Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет164/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

5.4-КЕСТЕ. 
Біріккен Корольдіктің бастауышқа арналған оқу жоспарлары
Оқу бағдарла
-
масы
Англия
Уэльс
Шотландия
Солтүстік Ирландия
Құрылымы
Мемлекеттік оқу бағдар-
ламасы 
Мемлекеттік оқу бағ-
дарламасы
Жоғары деңгейге 
(3–18) арналған оқу 
бағдарламасы
Солтүстік Ирландия-
ның оқу бағдарламасы
Негіздеме
Оқушылардың мектепте 
және қоғамда рухани, мо-
ральдық, мәдени, ақыл-ой 
және физикалық дамуына 
ықпал ету. Оқушыларды 
мектепте ересек өмір 
мүмкіндіктеріне, міндет-
тері мен тәжірибелеріне 
дайындау.
Уэльстің кең ауқым-
ды қажеттіліктерін 
ескеретін, жеке 
оқушылардың сұра-
нысына сай келетін 
ХХІ ғасырға арналған 
оқу бағдарламасын 
даярлау.
Барлық оқушылар-
ға өз қабілеттерін 
дамытуға: табысты 
оқушы, өзіне сенімді 
адам, жауапкершілікті 
азамат және қоғамға 
белсенді үлес қосушы 
болуға мүмкіндік 
беру
Жастарға өз әлеует-
терін дамытуға және 
өмір бойы саналы 
және жауапты таңдау 
мен шешімдер қабыл-
дауға мүмкіндік беру
Жасы
Y1–Y2: KS1 Y3–Y6: KS2 
(5–11)
Y3–Y6 KS2 
(7–11)
P1–P7 (5–12 жас): 
Мектепке дейінгі 
және P1 (Ерте бала-
лық шақ), P2–P4 (Бі-
рінші), P5–P7 (Екінші)
Y3–Y4: KS1 Y5–Y7: KS2 
(5-тен 11-ге дейін) 
Ерте балалық 
шақ
Ерте балалық шақ. База-
лық кезең (нөлден беске 
дейін)
Базалық кезең (3–7) Мектепке дейінгі 
және P1
Y1–Y2: Базалық кезең 
(үштен беске дейін) 
Мазмұны
Негізгі пәндер: 
■Ағылшын тілі
Математика
■ Ғылым
Басқа базалық пәндер 
(RS 1/2):
■ Өнер және дизайн
■ Есептеу
■Тарих
■ География
■ Музыка
■ Өнер және дизайн
■ Дене шынықтыру
■ Дизайн және техно-
логия
■ Шетел тілі (тек KS2)
■Жеке, әлеуметтік, меди-
циналық және эконо-
микалық білім (ЖӘМЭ)
Негізгі пәндер:
■ Ағылшын тілі
■ Математика
■ Ғылым
■ Уэльс (Уэльс орта 
мектептерінде) 
Базалық деңгей 
(KS2):
■ АКТ
■Тарих
■ География
■ Музыка
■ Өнер
■ Дене шынықтыру
■ Дизайн және тех-
нология
■ Валий тілі екінші тіл 
ретінде 
Дінтану
■ Жеке және әлеу-
меттік білім
Тәжірибе мен нәти-
желерге негіздел-
ген оқу бағдарла-
масы:
■ Ғылым
■ Тіл
■ Математика
■ Көркем өнер
■ Қоғамдық пәндер
■ Технологиялар
■ Денсаулық және 
әл-ауқат 
■ Дін және мораль 
туралы білім
Оқу бағыттары
■Тіл және сауат ашу
■ Математика және 
санау
■ Өнер (Өнер және 
дизайн, Драма және 
Музыка)
■ Бізді қоршаған әлем 
(география, тарих 
ғылымы және тех-
нология);
■ Жеке даму өзара 
түсіністік
■ Дінтану 
■ Дене шынықтыру
■ Коммуникация 
Басқалары
■Тіл, сауат ашу, санау;
■Cymreig оқу бағдар-
ламасы
■Тұрақты даму мен 
жаһандық азамат-
тыққа қажет білім 
беру
■ Ойлау дағдылары
■АКТ
Кәсіпкерлік
■ Азаматтық
■Тұрақты даму
■ Халықаралық білім 
беру
■ Шығармашылық
■ Оқу, өмір және жұ-
мыс дағдылары
■ Қолданбалы мате-
матика 
■ Қолданбалы ақпарат 
пен коммуникатив-
тік технологиялар
Ойлау дағдылары және 
жеке қабілет
■ Проблеманы шешу 
және шешім қа-
былдау;
■ Өзін-өзі басқару
■ Өзгелермен жұмыс
■ Ақпаратты басқару
■ Шығармашылыққа 
үйрену
■ Дінтану
Дереккөздер:
England, DfE (2013); Wales, www.wales.gov.uk; Scotland, www.educationscotland.gov.uk; 
Northern Ireland, www.nicurriculum.org.uk


Кәсіби білім мен түсінік 
208
Бұл мұғалімнің сыныптағы әр баламен қалай қарым-қатынас ор
-
нату керектігін жақсы білгені анық. Ол үшін мұғалім оқушылардың 
дамуы туралы біліммен ғана шектелмей, олардың әртүрлі тақырып
-
тар бойынша қызығушылықтарын да білуге тиіс. Мойлз және басқалар
(2002: 131) ерте балалық шақтың үздік мұғалімдеріне «шыдамдылық», 
«төзімділік» және «әзілқойлық» секілді өзіндік қасиеттері тән екенін, 
оны әріптестері мен ата-аналар да бағалайтынын көрсетеді. Олар кіш
-
кентай балдырғандардың мектептегі алғашқы тәжірибелерін есте қа
-
ларлықтай жағымды әрі сынға толы сәттермен өткізуге тырысады. 
Олар әр баланы танудың қаншалықты қымбат екенін біледі, сондықтан 
олармен қарым-қатынас орнатуға уақытын да, күшін де аямайды.
Соңғы жылдары кіші мектеп жасындағыларды оқытуға деген бү
-
кіләлемдік қызығушылық айтарлықтай өсті, мысалы Жаңа Зеландия
-
ның «Te Whariki» және «Reggio Emilia» атты мектепке дейінгі тәрбие 
бағдарламасында (5.5-кестені қараңыз) қоғамның қолдауына, бай 
сенсорлық тәжірибе енгізуге, білім беру ісіне балалардың белсенді 
араласуына баса назар аударылуда. Біріккен Корольдіктегі тағылым
-
дамадан өтушілер Скандинавиядағы ерте балалық шақтағы балалар
-
дың көрсеткіштерін көріп, таңғалып қайтты. Алғашындағы қаржылық 
қиындықтарға қарамастан, Уэльс Қорының фазасы (DCELLS, 2008) не
-
гізінен, бейресми және ойынға негізделген тәжірибені жақтайтын пе
-
дагог мамандардың қызығушылығын тудырды. Қор фазасы белсенді 
оқуға, сөйлеуге және тыңдауға, балалардың өз жұмыстарын жоспар
-
лау мен талдауына мүмкіндік беріп, дағдыларын дамытуға баса назар 
аударуды көздейді.
2000 жылы Англияда 
Foundation Stage
деген кезең енгізіліп, ол рес
-
ми түрде бес жасқа дейінгі балалар үшін маңызды деп танылды (Basford 
and Hodson, 2008). Бірақ оған сын айтушылар да табылды. Ерте бала
-
лық шақ қоғамдастығындағылардың көпшілігі үкіметтің Уэльстегідей 
жұмысқа кешенді тұрғыдан қарайтын біртұтас бағдарламаның орнына 
алты бағытты қамтитын қолайсыз бағдарлама ұсынғанын айтып ша
-
ғымданды. Оқу нәтижесіне емес, оқу тәжірибесін сипаттауға баса назар 
аударылған 
Қор фазасына арналған бағдарлама нұсқаулығында 
біраз 
жеңілдіктер болды DfEE, 2000). Алайда ерте балалық шақтағы оқыту 
мақсаттарының өзгеріссіз қалғанына сын айтушылар көп болды. Мыса
-
лы, Солер мен Миллер (2008: 58) ерте балалық шаққа арналған бағдар
-
ламада бәсекеге қабілеттілікке басымдық берілген деп санайды: «Бас
-
ты мақсат – балалардың бәрін жеке дара дамытып, бәріне қолжетімді 
болу емес, жетістікке ұмтылып, шеберлікке негізделген мақсатқа қол 
жеткізе алатындарына көмектесу».
Жалпы алғанда, бітпейтін бастамалар ағыны мен саясаттағы өзге
-
рістер шиеленісті күшейте түседі. Англияның өзінде ғана 1998–2008 жж. 


Кәсіби білім мен түсінік 
209
аралығында ерте балалық шақта білім беруге қатысты «Үш баланың 
тууы» (DfE, 2002), «Түзету енгізілген базалық кезең» (2007 ж.) және «Ерте 
балалық шаққа кіріспе. Кәсіби мәртебе» атты тұжырымдамалар аясында 
кем дегенде жиырма жаңа саясат жүргізілді (Nutbrown 
et al., 
2008). Осы 
кезден бастап Тикель Ревью (2011) ерте балалық шақтың базалық кезе
-
ңінде білім беру мақсаттарының санын азайту арқылы білім беруді же
-
ңілдету қажеттілігін мойындады. Бұл ұсыныстар ерте балалық шақтың 
базалық кезеңінің (ЕББК) 2012 жылғы нормативтік-құқықтық базасын
-
да көрініс тапты. ЕББК кішкентай балдырғандар оқуға, ойнауға, дос болу
-
ға және өз ойын айтуға дайын дегенді білдіретін «мектепке дайындық» 
тұжырымдамасын негізге алды. Оның қағидалары мыналар:
y
әр бала – үнемі білім алуға ұмтылатын, икемді, қабілетті, өзіне сенім
-
ді, ерекше бала;
y
балаларға деген жағымды қатынас қана оларды күшті, тәуелсіз ете 
алады; балалар алған тәжірибесі өз қажеттіліктеріне саи� келетін, 
тәрбиеші мен ата-ана/қамқоршы арасында мықты серіктестік қа
-
лыптасқан оңтаи�лы ортада ғана оқып, дамиды; 
y
балалардың оқу, даму жолы мен қарқыны әртүрлі. Бұл құрылым ерте 
балалық шақтағы барлық балаларды, сондаи�-ақ ерекше білім алуға 
мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен қорғауды қамтиды.
(DfE, 2012: 3)
Бұл қағидаларды дәйектейтін нанымды дәлелдер де бар. Мысалы, 
«Мектепке дейінгі білім беруді тиімді қамтамасыз ету» (Sylva 
et al.,
2004) 
атты зерттеу ата-аналарымен араласудың маңыздылығы мен мектепке 
дейінгі сапалы тәрбиенің балалар әл-ауқатына әсерінің тұрақты екенін 
көрсетті. ЕББК оқыту бағыттары туралы тұжырымдарды қамтитын 
«Ерте балалық шақтың базалық кезеңінде дамыту мәселелері» атты 
нормативтік емес нұсқау (Early Education, 2012) тарапынан қолдау тап
-
ты. Оқытудың басты яки негізгі бағыттарына, атап айтқанда, қарым-
қатынас және тіл, физикалық даму, жеке және әлеуметтік даму мәселе
-
леріне ерекше назар аударылады (5.2-сызба).
Шотландияда ерте балалық шақтағылармен жұмыс істейтін тәр
-
биешілер «Әр балаға дара тұлға ретінде қарау» (Scottish Government, 
2008), «Туғанға дейінгі кезеңнен үш жасқа дейін: Шотландия балала
-
ры мен отбасылары үшін оң нәтижелер (Learning and Teaching Scotland, 
2010)» атты ережелер жинағы мен қағидаларын басшылыққа алады: 
Бүлдіршіндер мен балдырғандар дені сау, алғыр, тәрбиелі, белсенді, 
сыйлы, жауапкершілікті, жаңалыққа ашық, ең алдымен қауіпсіз болуы 
керек. Бұл нәтижелер – балалар әл-ауқатының көрсеткіші. Ереже 4 қа
-
ғидатқа негізделуі керек:


Кәсіби білім мен түсінік 
210
y
балдырғанның жалпы әл-ауқаты мен денсаулығына, тамақтануы 
мен қауіпсіздігіне ықпал ететін ересек адам тәрбиесінде болу құқы
-
ғы; 
y
күліп қарсы алу, құшақтау, оң пікір аи�ту сияқты сенім қалыптасты
-
ратын қарым-қатынас; қауіпсіз, сенімді, өзіне таныс, жақсы көретін 
ортада оқу; 
y
балалар өзін қауіпсіз әрі керек екенін сезіну үшін олармен достық қа
-
рым-қатынас орнату, уақытын арнау, жанында болу, яғни қамқорлық 
таныту; 
y
баламен ақылдасу, оны іс-әрекетке араластыру, өз үлесін қосуына, 
сезімін білдіруіне, ои�ын аи�туына мүмкіндік беру, яғни оған құрмет 
көрсету.
(Learning and Teaching Scotland, 2010)
Солтүстік Ирландиядағы Базалық деңгей де (CCEA, 2006) осыған 
ұқсас қағидаларды негізге алады, онда оқуға практикалық, интерак
-
тивті және оңтайлы мүмкіндіктер жасауға баса назар аударылады.
Ерте балалық шақ саясатына байланысты риторикада көп ортақ пі
-
кірлер болса да, мектептер қабылдаған әдістемелердің айырмашылық
-
тары бар (5.5-кесте). Мысалы, Штайнер Вальдорф мектептері күрделі 
технологияларды орта мектеп жасына дейін қоя тұрып, «таза тәжірибе» 
ұсынуға тырысады. Бұл экранға тым көп қарау кіші мектеп жасындағы 
балалардың дамуына зиян деген пікірге негізделген. Технологияға де
-
ген мұндай көзқарас бұл мектептердің тексерістің үздік есебін алуына 
еш кедергі болмайды (мысалы, Глостердегі мектеп испекция қызметін
-
дегі Уинстоун мектебін қараңыз (School Inspection Service, 2009). Деген
-
мен баланың өз әлеуетін іске асыруда ерте балалық шақтың маңызды 
екенін көрсететін пікірлер де жиі кездеседі. Соңғы онжылдықтарға 
тән бастауыш білім беру стандарттарына негізделген бағдарламалар 
көптеген себептер бойынша сынға ұшырады. Себептердің бірі – білім 
беруге қарсы қозғалыстардың пайда болуы. Олар баяу білім беру, жал
-
пы білім беру және адами ауқымды білім беруді қамтиды, олардың 
барлығы мақсаттарға, тестілер мен жетістік деңгейіне негізделген оқу 
бағдарламасынан гөрі тереңдетілген оқуды жандандыруға ұмтылады
(Barker, 2012). Бұл қозғалыстар маргинал мүдделерді көрсеткенімен, 
қарапайым мұғалімдер өз ұмтылыстары мен басты философиясы тура
-
лы ой толғап, тұжырым жасауына болады. Балдырғандармен әңгімеле
-
суге уақыт бөлу, олардың қызығушылықтарын анықтау және оларға өз 
идеяларын іске асыруға мүмкіндік беру – ерте балалық шақ тәжірибесі
-
нің маңызды қағидаттары.


Кәсіби білім мен түсінік 
211
Арнайы бағыт
тар балалар
дың 
қоғам өміріне оңай ар
аласуына 
қаж
ет дағдылар мен білімді 
қамтиды. • Сауат ашу • Мат
ематика
• Дүние т
ур
алы түсінік
• Көрк
ем өнер және дизайн
Ерекше бала адамдармен, зат- тармен оқу
дың барлық бағыты 
бойынша тиімді оқу сипаты арқылы байланыс орнат
уға ты-
рысады. • ойын және зер
тт
еу
• белсенді оқу • ойлап табу және сыни тұрғы- дан ойлау
Балалар 
қарым-қатынас пен қоршаған ор
та жағда-
йында дамиды. 
Бұл әр о
тбасында өзін-
ше көрініс табады және ж
ек
е қауымдастықтар 
мен мәдениет
тер
ден 
көрінеді.
Бастауыш білім беру – ірг
етас 
қаланатын к
езең, бірлесе жұ-
мыс іст
еу басқа бағыт
тар бо-
йынша дамуға көмект
еседі.
• Жек
е, әлеумет
тік және эмо-
циялық даму
• Қарым-қатынас және тіл
• Физикалық даму


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет