Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер
145
Бірақ шығармашылық ізденістің де өз өтемі бар. Өз табиғатына
сай ол уақытты, кеңістікті қажет етеді және оны өлшеу немесе бақы
-
лау қиын.
Шығармашылық күрделі ұғым, сондықтан оның анықтамасы көп
(4.2-қосымшаны қараңыз). Шахин (2012) олардың көпшілігі шығарма
-
шылық адамдарына, шығармашылық процестің аспектілеріне, шығар
-
машылыққа ықпал ететін өнімдер мен қоршаған ортаға қатысты еке
-
нін айтады. Шығармашылық әртүрлі формада болады. Көрнекті «Ш»
шығармашылығы – бұл ғылым, әлеуметтік ғылым, өнер мен музыка
-
ның шегін үнемі қадағалап отыратын беткеұстар тұлғалардың қоса
-
тын үлесі. Кішкентай «ш» шығармашылығы дегеніміз – адамның тек
өзі үшін ғана маңызы бар жаңа идеялар мен өнімдерді білдіреді. Мыса
-
лы, егер бала екі түсті араластырып жаңа түс ашса, бұл оның кішкентай
«ш» шығармашылығы. Басқаша айтқанда, шығармашылық бір жағы
-
нан күнделікті қиял туындылары ретінде қаралса, екінші жағынан оны
Эйнштейн, Моцарт және Да Винчи еңбектерінен көруге болады. Крафт
(2000) шығармашылықты қиялмен шектелмейтін кең ауқымды ұғым
ретінде қарастыру керек дегенді айтады. Ол күнделікті өмірде шешім
қабылдауға бағыттайтын шығармашылықты сипаттау үшін «ойлау
мүмкіндігі» терминін қолданады. Яғни «Бұл не және ол не істей ала
-
ды?» деген сұрақтан «Мен мұнымен не істей аламын?», «Ал, егер... істе
-
сем ше?» деген сұраққа ауысуды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: