Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


-ҚОСЫМША. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЖЕТІК БІЛМЕЙТІН



Pdf көрінісі
бет401/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

11.8-ҚОСЫМША. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЖЕТІК БІЛМЕЙТІН 
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛАР 
„
Олардың аттарын дұрыс айтатыныңызға көз жеткізіп, олармен әр сабақ 
сайын амандасыңыз. 
„
Оқушылардың атыңызды білетініне көз жеткізіңіз: өзіңізді таныстырып, 
атыңызды жазып көрсетіңіз. 
„
Жаңадан келген оқушыны сыныптағы елгезек сыныптасының немесе оны-
мен бір тілде сөйлейтін және аудара алатын баланың жанына отырғызы-
ңыз. 
„
Оқушылардың өз ана тілін қолдана отырып, сабаққа қатысуға ынталанды-
рыңыз. 
„
Жаңадан келген оқушылар басында аз сөйлесе алаңдамаңыз, өйткені тіл-
ді жаңа үйрене бастағанда тыңдауға көп уақыт кетеді. 
„
Тіл үйренуді жаңадан бастаушыларға иә, жоқ, ханым/мырза, рақмет, өті-
нем, бола ма, түсінбедім сияқты негізгі қажетті тіркестерді үйретіңіз. 
„
Олар басқа балалармен қарым-қатынас жасауы үшін жабдықтарды тара-
тып, кітаптарды жинап алуға көмектесуін өтініңіз. Алайда оларға немқұ-
райлы қарамаңыз.
„
Оларды өз пәніңізге қажет жабдық аттарын, таңбаларды немесе термин-
дерді жаттауға ынталандырыңыз. 
„
Суреттер мен жапсырмаларды қолданыңыз. Олар сіздің пәніңіз бойынша 
өздеріне тірек сөздер «сөздігін» жасай алады. 
„
Әр сабақ сайын жаңа сөздер тізімін беруге болады. 
„
Оқушылардан ағылшын сөздерінің олардың ана тіліндегі баламаларын сұ-
раңыз. 
„
Егер оқушылар/студенттер өз ана тілінде сауатты болса, екі тілді сөздік-
терді қолдануға ынталандырыңыз. Олардың үйде сөздіктері болуы мүмкін. 
„
Егер оқушылар/студенттер ана тілінде сауатты болса, мұғалім бастапқы 
сабақтарда сол тілдегі кітаптарды қолдануына болады. 
„
Көрнекі құралдардың, мысалы, видеолар, слайдтар, суреттер, диаграмма- 
лар, флэш-карталар және иллюстрациялық глоссарийлердің пайдасы зор. 
„
Материалды оқуды оқушының өз тәжірибесін ауызша талқылау арқылы 
жеңілдетуге болады. Егер оқу материалы таспаға жазылған болса, оқушы 
оны бір уақытта тыңдап, оқи алады.
(DfES, 2005. © Crown Copyright 2005, 
(Click-Use лицензиясының шарттарына сәйкес қайта басылды)
Сонымен қатар сынып жетекшілері қостілді балалардың тілдік 
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жауапкершілікті өз мойнына 
алуы талап етіледі (DfES, 2004b). 11.8-қосымшада сынып жетекші
-
лері мен стажерлар ағылшын тілін жетік білмейтін жаңадан келген


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
480
балаларға көмек көрсету үшін ұсынған идеяларынан мысалдар келті
-
рілген. Топтық жұмыс мұндай оқушыларға өз қабілеттерін дамытуға 
жақсы мүмкіндіктер бере алады.
Бірақ мәдени тұрғыдан алғанда, білім беру жүйесі Біріккен Король
-
дікке қарағанда формалды болып келетін елдерден келген балалар 
үшін ағылшын тілі жаңа тәжірибе болуы мүмкін. Ағылшын тілі екінші 
тіл болып саналатын балалармен жұмыс істейтін стажерларға арнал
-
ған қосымша практикалық кеңестерді Хьюз ұсынады (Hughes, 2008). Ол 
балаларды мұғалімнің қасына отырғызуды ұсынады, бұл мұғалімнің аз 
нұсқау беруіне көмектеседі, сондай-ақ мұндай балалардан мейлінше ұзақ 
жауап күтпеуді және жергілікті социолингвистикалық тәжірибе туралы 
түсінігін білу үшін қоршаған ортаға серуенге шығаруды ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет