Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
261
Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру
Білім беру стандарттары басқармасы (2008b: 11) стандарттар тұр
-
ғысынан қарағанда, ғылыми зерттеулерді жұмысының негізгі өзегі етіп
алған мектептер ең табысты мектептер болып саналатынын айтады.
Мұндай мектептегі оқушылардың пәнге
деген қызығушылығы жоға
-
ры, олар өзіне сенімді және зерттеуді жоспарлау, дәлелдер жинау, ұсыну
және бағалау дағдыларын меңгерген. Практикалық ғылым балалар өз
көзімен көріп, істегенде ғана үйренеді
деген сенімге негізделген, сон
-
дай-ақ бірлескен жұмыс қана оларды ынталандырып, оқуға жетелейді.
Вулноудың (1994: 25) айтуынша, сабақта сынып практикалық тапсыр
-
малар орындамаса мұғалім өзін кінәлі сезінеді. Жаратылыстану пәнде
-
рін жақсы оқыту оқушылардың жоспарлауға, талқылауға, болжауға, ой
бөлісуге, сұрақ қоюға және қорытынды жасауына мүмкіндік беруі керек.
Локсей және басқалар (2013) оқиғаны баяндау тәсілінің бір бөлігі ретін
-
де тақырыптық жұмбақтарды шешу үшін ғылыми идеяларды пайдала
-
нуды насихаттайды. Ол үшін қызығушылықты оятатын қолайлы кон
-
текст пен «құс неге қауырсындарын шоқыды?» деген сияқты «ілмек»
керек.
Практикалық ғылымның жалпы мәселелері ретінде ресурстарды
ұйымдастыруды, мақсаттың нақты
қойылмауын және оқушылардың
өз нәтижелерін талқылауға бөлінетін
уақыттың жеткіліксіздігін ай
-
туға болады (Harlen and Qualter, 2009). Кішкентай балаларға формал
-
ды зерттеуден гөрі ізденіс туралы айту өтімді. Мұғалім ерте балалық
шақтағы балалар мен ересектердің ізденіске ұмтылыстарын бағыттап,
тиісті қолдау көрсету стратегиялары мен қай кезде араласу қажеттігін
шешуі керек (Howe
et al.,
2005).
Ғылыми зерттеуді ұйымдастыруда кейбір маңызды жағдайлар ес
-
керілуі тиіс, атап айтқанда, жұмыс мектептегі жалпы денсаулық сақ
-
тау және қауіпсіздік саясатына сай жүргізілуі керек. Жаратылыстану
пәндерін оқыту қауымдастығы жабдықтар
мен ресурстарды қауіпсіз
сақтау, жылыту, өртеу, микроағзаларды пайдалану және балалардың
далада жұмыс істеуі сияқты мәселелерді
қамтитын арнайы қауіпсіз
-
дік нұсқауларын (2001) шығарады. Топ құрамы – ғылыми сабақтарды
жоспарлаудағы тағы бір маңызды фактор. Топтарға ғылыми зерттеу
үдерісінің қалай жүретінін есіне салып отыратын нұсқаулық карталар
немесе көрнекі ескертпелер берілуі мүмкін.
Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін балаларға, мысалы, ресурстарды
немесе нәтижелерді жазу және ұсыну әдісін таңдайтынын шешіп ал
-
ғанша уақыт пен еркіндік қажет. Сонымен қатар олар өз жұмыстарын
сипаттау үшін тілді қолдана алатынына сенімді болуы керек. Зерт
-
теулерге қарағанда, балалар көбіне шектеулі мақсаттағы құбылмалы
Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
262
нәрселерді бақылаудан гөрі, олар күнделікті өмірдегі әділеттілік деп
түсінетін
Достарыңызбен бөлісу: