Кәсіби білім мен түсінік
212
5.5-КЕСТЕ.
Ерте балалық шаққа арналған оқу бағдарламасы бойынша бағыттар
Философия Сипаты
High Scope
Балаларға қай материалды қолданғысы
келетініне таңдау ұсыны-
лады. Мұғалімдер бұл таңдауды қолдауда және басқаруда фаси-
литатор рөлін атқарады.
Штайнер
мектептері
Рудольф Штайнердің (1861–1925) идеяларына негізделген мек-
тептер табиғатты зерттеуді, күшті
рухани өлшем мен қоғамға
баса ден қоюды қамтитын оқу жоспарларын ұсынды.
Вальдорф
балабақшасы
«Вальдорф» 1919 жылы алғашқы мектепке демеушілік жасаған
неміс темекі компаниясының атауы. Білім беру Штайнер есімімен
байланыстырылады және шығармашылық пен қиялды дамы-
туға бағытталған. Әр күн «Бас (мысалы, менталды арифметика),
Жүрек (мысалы, драма) және Қол (мысалы, бау-бақша өсіру)»
сабақтарына бөлінеді.
Монтессори
мектептері
Мария Монтессори (1870–1952)
еңбегін негізге алады, бұл білім
беру бағыты бейбітшілік үшін білім мен сезімді дамытуға баса
назар аударады. Негізгі ұстанымдардың бірі мұғалімдер «бала-
ның жолымен жүруі» керек.
Te Whariki
Бұл сөзбе-сөз «тоқылған кілем»
дегенді білдіретін, Жаңа Зелан-
диядағы Маори қауымдастығынан шыққан сөз. Әр бала үшін оқу
бағдарламасын даярлауда білім берудің 5 жібі бірге өріледі: әл-
ауқат, үлес, қызығушылық, қарым-қатынас және ізденіс.
Орман мек-
тептері
Таза ауада ойнау арқылы оқуға негізделген инновациялық тәсіл.
Ол 1950 жылдары Швецияда пайда болып, 1990
жылдары
Біріккен Корольдікте енгізілді. Бастапқыда жоба мектеп алаңында
жүргізіліп, сосын жергілікті орманға көшті. Ол негізгі практика-
лық, әлеуметтік және танымдық дағдыларды дамытуға бағыттал-
ды.
Реджио
Эмилия
Бұл бағыт Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ата-аналар бас-
тауыш мектеп мұғалімі Лорис Малагузцидің
басшылығымен ауыл
мектептерін қалпына келтірген Италияның солтүстігіндегі аудан
атымен аталған (1920–1994). Олар жас балалардың демократия-
лық құндылықтарды түсініп өскенін қалады. Бұл бағыт балалар-
дың оқуын ресми оқу бағдарламасымен
шектемеу керек деген
пікірге негізделген. Нені оқу керектігі мен қайда бет алғанын
шешуде олардың дауысы маңызды болуы керек.
Баяу білім
Біріккен Корольдікте баяу мектептер болмаса да, қозғалыс жыл-
дам тамақтану мәдениетіне қарсы
реакция болып табылады
және Штайнер, Монтессори және Вальдорф ұстанымдарын қол-
дайды. Балалар өздері өсіріп, өздері дайындайтын органикалық
тағамдармен тамақтанады және бір жерге тұрақтап өмір сүруге
үйренеді.