Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет108/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

4.1-ҚОСЫМША. ТӘЖІРИБЕГЕ ДЕН ҚОЮ
Төмендегі кесте семинарға қатысқан стажер мұғалімдермен бірге мектепте тәжірибе 
жинау кезінде «типтік» сабақтың әр кезеңіне өміршең сипат беру үшін қолданған тәсіл-
дері туралы талқылағаннан кейін құрастырылды: 
Бөлім бойынша ұсыныстар 
Кіріспе 
Жедел сұрақ, «үлкен мәселе көтеретін» сұрақ, жеке сұрақ және «егер» деп басталатын 
сұрақтар қойыңыз 
Мәселе көтеріп, оны шешу жолдарын қарастырыңыз
Газет тақырыбын оқыңыз


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
142
Әзіл айтыңыз 
Суретті немесе нысанды көрсетіңіз 
Пазл құрастырыңыздар 
Ойын ойнатыңыз
Қуыршақ пайдаланыңыз 
Өткен сабақты қайталау үшін зияткерлік картаны қолданыңыз
Негізгі бөлім 
Модель жасатыңыз 
Жұмбақ жасырыңыз 
Балаларды сыртқа алып шығыңыз 
Кескінді талқылатыңыз 
Фриз жасатыңыз 
Сценарий жазғызыңыз 
Каллиграмма немесе сөздік суреттер кітабын жасаңыздар 
Мектептегі әдеттегі күннің сандық оқиғасын жасаңыздар 
Айтатын сөзіңізді дайындап, жазып алыңыз 
Моральдік диллемасы бар рөлдік ойынды алыңыз 
Сынып мұражайын ұйымдастырыңыз 
Балалар шақырылған қонақтармен сұхбатты аяқтауы үшін оқиғаның басын оқыңыз 
Фильм түсіріңіздер 
Жаңсақ пікірді дұрыс түсіну үшін газеттерді пайдаланыңыз 
Егде адамдарға арнап апталық теледидар көруді жоспарлау үшін газеттерді қолда-
ныңыз
Пікірталасқа қатысыңыз
Диаграммалар, блок-сұлбалар жасаңыз, плакаттарға суреттер салыңыздар 
Тамақ пісіріңіздер 
Жаңа «дүкен» ашыңыздар 
Үстел ойынын ойнаңыздар
Пленарлық кезең 
Кез келген жетістікті атап өтіңіздер 
Оқушыларды өз сенімділігі мен түсіну деңгейін көрсету үшін бағдаршам карталарын 
қолдануға шақырыңыз
Оқушылардың білімі және түсіну деңгейін бағалау үшін сұрақ-жауап алыңыз
Сабақтағы жазбалар үшін кішкентай жапсырма қағаздарды пайдаланыңыз 
Балалардан оқу нәтижелеріне не жетіспейтінін сипаттауын сұраңыз 
Мылқаудың рөлін ойнап, сабақтың мәнін түсінбеген кейіп танытыңыз 
Оқушыларға сабақтың олар үшін де, сіз үшін де қаншалықты қиын болғанын айтып, 
сабақты қорытындылауды ұсыныңыз 
Сыныптастардан құрбыларының жетістіктері туралы түсінік беруін сұраңыз 
Сабақты бағалауға арналған тапсырмамен оқушыларды таныстырып, оны орындаула-
рын сұраңыз.


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
143
Қалыпты 40 минуттық сабақтың 30 минуты прайм-тайм болса,
10 минуты даун-тайм болады. Әдеттегі үлгі мынадай: сабақтың алғаш
-
қы 20 минуты прайм-тайм болады, сосын 10 минуттық даун-таймнан 
кейін тағы 10 минуттық прайм-тайм жалғасады. Сабақтың ұзақтығы
-
на байланысты тепе-теңдік өзгеріп отырады, сабақ неғұрлым ұзақ бол
-
ған сайын, прайм-таймның үлесі қысқарады. Мұғалімдер үшін оқуды 
барынша тиімді ету үшін ұзақ сессияларды кішігірім блоктарға бөлу 
қажет, тапсырмалар да әртүрлі болуы керек (Cohen 
et al.
, 2004).
Құлшыныс пен құштарлық – мұғалімнің жұмысына адалдығының 
айқын белгісі. Бірақ оларды қалай қалыптастыруға болады? Мұғалім 
үшін оның алғашқы қадамы жеке мақсаттары мен кәсіби міндеттерін ой 
елегінен өткізу. Мұғалімдер өзінен не күтеді? Олар неге ұмтылады? Олар 
үшін мектеп өмірінің қандай мәні бар? Өкінішке қарай, әртүрлі себептер
-
мен сабақ берудің рақатын сезінуден қалған немесе алдағы уақытта бі
-
лім алуға ешқандай құлқы жоқ мұғалімдер бар. Зерттеулерге қарағанда, 
мұғалімнің бүкіл еңбек жолында өз ісіне деген құштарлығы біртіндеп бә
-
сеңдейді, оған оқушылардың мінез-құлқы, мемлекеттік саясаттағы өзге
-
рістер және ата-аналардың талаптары сияқты бірқатар факторлар ықпал 
етеді екен (Day 
et al
, 2007). Мұғалімнің кәсіби дамуы мен оған көрсетілген 
қолдау жұмысының аздап жандануына себеп болғанымен, жұмысына 
құлқы жоқ мұғалімнің өз ісіне деген құштарлық отын жағу мүмкін емес.
Алайда өз ісіне деген құштарлығы стандартталған мәдениет ая
-
сынан шыға алмайтын мұғалімдер де бар, нәтижесінде олардың жұ
-
мысының тиімділігі төмен болады. Мұғалімдердің өз ісіне деген құш
-
тарлығын мектеп директоры мен басқа да жетекшілер арттыра алады, 
Олар мұғалімнің көзқарасын бағалайды, бастамасын қолдайды, мыса
-
лы, сабақ кестесі секілді мәселелерді мұғалімге ыңғайлы етіп шешуге 
тырысады. Мектеп көшбасшылығы ұлттық колледжінің мәліметтеріне 
қарағанда, көрнекті көшбасшылар тың идеяларды іздейді, оқушылар 
мен қызметкерлерге эксперимент жүргізуге мүмкіндік беріп, оларға 
қолдау көрсетілетініне сендіреді. Олар адалдықты, өз ісіне деген құш
-
тарлықты, еңбекқорлық пен күш-жігерді үлгі қылады (NCSL, 2010). 
Жұмыста шабыттандыратын тұлғаларды бақылауға және талқылауға 
мүмкіндік береді. Меткалф және Гейм (2006: 59) оқушыларды жігер
-
лендіріп, шабыт сыйлайтын өзі ісіне құштар аустралиялық бастауыш 
мектеп мұғалімдерін мысалға келтіреді: «Элисонның сыныбына кір
-
геннен-ақ, оның жұмыс істеп жатқанын айта аласыз. Қозғалыс та көп 
болды, түрлі оқиға да болды, бірақ сыныптың тыныштық күйі бұзыл
-
мады. Менің ойымша, ол өз ісіне деген құштарлығының арқасында та
-
лай сыннан өтті».
Күн өткен сайын бала оқытуға деген құштарлықты сақтап 
қалу оңай болмаса да, басшылық тарапынан қолдау көрсетілетін,


Шығармашылық ізденістегі мұғалімдер 
144
бюрократиялық талаптар шектен шықпайтын ортада қиынға соқпай
-
ды. Балалар сияқты мұғалімдер де өзінің құнды маман екенін, өзіне 
төнген қауіп жоғын сезінгенде, тиісті ресурстарға қол жеткізе алғанда 
және жанкештілігінің қайтарымы болатынын білгенде, өз ісіне құлшы
-
на, шығармашылықпен кірісуі мүмкін. Сыныпта да, мектепте де, жалпы 
білім беру ісінде құштарлық маңызды орынға ие болуы керек. Әлемде
-
гі үздік білім беру жүйелері туралы жасалған баяндамада олардың ор
-
талық үкіметтері оқыту мен оқу процестеріне қатысты тек еркін әдіс
-
темелік нұсқаулықтар ұсынатын, өйткені «мектептегі қатарластардың 
шығармашылығы мен жаңашылдығы үлгерімнің негізгі қозғаушы 
күші» екені айтылған (Mourshed
 et al
., 2010: 26).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет