Үздіксіз оқу
564
назардан тыс, ескерусіз, тасада қалып
қойып жатқаны айтылады
(Tooley, 1998: 6). Жетекші ғылыми журналдардағы 241 мақаланы са
-
раптағанда, олардың ішіндегі біреуінің ғана авторы мұғалім зерттеу
-
ші болған. Содан бері білім берудегі ғылыми еңбектердің жариялануы
артқан. Білім министрлігінің сайты соңғы зерттеулерді жариялайды
және Ұлттық архивтегі алдыңғы жарияланған ғылыми еңбектерге сіл
-
теме береді. Солтүстік Ирландияда білімдегі саяси шешім қабылдау
-
шыларды
дәлелді деректермен, ақпаратпен қамтуға арналған білім
туралы ғылыми жұмыстардың дерекқорынан тұратын Зерттеу қорына
мұғалімдердің қолжетімділігі (ARRT) деген мекеме бар. Мұның цифр
-
лық қорында сынып көмекшілерінің жұмысы,
ADHD синдромымен
ауыратын балалармен жұмыс істеу және мұғалімдердің ғылыми жұ
-
мысқа сенімділігін арттыру сияқты тақырыптарда жазылған магистр
-
лік диссертациялар бар. Солтүстік Ирландияның басты оқыту кеңесі
мұғалімдер мен мектептерге арнап бағалау, оқу мен оқытуға қатысты
маңызды зерттеулердің
мазмұны жазылған
Кәсіби жаңалықтарды
жазып отырады. 1928 жылдан бастап Шотландияның білім беру сала
-
сындағы зерттеу орталығы (SCRE) Шотландияның білім беру жүйесін
ғылыми еңбектермен қамтып, қолдап отырады. Глазго университеті
-
нің жанынан құрылған бұл орталық «дінтану сабағының оқытылуы»
сияқты мәселелерді қарастыра отырып, мәдениет, сенім мен шығарма
-
шылық секілді маңызды тақырыптарды зерттейді (Conroy
et al.
, 2013).
Оқыту мен оқуды зерттеу бағдарламасы (The Teaching and Learning
Research Programme – TLRP) Біріккен Корольдіктегі білім беру са
-
ласын зерттейтін ең ірі бағдарлама болды. TLRP 10
жылдың ішінде
(1999–2009) 700 зерттеушінің қатысуымен мына тақырыптар бойын
-
ша 100 жоба жүргізді:
нақты/арнаи�ы оқу бағдарламасында оқыту;
оқу бағдарламасы бои�ынша оқыту;
оқуды оңтаи�ландыру үшін АКТ паи�далану;
оқу ортасын дамыту;
мектептер және инновация.
TLRP-дің ғылыми жұмыстарының нәтижесін Британия Білім беру
индексі арқылы табуға болады (https:// bei.leeds.ac.uk/freesearch/
TLRP/BEISearch.html). Бұл уеб-сайтта
ерте кезеңдегі білім, бастауыш
-
та білім беру және басқа да тақырыптарға қатысты зерттеу мен мақа
-
лалардың мазмұны қамтылған. Мұнда «Мұғалімнің қызметінде оның
тиімділігін арттыратын факторлар» (TLRP, 2006) және «Ғылым сала
-
сындағы дәлелге негізделген тәжірибе» (TLRP, 2004) сияқты түрлі сұ
-
рақтар бойынша пайдалы ғылыми мақалалар бар. Зерттеу жұмыстары
Үздіксіз оқу
565
сыныпқа өзгеріс әкеліп, нәтиже беру үшін ондағы қорытынды идеялар
кәдімгі сыныптағы оқу материалдары сияқты түсінікті болуы керек.
Мектеп басшылары ғылыми зерттеу жұмыстары бағаланатын орта қа
-
лыптастырып, мәдениет орната білуі де қажет.
Достарыңызбен бөлісу: