Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет54/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Плерома 
жан картасы дегенді білдіреді. Қайда қарау керек екенін білсең, 
қараңғылыққа батқан әлемнен құдайлық жарықты көре аласың. Өйткені 
Бастапқы күнәдан төмен түсуде, София болсын, Демиург болсын, 
Плерома
-
дан 
кейін материяда тұрақтап қалған көптеген құдайлық ұшқындар шашы
-
раған болатын. Гностик сондай бір ұшқынды өз жанынан таба алады, үйге 
қарай жолды бастайтын өзіндегі құдайлық сипатты сезінеді. 
Гностиктердің мысалдарынан христиандыққа жаңадан кіргендерді иу
-
даизмнен қалған дәстүрлі Құдай туралы түсініктер қанағаттандырмағаны 
көрінеді. Әлем оларға қайырымды Құдайдың жаратылысы, «ізгілігі» бо
-
лып көрінген жоқ. Дәл осындай жікшілдік пен белгісіздік Маркион (100–
165 жж.) доктринасына да тән болды. Кезінде ол Римде өзінің бақталасқа 
түскен Шіркеуін құрып, көптеген ізбасарлар жинаған еді. Иисус жақсы ағаш 
жаман жеміс бермейді
184
дейтін. Олай болса ашық түрде зұлымдық пен 
қасірет патшалық құрған мына әлемді ізгі Құдай құра ала ма? Маркионды 
да көне еврей жазбалары үрейлендіретін. Онда ашуға мінген қаһарлы да 
183
Ипполит

Обличение
всех
ересей
, 8.15.1–2.
184
Қараңыз

Лука
. 6:43.


146
қанішер Құдайдың тұтас халықтарды жойғаны туралы айтылады. Марки
-
он біздің әлемді дәл сол еврей Құдайы жаратқан деп шешті, ол «соғысты 
іздеуде, ойларында тұрақсыз және өз-өзіне қарама-қайшы»
185
. Алайда Ии
-
сус адамдарға көне еврей кітаптарында аталмаған, басқа Құдайдың барын 
баяндап кеткен. Бұл, екінші Құдай «момын, кішіпейіл және өте мейірімді, 
тіпті одан да асады»
186
.Басқаша айтсақ, біздің ғаламды жаратқан ашулы 
«Қазыға» ұқсамайды. Осылай, адамдар ізгі Құдай туралы ештеңе айтпайтын 
жер әлемінен бас тартуы керек. Өйткені оны жаратқан Ол емес. Сонымен 
бірге «Ескі» Өсиеттен толық бас тартып, Иисус рухын сақтаған жаңаөсиет
-
тік мәтіндерге мән беру керек. Маркион ілімінің танымалдығы оның фило
-
софиясының жалпы әрекетшілдікті ашық айтқандығынан көрінді. Ол, міне, 
енді тәуелсіз Шіркеуді жасайды-ау деген уақыттар да болды. Маркион хри
-
стиандық дүниетанымның әлсіз жерін таба білді. Христиандардың көпте
-
ген ұрпақтарына заттай әлемді дұрыс қабылдау қиынға соқты. Ал олардың 
көпшілігі осы күнге дейін көне еврей Құдайына қалай қарау керек екендігін 
әлі білмейді.
Солтүстік Африкадан шыққан теолог Тертуллиан (160–220 жж.) Марки
-
онның «ізгі» Құдайы Тәураттағыдан гөрі көбіне гректікіне ұқсайды дегенді 
дәлелдеді. Шынында да, біздің күнәға батқан әлемімізбен еш жанаспайтын 
тыныш болмыс еврей Құдайынан гөрі аристотельдік Қозғалмайтын Қозға
-
ушыны еске түсіреді. Грек-рим әлемінде тәураттық Құдай шынында да 
көпшілік тарапынан үнемі қателік жіберетін, жалпы құрметтеуге лайық емес 
тұрпайы Құдай ретінде қабылданды. 178 жыл шамасында пұтқа табынушы 
философ Цельс христиандарға Құдай идеясын тар шеңберде берді деп кінә 
артады. Ол христиандардың ерекше және дара жағдайды талап еткендері
-
не наразы болады. Құдай барлық адамдарды ұнатады, ал христиандардың 
мына азғантай тобы былай дейді: «Құдай бүкіл әлемді және аспан дене
-
лерінің қозғалысын тастап, жер бетіндегілерді ұмытты да, назарын тек бізге 
салды»
187

185
Ириней

Опровержение
ересей
, 1.27.2. 
Сілтеме
мына
басылым
бойынша
.: 
Поснов
М
.
Э

Көрсетілген
шығарма
. – 
Б
. 691.
186
Тертуллиан

Против
Маркиона
, 1.6.1. 
Перевод
(
синодальный

Н
.
Н

Щеглова

Цит

по
изд
.: 
Поснов
М
.
Э

Указ

соч
. – 
С
. 400.
187
Ориген

Против
Цельса
, 1.9.


147
Рим билігі алғашқы христиандарды, көп жағдайда, «дінсіздігі» үшін қу
-
далады. Өйткені құдайлықтың жаңа жобасы римдік ахлаққа түрпідей тиді. 
Дәстүрлі құдайларға құрметсіздік танытқан христиандардан халық онсыз 
да құлағалы тұрған мемлекеттің, қоғамдық тәртіптің түбіне жетеді деп үрей
-
ленді. Христиандықты өркениеттің барлық жетістіктерін елемейтін тағылық 
дін деп санады. 
Сонда да ІІ ғасырдың соңына қарай шынайы білімді пұтқа табынушылар 
христиандыққа кіре бастайды. Олар семиттердің тәураттық Құдайын грек
-
тік-римдік идеалдармен үйлестіре алды. Сондай ғалымдардың бірі Алексан
-
дриялық Климент (150–215 жж. шамасында) болды, ол алдымен Афинада 
философияны үйренеді. Климент Яхве мен грек ойшылдарының Құдайы 
бір екендігіне күмән келтірмеді. Ал Платонды ол «антикалық Мұса» деп 
атады. Алайда Клименттің теологиясы апостол Павелді де, Иисустың өзін 
де барынша таңғалдыратын еді. Платон мен Аристотельдегідей Климент
-
те Құдайдың басты сипаттамасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет