91
Мұғалімге тән кәсіби
құндылықтар
Тарау мақсаттары
Тарау соңында меңгеретініңіз:
Кәсіби шеберлік ұғымын және мұғалімдер ұстанатын негізгі құнды
-
лықтарды түсіну.
Бастауыш мектеп мұғалімінің рөлі уақыт өте келе қалаи� өзгергенін
және ХХІ ғасыр мұғалімдерінің алдында тұрған міндеттерді анықтау.
Мұғалімдердің балаларды қорғау секілді заңды міндеттерін түсіну.
Басқа мамандармен, ата-аналармен және қамқоршылармен жұмыс
істеу кезінде кәсіби құндылықтарды қалаи� көрсетуге болатыны жа
-
и�ында ои� түю.
Кіріспе
ХХІ ғасырдағы бастауыш мектеп мұғалімінің
рөлі
қандай? Мұға
-
лімдердің күнделікті орындайтын рөлдерін әліпбидегі әріптермен
белгілеп шықсақ, мыналарды қамтиды: есепші, бағалаушы, бала күту
-
ші, балалардың сырт киімін тауып беруші, жаттықтырушы, әзілкеш,
қоғаммен байланыс орнататын маман, үйлестіруші, кеңесші, тобырды
бақылайтын қызметкер, дипломат, бағбан, желеп-жебеуші, инспектор,
судья, жетекші, сиқыршы, менеджер, тәлімгер, министр, желі қызмет
-
кері, медбике, зерттеуші, суррогат ана және техникалық маман. Олар
өздерінің оқыту, мотивация беру, балаларды оқуға ынталандыру се
-
кілді негізгі рөлдеріне қосымша рөлдер жүктеп алады.
Достарыңызбен бөлісу: