Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет12/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God


нұсқасының
 
сендіруінше, адамдар Яхвеге Адам
8
немерелерінен бастап та
-
бына бастаған, бірақ кейін б.д.д ҮІ ғасырда, 
Р-
дің айтуынша, израилдықтар 
Яхве туралы Оның отқа оранып лауласа да, жанып кетпейтін тікенек бұта 
ішінен Мұсаға көрінуіне дейін ештеңе естімеген. 
Р 
Яхве атынан Өзінің Ав
-
раамның да Құдайы екендігін айтады, бірақ мұнда қарама-қайшылық туын
-
дайды: Ол Мұсаға Авраамның Оны «Аса құдіретті Құдай» 
(Эль-Шаддай) 
деп 
атағанын, бірақ «Яхве» деген Құдай есімін білмегенін жеткізеді
9
. Дегенмен 
мұндай ұсақ-түйектер Інжілді жазғандар мен түзеткендерді қатты толған
-
дырмаған сияқты. 

үнемі өз Құдайын «Яхве» деп атаған, өйткені ол жазуға 
кіріскен тұста Яхве мәңгілікке Израил Құдайы болып қалған еді және шы
-
нында да осы маңыздырақ болды. Израилдықтардың діні прагматикалық 
сипатта және бізді қазір мазалайтын ұсақ-түйектерге сол кезде назар ау
-
даратындар өте аз болды. Авраам мен Мұса өз Құдайларына қазіргі кез
-
дегілер сияқты сенді деп қарауға болмайды. Біз тәураттық әңгімелер мен 
кейінгі Израил тарихына үйреніскеніміз соншалық, бертінгі иудаизм туралы 
білімімізді де ең көне тарихи кейіпкерлерге тели салуға үйірміз. Үш изра
-
илдық патриарх –Авраам, оның ұлы Исхақ пен немересі Йақұб бір Құдайға 
сенген деу қалыптасқан, бірақ шындығында бұл күмән туғызады. Ең дұрысы, 
олар көне еврей пұтқа табынушылары болған және көптеген діни түсінік
-
терін Ханаандағы көршілерімен бөліскен, яғни Мардук, Ваал және Анат сын
-
ды құдайларға сенген. Сонымен қатар, олар Бір Құдайға сенбеулері де мүм
-
8
Қараңыз

Бол
. 4:26.
9
Шығу
. 6:3.


33
кін: Авраамның Құдайы, Исхақтың «қорқынышы»
10
мен Йақұбтың «құдіретті 
Құдайы»
11
әртүрлі құдайлар болуы әбден мүмкін.
Авраамның Құдайы – Ханаанның жоғары құдайы Илу (Эль) болуы шын
-
дыққа жанасыңқырайды, өйткені Ол Аврамға Илу аталып келген Эль-Шад
-
дай, «Көк Құдайы»
12
атымен белгілі. Басқа жерлерде Оны «Эль-Элион» (Ұлы 
Құдай) немесе Вефильдік Эль
13
деп атаған. Басты ханаандық құдайдың Илу 
есімі 
«эль – ил – иль»
формаларында Израил және Исмаил есімдерінде 
сақталған. Еврейлер оған Таяу Шығыстағы пұтқа табынушылар арасында қа
-
былданған тұрғыда қарым-қатынас жасаған. Ғасырлар өткеннен кейін ғана 
израилдықтардың Яхве 
мана-с
ы, яғни Оның «қасиеттілігі» қорқынышты 
болуы мүмкін екендігін байқағандығын көре аламыз. Мәселен, Синай та
-
уында Ол Мұсаға үрей ұшыра атқылаған жанартау арасынан көрініп, из
-
рилдықтардың Оған жақындауына тыйым салынған. Онымен салыстырған
-
да, Авраам Құдайы Эль мейлінше мейірімді болып көрінеді: ол оған досы 
ретінде, кейде тіпті адам кейпінде келетін. Құдайдың көрінісі (уахи) деп 
аталатын мұндай жүздесулер туралы аңыздар көне пұтқа табынушылар 
арасында кең тараған. Құдайлар адамдар ісіне араласпайды деп саналға
-
нымен, мифтік дәуірлерде таңдау түскен сирек кісілер Құдаймен бетпе-бет 
кездесіп отырған. Мұндай эпизодтар «Илиада» эпосында өте көп, онда ер
-
кек құдайлар мен әйел құдайлар гректердің де, троялықтардың да түстеріне 
енетін болған, яғни адамилық пен құдайлық арасындағы шекара жойылған. 
Поэманың соңында Приам патшаны грек кемелеріне, кейін мәлім болған
-
дай, сымбатты жігіт Герместің өзі жұмсайды. Бұрынғының қаһармандары 
өмір сүрген алтын ғасырды аңсаған гректер құдайлармен тығыз туыстық 
байланысты сезінетін; олардың табиғаты адамдарға жақын болды. Құдай 
көрінісі туралы аңыздарда пұтқа табынушылық дүниетанымның тұтастығы 
бейнеленетін: өйткені шын мәнінде құдай болмысы табиғат пен адамнан 
10
Бол
. 31:42.
11
Бол
. 49:24.
12
Инодтық
аудармасы
: «
Құдіретті
Құдай
». 
Қ
-
з

Бол
. 17:1.
13
Вефиль
(
Бетель
) – 
көне
Палестинадағы
қала



34
ерекшеленбейтін, оған арнайы рәсімсіз-ақ жанасуға болатын. Әлем құдай
-
ларға толы және олармен күтпеген жерден, кез келген бұрышта бейтаныс 
біреумен ұшырасып қалғандай кездесуге болады. Соған қарағанда, қара
-
пайым халық мұндай жағдай әркімнің басында бола алатындығына сенген; 
бұл ой «Әрекеттердегі» оғаш оқиғаның сырын түсіндіріп береді; онда б.д. І 
ғасырында Листра (қазіргі Түркия) халқы Апостол Павел мен оның шәкірті 
Варнаваны Гермес пен Зевс деп қабылдағандығы айтылады
14
.
Израилдықтар да шамамен осындай күй кешті. Өздерінің алтын ғасырына 
қарап, олар Авраам, Исхақ пен Йақұбтың өз Құдайларымен жақын жерден, 
тез арада сөйлескендерін көрді. Шейх немесе қауым ақсақалы секілді, Эль 
достық рәуіштегі кеңестер берген, кезбелерге жол көрсеткен, қалыңдыққа 
(күйеуге) кімді таңдау керектігін айтқан және түстеріне кірген. Ара-тұра па
-
триархтар Оны адам кейпінде кездестірген, ал кейінірек бұлай ойлаудың 
өзі израилдық үшін қауымнан аласталу қаупін туғызған.
«Болмыстың» он сегізінші тарауында 

Құдайдың Авраамға Хеврон 
маңындағы Мамре орманында көрінгенін айтқан. Авраам назарын салған
-
да, «күндізгі аңызақ уақытында» өзінің шатырына келе жатқан үш кісіні 
көреді. Таяу Шығысқа тән әдеттегі қонақжайлыққа басып, Авраам олардың 
жайғасып, тынығуларын сұрайды да, өзі болса меймандарына дереу ас әзір
-
леуге қамданады. Әлбетте, әңгіме барысында кісілердің бірі оның Құдайы 
екендігі анықталады, 
J
оны үнемі «Яхве» деп атайды; Оның екі жолдасы 
періштелер болып шығады. Бұл оқиға ешкімді қатты таңғалдыра қоймайды, 
бірақ б.д.д. ҮІІІ ғасырда, 
J
-дің жазғанындай, бірде-бір израилдық Құдайды 
«көруге» үміттене де алмайтын заманда, керісінше, көпшілік үшін мұндай 
ойдың өзі қол жетпес құдіретті қорлау саналар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет