Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong


екендігін дәлелдеу үшін ақыл мен қисынды қолданды



Pdf көрінісі
бет92/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

240
екендігін дәлелдеу үшін ақыл мен қисынды қолданды.
 
Мутазила Құдайды 
жүйелі бірақ жансыз концепциямен түсіндіруге ойысса, Әшари Оның (Алла) 
ақылға қонымсыз қайшылығына қарамастан, Құрандағы кәміл Құдайға 
қайтуды мақсат тұтты. Ол Дионисий Ареопагит секілді, қайшылық адамдар
-
дың Құдайға деген құрметін күйшейтеді деп сенді. Әшари Құдайды кез 
келген адамнан туатын идеялар секілді талқылап немесе талдап отыратын 
абстрактілі таным деңгейіне түсіруден бас тартты. Білу, билік ету, бар болу 
секілді тағы да басқа иләһи сипаттар – ғасырлардан бері Құдайға тән боп 
келген анық ақиқаттар болатын. Алайда бұл сипаттар Құдайдың затынан 
бөлек еді, өйткені Құдай затында жалғыз және күрделі емес, ешнәрсеге ұқ
-
самайтын. Күрделі бір болмыс ретінде түсінілмейтін, қарапайымның нақ өзі: 
Оның көптеген сипаттарын жеке жеке алып немесе Оның затын бөлшектеп 
талдап, анықтама беру мүмкін емес. Әшари бұл парадоксты шешуге деген 
талпыныстың бәрінен бас тартатын. Ақыры Құранда Алла өзінің «тағында 
отырады» деп айтылды да, мінсіз-пәк рухтың «отыруын» елестете алмасақ 
та мұны бұлжымайтын факт ретінде қабылдауға тура келеді. 
Әшари мақсатты обскурантизм мен шектен шыққан рационализм ара
-
сынан орта жол табуға тырысты. Мәтіншілдердің кейбіреуі тіпті Алланың 
физикалық бейнесі бар деп сенді, өйткені Құранда турашылдар Құдайды 
жоғарыда көреді, делінген-тін. Хишам ибн Хаким қатты кеткені соншалықты: 
Алланың белгілі, ұзын, кең әрі жоғары, бар бағытта теңдей үлкен, нұр 
шашқан, үш түрлі өлшемде де үлкен, мекеннен тысқары мекенде, таза ме
-
талл құймасы секілді, бар қырымен інжу секілді жарқыраған, түс, дәм, иіс 
және сипап сезу дарыған денесі бар 
302

Кейбір шииттік топтар бұл көзқарастарды қабыл алды, өйткені имамдар
-
да Құдайлық инкарнация бар деп сенетін. Мутазила, мысалы, Құрандағы 
«Алланың қолы» жайлы айтылғанды аллегориялық жолмен ауыспалы мағы
-
нада Оның (Алла) шексіз жомарттығы немесе кеңдігі деп түсіну керек деп 
302 Abu al-Hasan ibn Ismail al Ashari, Malakat 1.197, quoted in S. H. Nasr, «Theology, Philosophy and Spirituality» in ed. S. H. Nasr, 
Islamic Spirituality: Manifestations (London, 1991), p. 411.


241
табандылық танытты. Әшари, адамдар Құдайы жайлы тек қана символдық 
тілмен сөйлей алады деген Құрандағы аргументтерге сүйене отырып, мәтін
-
шілдердің жорамалдарын қабыл алмады. Сонымен қатар рационалды ұста
-
нымды тұтасымен жоққа шығаратын дәстүршілдермен (традиционалист) де 
келіспейтін. Оның басты аргументі мынау еді: Мұхаммед мұндай пробле
-
малармен бетпе-бет келмеді, егер бетпе-бет келгенде мұсылмандарға жол 
көрсетер еді, ақыры мұндай шешім қалдырмаған екен, Құдай жайлы ақиқат 
танымға қол жеткізу үшін барша мұсылмандар аналогия 
(қиияс) 
арқылы 
пайымдаулары қажет.
Әшари табанды түрде ымыраға жеткізетін позицияны таңдады. Ол Құран
-
ды мәңгі және жаратылмаған Құдайы Сөзі екенін дәлелдемек болып тек 
қағаз, сия және дыбыстары жаратылған деді. Әшари Мутазиланың адам
-
ның еркі жайлы доктринасын сынға алды. Оның ойынша, тек Құдай ғана 
адам әрекеттерінің барлығының «жаратушысы» бола алады. Бір жағынан 
ол дәстүршілдердің адам өзін құтқаруда ешқандай да рөл ойнамайды деген 
көзқарастарын жоққа шығарды. Әйткенмен Әшаридің ұсынған шешімі қай
-
шылықты көрінді: Құдай адамның бар әрекетін жаратады, әйтсе де адамға 
әрекетіне сәйкес сый мен жазаны иеленуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет