Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет402/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Қазіргі шет тілдерін оқыту 
Бастауыш мектепте шет тілдерін оқытуға бұрыннан қолдау көр
-
сетіледі. Бүкіл әлемдегі 6 мыңға жуық тілдің ішінен Коалиция үкіметі 
мектепте француз, испан, неміс, итальян немесе мандарин тілін оқыту
-
ды ұсынды. Бұл бес тіл алдағы уақытта жастардың жетістікке жетуіне 
көмектесетін негізгі тілдер деп қаралды. Мәселен, Қытай экономикасы
-
ның қарқынды дамуын ескерсек, мандарин тілі экономикалық өркен
-
деу үшін қажет деп саналады. Қазіргі уақытта әрбір оныншы мемлекет
-
тік бастауыш мектеп тіл сабақтарын мүлде жүргізбейді, ал 20 пайызы 
оны тек кейбір біржылдық топтарға ғана ұсынады (Henry, 2012). Үкі
-
меттің шешімімен Англиядағы Мемлекеттік оқу бағдарламасы мектеп
-
терге 2-негізгі кезеңде шет тілін таңдауда мүмкіндік берді. Бұл оқушы 
кез келген қазіргі тіл немесе ежелгі шет тілін (мысалы, латын немесе 
грек) таңдай алатынын және бір тілде айтарлықтай жетістікке жете 
алатынын көрсетеді. 
Шет тілін үйрену арқылы балалар ағылшын тілінде сөйлеу дағды
-
лары мен сауаттылығын жетілдіреді, сонымен қатар басқа мәдениеттер 
туралы түсінігін кеңейтеді. Заманауи шет тілдерін бастауыш деңгейде 
оқытуды жоспарлау танымдық дамуды қамтамасыз ететін 4 тілдік дағ
-
дыға (тыңдалым, сөйлесім, оқылым және жазылым) негізделуі керек. 
Шақыртылған мұғалімдермен жұмыс істейтін бастауыш мектептердің 
алдында тұрған қиындықтардың бірі – сауат ашу, санау дағдылары және 
басқа да пәндер бойынша бұл мұғалімдерден қолдау күте алмайтыны.
Сонымен бұдан шығатын тұжырым барлық мұғалім өзін тілді оқы
-
татын мұғалім ретінде көруі керек. Заманауи шет тілін жоғары дәреже
-
де оқыту – қарқынды, қызығы мен қиындығы қатар жүретін іс (OFSTED, 
2011). Шет тілі мұғалімдері өзі қолданатын әдіс-тәсілдерін негізгі пән 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
481
мұғалімдерімен бөлісе алады. Олардың алдында тұрған басты міндет 
мұғалімдердің сөзіне және «шамадан тыс модельдеуге» тым көп сенім 
артпау (Tsui, 2003). Француз немесе испан сияқты тілдерді үйрететін 
мұғалімдерге мамандар мынадай ұсыныстар айтады: 
„
оқушыларға шынаи�ы мақсатқа саи� сөи�леуге мүмкіндік беру; 
„
оқушыларға лингвист ретінде еркіндік беру; 
„
сыныпқа және жалпы мектепке қажет тіл «бөліктерін» көрсету; 
„
сабақта мәдениетаралық білім мен түсінік қалыптастыру. 
Еуропалық зерттеулер қазіргі шет тілдеріне деген қызығушылық
-
ты арттыру үшін ауызша сөйлеу дағдыларына, АКТ-ны қолдануға және 
сыныптан тыс жұмыстарға баса назар аударудың маңызды екенін көр
-
сетіп отыр (Eurydice, 2012).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет