Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
24
тұжырымға келген. Ханушектің айтуынша, егер британдық балалар
канадалық стандарт бойынша білім алса, экономика өнімді болып, ор
-
таша жұмысшы жалақысы 17 пайызға артар еді (Nelson, 2013). Оның
пікірінше, үздік мұғалімдерді көп оқушы оқитын сыныптарға бөлу
арқылы сол мұғалімнің ықпалын арттыруға болады. OFSTED (Білім
беру стандарттары басқармасы) басшысы Майкл Вилшоу Англиядағы
білім берудің жай-күйін екі мемлекеттің әңгімесі түрінде баяндайды:
«Әртарапта дүниеге келіп, түрлі мектептер мен колледждерде оқы
-
ған балалардың қабілеттері мен шыққан орталары ұқсас болғанымен,
олардың білім сапаларының әрқилы болуына байланысты болашақ
-
тан күтері де әртүрлі болады» (Michael Wilshaw, OFSTED, 2013: 8). Бұл
дәйексөз инспектордың 2012–2013 жылдары секцияда жасаған «Қабі
-
летсіздікпен күрес» деп аталатын жыл сайынғы баяндамасынан алын
-
ған. Дегенмен оқыту сапасын білім берудің шектеулі нәтижелерімен
анықтау көңілге күмән ұялатады.
Оқытудың мәні оқушылардың тест немесе емтиханды қаншалық
-
ты жақсы тапсырғанымен ғана шектелмейді. Әділетті әрі толерантты
қоғам құруда мұғалім мен мектептің атқаратын рөлі зор. Үздік мұға
-
лімдер әртүрлі ортадан шыққан оқушыларға бірдей мүмкіндіктер жа
-
сау арқылы әлеуметтік әділдікке ұмтылады. Олар өздерінің әлеуметтік
міндеті барлық оқушылардың өз ұмтылыстарына қол жеткізуіне және
әл-ауқаты төмен оқушылардың өздеріне деген сенімін жоғалтқанын
күтпей қолдау көрсету деп біледі (Menzies, 2013). Ең бастысы, олар
балалар өміріне жағымды ықпал етуді өздерінің моральдық мақсаты
деп түсінеді. Жыл сайын шамамен 600 мыңға жуық оқушы мемлекет
-
тік мектептен білім алып шығады. Оның ішінде 80 мыңға жуығы мек
-
тепте тегін тамақтануға құқылы. 2010 жылы 80 мыңның тек қырығы
Оксфордқа немесе Кембриджге оқуға түсті. Әл-ауқаты төмен отбасылар
-
дан шыққан балалардың көбі жетекші жоғары оқу орындарына түсуі,
жақсы жұмысқа орналасуы керек деген сөзбен келіспейтіндер кемде-кем.
Мектеп көбіне кең ауқымды әлеуметтік мәселелермен айналыса
-
тын алдыңғы қатарлы мекемелердің бірі болып саналады (Crowther
Достарыңызбен бөлісу: