Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет13/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

J
-дің
 
замандасы 
Е-
нің 
ойынша, патриархтардың Құдайларға жақындығы туралы аңыздар – қиял 
жемісі. Авраамның немесе Йақұбтың Құдаймен кездесулерін баяндағанда, 
ол ізетті ара қашықтықты сақтайды және көне аңыздарды антропоморфты 
етіп көрсетпейді. Кейін ол Құдайдың Аврааммен періштелер арқылы сөйле
-
скенін айтады. 
J-
ге мұндай кірпияздық тән емес және ол өзінің әңгімелерін
-
14
Қ
-
з

Əрекеттер
. 14:12.


35
де Құдайдың көрінісіне қатысты алғашқы аңыздарға тән ескі сарындарды 
ұстанады.
Йақұб та бірнеше рет Құдаймен кездеседі. Күндердің күнінде туыстары
-
ның арасынан өзіне әйел таңдау үшін ол Харранға қайтып оралады. Жолай 
Йорданияға жақын Лузада түнеп шығуды ойлап, басына тас жастанып ұй
-
ықтайды. Сол түні ол түсінде жерден аспанға қарай көтерілген баспалдақты 
көреді, періштелер сол баспалдақпен Құдай мен адам патшалығы арасын 
жол қылып, біресе түсіп, біресе көтеріліп жүреді. Бұл жерде Мардуктың зик
-
кураты еріксіз ойға оралады: онда, жоғарыда, аспан мен жердің арасын
-
да адам құдайлармен кездесе алатын. Өз баспалдағының ең жоғары саты
-
сында Йақұб Эльді көреді, Ол жарылқаушылық танытады және бұрындары 
Авраамға уәде еткенін шамамен сол күйінше қайталайды: Йақұб нәсілдері 
қуатты халыққа айналады және Ханаанның барлық жеріне иелік етеді. Тағы 
басқа да уәде беріледі, ол Йақұбқа қатты әсер етеді. Пұтқа табынушылық 
діндер көбіне бір аумақтың ішінде таралатын: құдайдың билігі шектеулі ай
-
мақта ғана жүретін, сондықтан бөтен жерлерге саяхат шеккен кезде өмір
-
лік тәжірибесінен ақыл түйген адамдар жергілікті құдайларға табынатын. 
Алайда Эль Йақұбқа оны Ханааннан басқа елге барса да қорғайтынын ай
-
тып уәде береді: «Мен сенімен біргемін; және Мен сені қайда барсаң да 
қорғаймын»
15
. Құдайдың көрінісіне қатысты бұл көне аңызда Ханаанның 
жоғары құдайы жалпылық сипатқа ие бола бастағаны көрсетілген. Йақұб 
оянған кезде өзінің байқамастан адамдар құдайлармен сөйлесе алатын ки
-
елі орында ұйықтап қалғанын түсінеді. 

оның аузына мына сөздерді салады: 
«Шынында Құдайдың [Яхве] өзі осы жерге келіп отыр; ал мен мұны білмеп
-
пін!». Йақұбтың тұла бойы түгел керемет сезімге бөленеді, құдіретті күшпен 
бетпе-бет келген пұтқа табынушылар мұндай сезімді бастан жиі кешіріп 
отырған: «Мына орынның қорқыныштысын-ай! Бұл Құдай үйінен басқа еш
-
теңе емес 
[веф-иль],
бұл – аспан қақпасы»
16
. Олай екенін сезінбестен, Йақұб 
өз заманы мен мәдениетіне сай дін тілінде сөйлейді, өйткені Бабылдың өзін 
15
Бол
. 28:15.
16
Бол
. 28:16–17.


36
де «Құдай қақпасы» 
Баб-или 
деп атайтын. Сосын Йақұб бұл ерекше орынды 
жергілікті пұтқа табынушылар салтымен киелілендіреді (ұйықтандырады): 
басына жастанған тасты алып, тігінен қояды да, оған зәйтүн майын құйып 
дәріптейді. Бұдан кейін Луз – Вефил, «Құдай үйі» деп атала бастайды. Тас 
ескерткіштер – ханаандықтардың Вефилде б.д.д ҮІІІ ғасырдың соңына дей
-
ін өркендеген құнарлылық культінің әдепкі сипаты. Кейінгі дәуірде израил
-
дықтар діндарлықтың мұндай көріністерімен барынша күресіп бақты, бірақ 
Вефилдегі пұтқа табынушылықтың киелі орнын бұрынғысынша Йақұбтың 
өз Құдайымен кездесу аңызына байланысты қарастырды.
Вефилден кетпес бұрын Йақұб көзбен көрген Құдайын өзінің 
элохим
і 
етуге шешім қабылдайды; бұл ұғым өз бойына адамдардың құдайлардан 
қаншалықты мән табатынын түгел сыйғызады. Йақұбтың пайымынша, егер 
Эльдің (немесе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет