Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет359/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕЙІК
H.Claire құрастырған 
Gender in Education 3–19 A fresh approach
кітабындағы
C. Daly-дің (2004) ‘
The language debate – what is going on here?
мақаласын оқы-
ңыз. Ұлдардың оқу үлгерімі сондай үлкен мәселе емес, оған асыра мән беріліп 
отыр деген аргументпен қаншалықты келісесіз? Қараңыз: www.atl.org.uk 
Поллард және басқалар (2008: 437) әдетте гендермен байланысты 
көп айырмашылықтар «әлеуметтену, үміт арту салмағы және мәдени 
рөлдер» арқылы әлеуметтік тұрғыдан қалыптасатынын айтады. Білім 
саласында жұмыс істеу, ер мен әйел адамның қайсысына лайық екені 
туралы ойлану қоғамда әлі де үрдіске айналып тұр. Ерте балалық шақ 
мекемесінде сабақ беруді таңдаған ер мұғалім (студент) әлі де сенімсіз
-
дікпен бетпе-бет келіп жатады. Бастауыш мектеп мұғалімдері ұлдарды: 
«еті тірі, батыл, тынымсыз, өз-өзіне сенімді, дербес, күш-қуатты, қамқор 
емес, берік және агрессивті» деп, ал қыз балаларды: «мұқият, тиянақ
-
ты, таза, ұқыпты, тәртіпті, бірбеткей, жылауық, кешірімсіз, сөзуар» деп 
тануға бейім тұрады (cited by Martin, 1999: 108). Бұл өз кезегінде ұлдар 
мен қыз балаларды сыныптағы белгілі бір әрекеттерге бағыттауға се
-
беп болуы мүмкін. Бір қызығы, мектеп жүйесі балалардың ата-анасы
ортасы кішкентай кезінен мақтаулы деп таныған қасиетін байқап, соған 
сай жұмыс істей бермейді. Бір жағынан, ұлдарға қарағанда қыз балалар
-
дың мінез-құлқы жақсырақ болады және оларға көбіне әйел мұғалімдер 
жұмыс істейтін бастауыш мектептің берері көп (Parke and Gauvin, 2009). 
Күнделікті тәжірибеде мұғалімдер тапсырма берген кезде жынысқа бө
-
луге жол бермеу арқылы стереотиптерден арылтуына болады. Мысалы, 
қыз балаға автоматты түрде дәрігер немесе хатшы рөлін беруден аулақ 
болу, керісінше ұл мен қызға көшбасшылық рөлін тең беру. Ұлдар мен 
қыз балаларды бірге отыруға және бірге сабақ оқуға жұмылдыруға да
болады. 


Инклюзив практиканы дамыту 
428
Гендерлік алшақтықты азайтуда жақсы нәтижеге жеткен мектеп
-
тер ұлға да, қызға да тиімді болу үшін оқыту стратегияларын өзгерт
-
ті. Дегенмен сабақты шағын бөліктерге бөлу сияқты стратегиялар бір 
мектепте нәтижелі болса, басқа мектепте нәтижесіз болып жататын 
да жағдайлар бар. Бастауыш мектепте ұлдар орын мен әңгімелесуде 
үстемдік етуге бейім тұратыны белгілі және мұның мұғалімге сұрақ 
қою, жауап беру және топтастыру кезінде әсері бар. Коэн және басқа
-
лар (2004) стажерларға ұлдардың оқу үлгерімін арттыру және бала
-
лармен сөйлескенде тілге мұқият болу туралы практикалық ұсыныс
-
тар мен маңызды кеңестер беріп келеді. Құрылған жоспар ұлдарға 
да, қыз балаларға да бірдей мүмкіндік беретіндей мұқият түрде жаса
-
луы қажет. Солтүстік Ирландияда әдеби шолудың бір бөлігінде Лойд 
(2011) мектеп пен қоғамдастықта ұлдарды жұмылдырудың тиімді 
стратегияларын қарастырады. Олардың арасында мұқият құрылған 
сабақ, талқылау формасын пайдалану, мақтау, көтермелеу, кітапха
-
надағы «ұлдар бұрышы» және әкелерді араластыру мәселелері де
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет