Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет15/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

Шығу 
туралы 
мифтің – негізінде тіпті 
J
және 
Е 
хикаялары жазып алынған уақыттан бұрын 
құрастырылған оқиғалар жатқан – ең көне түсіндірмесі баяндалған болуы 
мүмкін. Израилдықтарға егіннің алғашқы өнімін Яхве дін қызметшілеріне 
апарып беріп, соның кезінде мына сөздерді айту міндеттелген: 
…Менің әкем ел кезуші арамейлік еді, ол Мысырға барып, сол жерді 
аз ғана адаммен қоныстанды, сол жерде одан ұлы, қуатты және саны 
көп халық тарады.
Бірақ мысырлықтар бізге жапа шектірді, қысым көрсетіп, ауыр жұ
-
мысқа салды;
Содан біз Құдайға [Яхве], әкелеріміздің Құдайына жалбарындық, 
Құдай [Яхве] бізді естіді, қайғымызды, бейнетімізді және езілгенімізді 
көрді;
Содан бізді Құдай Мысырдан қуатты қолымен, кең қаусырған білек 
күшімен, ұлы қорқынышпен, белгі-нышандарымен және керемет
-
терімен алып шықты.


41
Содан бізді осы жерге [Ханаанға] алып келді және осы мекенді, сүт 
пен бал көлкіп аққан жерді берді. 
Сонымен, міне, Сен, Құдайым [Яхве], маған берген жеріңнің алғашқы 
өнімін алып келдім…
19
Бәлкім, халықты тарихта тұңғыш рет жеңіске бастаған құдай – төңкеріс 
құдайы. Тіпті яхудилер, христандар мен мұсылмандар көбіне қасиетті қағи
-
даларды бұзып, өз Құдайын 
status quo 
сақтаушысына айналдырғанына қа
-
рамастан, барлық үш дінге де Ол қоғамдық әділеттілік идеалдарын енгізді. 
Израилдықтар Яхвені «Біздің әкелеріміздің Құдайы» деп атаса да, ол патри
-
архтар сыйынған ханаандық ұлы құдай – Эль-Илуға ұқсамайтындай әсер 
қалдырады. Израил елінің Құдайы болудан бұрын, ол қандай да бір басқа 
халықтың Құдайы болған болуы мүмкіндігін есептен шығармау керек. Мұ
-
саға бағытталған сөздерінің бірінде Яхве өзінің Авраамның Құдайы екенді
-
гін кеңінен ұғындырады, дегенмен алғашқыда Оны Эль-Шаддай деп атаған. 
Мұндай табанды түрде түсіндіру Мұсаның Құдайы кім еді деген байырғы 
пікірталастың сарқыншағы болуы мүмкін. Алғашқыда Яхве деген жауынгер 
құдай, жанартаулардың иесі, оған Мадиам (қазіргі Иордания)
20
жерінде
-
гілер сыйынып келген деген болжамдар болды. Израилдықтардың Яхве
-
мен, егер Ол шынында жаңа Құдай болса, қай жерде танысқандарын ендігі 
жерде анықтай алмаспыз. Қазіргі таңда бұл маңызды мәселе болуы мүм
-
кін, бірақ Тәурат авторларын оның қатты толғантпағаны анық. Пұтқа табы
-
нушылықтың көне дәуірінде құдайлар аяқ астынан кез келген жерде пайда 
болып, бір-бірімен қосылып та кете берген, ал бір жердің құдайларынан 
басқа халықтардың құдайларына ұқсастықты оңай тауып алуға болатын. Бір 
нәрсе даусыз: Яхве қайдан келсе де, 
Шығу 
оқиғасы оны Израил Құдайы дең
-
гейіне көтерді, ал Мұса болса, оның Авраам, Исхақ және Йақұб Құдайы, Эль 
екендігіне израилдықтардың көзін жеткізді. 
19
Қайталанған
заң
. 26:5–10.
20 L. E. Bihu, «Midianite Elements in Hebrew Religion», Jewish Theological Srudies, 31; Salo Wittmeyer Baron, A Social and Religious 
History of the Jews, 10 vols., 2nd ed. (New York, 1952–1967), I, p. 46.


42
Яхвенің алғашқыда Мадиам жерінің Құдайы болғандығы туралы «Меди
-
андық теория» деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойында
-
майды, бірақ дәл сол жерде Мұса Яхвені алғаш рет көреді. Мұсаның құл из
-
раилдықты азаптаған иесін өлтіріп, Мысырдан қашқандығын еске түсірейік. 
Мұса мадиандықтарды паналайды және өзіне әйелін сол жерден табады. 
Күндердің күнінде қайын атасының қойын бағып жүрген оған таңғалар
-
лық көрініс елестейді: бұта оттай лаулап тұрады, бірақ жанып кетпейді. Таң 
қалған Мұса жақын келгенде, Яхве оны атын атап шақырады, ал Мұса болса 
«Міне, бұл - Менмін!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет