жоқтық екенін терістеген аб
-
зал.
Исмаилиттердің жағдайындағыдай терістеу пайымын қолдану Құдай
-
ының кемелдігін сезінуді күшейтеді және нағыз Ақиқаттың шектеулі адам
ақылы ұққанынан тіпті басқаша екенін тағы да ескертеді. Біз тіпті Құдай
-
ыні «құт» деп те айтуға құқылы емеспіз, өйткені Ол өлшемге сыймастай
бәрінен ұлық, адамдардың түсінігіндегі «құттан» тым жоғары. Біз Құдайға
өзіміздің кемшілігімізді телімеуіміз керек. Оған таза адами қалауларымыз
бен өкініштерімізді де телімеуге тиіспіз. Алайда
Достарыңызбен бөлісу: