Тілдік, сауат ашу және
қарым-қатынас дағдылары
446
байланысты жақсартуға бағытталған көптеген бағдарламалар (мыса
-
лы,
Head Start
және
Sure Start
) енгізілді. Лоу және басқалар (2013) бүл
-
діршіндердің тілінің кеш шығуын шешуге бағытталған
Bookstart, the
Nuffield Early Language Intervention and Talk of the Tow
n секілді аса маңыз
-
ды деп саналатын бағдарламаларды қарастырды. Олар құзырлы орган
-
дарды, ресурстарды ең тиімді әдістерді енгізуге бағыттауға шақырады.
Мектепке дейінгі жаста көрсетілген арнайы тілдік қолдау алдағы
уақытта балалардың бастауыш мектепте одан әрі дамуына оң әсер ете
-
рі сөзсіз. Егер ата-ана баласының оқуына көңіл бөлсе, онда отбасының
қандай әлеуметтік ортадан шыққанына қарамастан, баланың үлгерімі
15 пайызға артады деп көрсетіледі (Centre for Social Justice, 2013). Ата-
аналар немесе қамқоршылар балалармен бірге үнемі кітап оқу, ән, тақ
-
пақ жаттау, кітапханаға бару, оқуға үйрететін ойындар ойнау, сурет салу,
сонымен қатар оларды қонаққа алып бару арқылы балалардың таным
-
дық, әлеуметтік және эмоциялық дамуының негізін қалайды. Бастысы
ата-ананың кім екендігінде емес, үйде баласымен не істейтіндігінде
(Sylva
et al.,
2004). Бүлдіршіндер мен балдырғандардың қарқынды дамуы
ата-анасының үнемі бір нәрсені егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, сөй
-
лесуімен байланысты (мысалы, дауысты құбылту, оқиғаның болу себе
-
бін түсіндіру, оған не түрткі болғанын талқылау және заттарды сипат
-
тау). Хамер (2012: 17) оқиғаларды еске түсіруді
кішкентай балаларға
сөздерді түсінуге және қолдануға көмектесетін аса тиімді әдіс ретінде
көрсетеді. Еске түсіру стилі мыналарды қамтиды:
сұрақ қою (кім, не, қаи�да, т.б.);
ассоциация жасау (оқиғаны баланың алдыңғы білімімен баи�ланыс
-
тыру);
оқиға желісіне ілесіп отыруды (оқиғаның баланы қызықтыратын
тұстарын қуаттап отыру) қолдану;
бағалау;
мақтау.
Хамер бала тілінің ерте шығуына оның әлеуметтік шыққан тегіне
қарағанда, коммуникативтік орта көбірек ықпал етеді деп тұжырым
-
дайды. Докрелл және басқалар (2012)
сыныптағы қарым-қатынасты
жақсартуға (CSC) арналған бақылау құралын шығарды. Бұл үкімет қар
-
жыландыратын коммуникацияны жетілдіруді зерттеу бағдарламасы
аясында пайда болған пайдалы дүниелердің бірі. CSC бақылау құралы
қабылдау мен 1-негізгі кезең сыныптарына бағытталған және арнайы
жүргізілген зерттеулердің ауқымды шолуына негізделген. Мұғалімдер
-
ге 3 өлшемді бақылауға бір сағат уақыт беріледі:
Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары
447
тілді оқыту ортасы (мысалы, кеи�бір сынып бөлмелерінің дисплеи�ін
-
де балалар өз пікірін жаза алады, жарық жақсы түседі, рөлдік ои�ын
-
дар ои�науға болады);
тілді үи�рену мүмкіндіктері (мысалы,
шағын топтарда жұмыс істеу,
сөи�леи� алатын жұп табу, ересектермен белгілі бір құрылым бои�ын
-
ша әңгімелесу);
тіл үи�ренудегі интеракциялар (мысалы, ересектер балалармен қа
-
рым-қатынас кезінде олардың деңгеи�іне түседі, балалардың атта
-
рын
қолданады, сөи�легенде кідірістер жасаи�ды).
Пилоттық зерттеу нәтижелері қоршаған орта факторы бойынша
жоғары деңгей көрсетті, алайда интеракция
мен тілді құрылымдық
тұрғыдан үйретудің тиімділігін дәйектейтін дәлелдер аз.
Достарыңызбен бөлісу: