251
басталады. Дегенмен оның Құдайы – Аристотель мен Платонның барлық жа
-
ратылыстың бастауы саналатын Әуелгі Болмыс еді. Дионис Ареопагиттің ми
-
стикалық философиясымен шыңдалған грек христиандары Құдайды қанша
үстем қылып көрсеткенімен, әдеттегі болмыс деңгейіне түсіретін кез келген
теорияны қабылдамайтын. Алайда әл-Фараби Аристотельдің идеясынан бас
тартпады және Құдайдың аяқ астынан әлемді жаратпақ болғанына сенбеді.
Бұл мәңгі әрі тұрақты Құдайды Оған тән емес өзгеріске түсірер еді.
Гректер секілді, әл-Фараби бойынша да болмыстың тізбегі Бірден он түр
-
лі саты түрінде эманация немесе «саналар» реттілігімен мәңгі жылыстап
жатады; әрқайсысы птоломей сферасының бірін тудырады, олар: тысқа
-
ры аспан, қозғалмайтын жұлдыздар сферасы, сосын Сатурн, Юпитер, Марс,
Күн, Шолпан, Меркурий және Ай.
Біздің әдепкі әлемімізде қарсы тарапта
өрбитін болмыстың тағы бір иерархиясы жарыққа шығады: жансыз мате
-
рия өсімдіктер мен жануарларға айналса, эволюцияның шырқау шегі тәні
– жерден, жаны мен санасы – белсенді санамен байланысып жататын адам
-
ды жаратады. Платон мен Плотинда суреттелгендей, адам тазару арқылы
материалдық әлемнің құрсауынан босап, жаралған аймағында Құдаймен
қауыша алады.
Ғаламның бұл сипаттамасы Құран ақиқатымен анық қайшы келетін,
бірақ әл-Фараби философия арқылы ақиқатқа жетудің ең биік шыңын тап
-
ты. Мұны пайғамбарлар адамдарға түсінікті тілде ұғындыру үшін поэтика
-
лық, метафоралық жолды таңдаған.
Фалсафа
кез келген адамға арналмаған.
Оныншы ғасырдың орта шенінде Исламға эзотерикалық (батини) элемент
-
тер ене бастады. Оның бірі осы
Достарыңызбен бөлісу: