531
Макс Хоркхаймер (1895-1973) Франкфурт мектебінің неміс
қоғамтанушысы еді. Ол «Құдай, бір қарағанда, пайғамбарларды еске түсірген
маңызды бір мақсат» деді. Оның бар, не жоқ екендігі, оған сеніп-сенбеу
маңызды емес. Құдай идеясы болмаса, нақты мән, ақиқат немесе мораль
болмас. Этика қарапайым түрде бір дәм, бір хәл сұрағымен басталады.
Саясат және мораль ғылымы «Құдай» идеясын қамтымаса, прагматика мен
зердеден жұрдай болады. Нақты бір нәрсе болмаса, жеккөрініштің, соғыс
пен бейбітшіліктің себебі табылмайды. Дін бір Құдай бар деп ойлау. Ең
үлкен қиялымыздың бірі – әділет идеалы (балалардың «бұл әділ емес!»
деген шағымын жиі естиміз).
Дін, азап және қателікпен бетпе-бет келген адамның сансыз қалауы мен
айыптарын тіркейді. Бұл бізді шектеулі табиғатымыз жайлы толғандырады.
Бәріміз әлемнің әділетсіздігінің соңғы сөз еместігіне сенеміз.
Дәстүрлерге сай діни сенімдері жоқ адамдардың Құдай баянында
ашқан орталық тақырыпқа қайрылып, оларға оралуы бұл идеяның көбіміз
ойлағандай жат емес екенін көрсетеді. Сонымен бірге адамзат жиырмасыншы
ғасырдың екінші жартысында кісі сипатты Құдай идеясынан жырақтады. Бұл
мәселеде жаңа нәрсе жоқ. Христиандардың «Көне өсиеттері» бар делінген
яхуди киелі мәтіндері осындай бір үрдісті көрсететіні анық. Құран Алланы
яхуди-христиан дәстүрінен бөлек адамдық ұғымдармен сипаттайды.
Үштік сенім мен мифология, мистикалық жүйенің символикасы сияқты
қағидалар Құдайдың адамдық қасиеттен ада екенін көрсетуге талпынады.
Сол сияқты, осы жайт көптеген сенім иесі үшін айқындалған жоқ. 1963
жылы Вулидж епископы Джон Робинсон
Достарыңызбен бөлісу: