Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет371/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

et al., 
2013). 
Америкалық зерттеулер әртүрлі әлеуметтік топқа жататын ба
-
ладардың сөздік қорындағы сөз санында айтарлықтай айырмашы
-
лық барын анықтады. 1980 жылдардан бастап Харт пен Рисли (2002)
Канзас-Ситидегі кәсіби мамандар, жұмысшы және кедей отбасылары
-
нан шыққан 42 мектеп жасына дейінгі баланы зерттеді. 3 жасына де
-
йін кәсіби мамандардың балалары 50 миллионға жуық cөз, жұмысшы 
тап балалары 30 миллиондай сөз, ал өте кедей (мемлекеттен алатын 
әлеуметтік көмекке өмір сүретін) отбасынан шыққан балалар бар-жоғы
12 миллион сөз еститіні анықталған. Сонымен қатар кәсіби мамандар
-
дың балалары 700 мыңға жуық ынталандыратын және бар болғаны 
80 000 жабырқататын сөз естиді екен. Сондай-ақ кедей (мемлекеттен 
алатын әлеуметтік көмекке өмір сүретін) отбасындағы балалардың
60 мыңы ынталандыратын сөз естігенімен, қамықтыратын сөз еститін
-
дері екі есе көп болып шыққан. Әсіресе кәсіби маман ата-аналар өсірген 
небәрі 3 жасар баланың сөздік қорының орташа деңгейі мемлекеттен 
алатын әлеуметтік көмекке өмір сүретін отбасылардағы ата-аналарға 
қарағанда жоғары болған. Харт пен Рисли өте кедей отбасынан шыққан 
балалар мен жұмысшы табының балалары арасындағы сөздік қор ал
-
шақтығын азайту үшін қосымша аптасына 41 сағат тіл курсын жүргізу 
қажет деп есептеді. 
Біріккен Корольдікте жүргізілген зерттеулер де дәл осындай алаң
-
даушылық тудырып отыр (Law 
et al.,
2013). Тек Лондонның өзінде ғана 
әрбір бесінші ата-ана балаларына кітап оқығанда, өзіне сенімді бола ал
-
майтыны анықталған (Jama and Dugdale, 2012). Өкінішке қарай, кез кел
-
ген әлеуметтік топқа жататын ата-аналарының ішінен өз міндеттерін 
ескере бермейтіндері де табылады. Олар білім беруді мектептің ғана құ
-
зіреті деп санайды немесе өз орнын алмастыратын қымбат сыйлықтар 
«сатып алу» арқылы балаларымен бірге уақыт өткізуден бас тартады. 
Нәтижесінде оқушының тілдік дағдыларының нашар болатыны сонша, 
оқуда едәуір қиындық тудырады. Атлант мұхитының жағалауларын
-
дағы сауаттылық деңгейін арттыруға және мектеп пен үй арасындағы, 
әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда тұратын балалармен 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
446
байланысты жақсартуға бағытталған көптеген бағдарламалар (мыса
-
лы, 
Head Start
және 
Sure Start
) енгізілді. Лоу және басқалар (2013) бүл
-
діршіндердің тілінің кеш шығуын шешуге бағытталған 
Bookstart, the 
Nuffield Early Language Intervention and Talk of the Tow
n секілді аса маңыз
-
ды деп саналатын бағдарламаларды қарастырды. Олар құзырлы орган
-
дарды, ресурстарды ең тиімді әдістерді енгізуге бағыттауға шақырады.
Мектепке дейінгі жаста көрсетілген арнайы тілдік қолдау алдағы 
уақытта балалардың бастауыш мектепте одан әрі дамуына оң әсер ете
-
рі сөзсіз. Егер ата-ана баласының оқуына көңіл бөлсе, онда отбасының 
қандай әлеуметтік ортадан шыққанына қарамастан, баланың үлгерімі 
15 пайызға артады деп көрсетіледі (Centre for Social Justice, 2013). Ата- 
аналар немесе қамқоршылар балалармен бірге үнемі кітап оқу, ән, тақ
-
пақ жаттау, кітапханаға бару, оқуға үйрететін ойындар ойнау, сурет салу, 
сонымен қатар оларды қонаққа алып бару арқылы балалардың таным
-
дық, әлеуметтік және эмоциялық дамуының негізін қалайды. Бастысы 
ата-ананың кім екендігінде емес, үйде баласымен не істейтіндігінде 
(Sylva 
et al.,
2004). Бүлдіршіндер мен балдырғандардың қарқынды дамуы
ата-анасының үнемі бір нәрсені егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, сөй
-
лесуімен байланысты (мысалы, дауысты құбылту, оқиғаның болу себе
-
бін түсіндіру, оған не түрткі болғанын талқылау және заттарды сипат
-
тау). Хамер (2012: 17) оқиғаларды еске түсіруді кішкентай балаларға 
сөздерді түсінуге және қолдануға көмектесетін аса тиімді әдіс ретінде 
көрсетеді. Еске түсіру стилі мыналарды қамтиды: 
„
сұрақ қою (кім, не, қаи�да, т.б.); 
„
ассоциация жасау (оқиғаны баланың алдыңғы білімімен баи�ланыс
-
тыру); 
„
оқиға желісіне ілесіп отыруды (оқиғаның баланы қызықтыратын 
тұстарын қуаттап отыру) қолдану; 
„
бағалау; 
„
мақтау. 
Хамер бала тілінің ерте шығуына оның әлеуметтік шыққан тегіне 
қарағанда, коммуникативтік орта көбірек ықпал етеді деп тұжырым
-
дайды. Докрелл және басқалар (2012) сыныптағы қарым-қатынасты 
жақсартуға (CSC) арналған бақылау құралын шығарды. Бұл үкімет қар
-
жыландыратын коммуникацияны жетілдіруді зерттеу бағдарламасы 
аясында пайда болған пайдалы дүниелердің бірі. CSC бақылау құралы 
қабылдау мен 1-негізгі кезең сыныптарына бағытталған және арнайы 
жүргізілген зерттеулердің ауқымды шолуына негізделген. Мұғалімдер
-
ге 3 өлшемді бақылауға бір сағат уақыт беріледі: 


Тілдік, сауат ашу және қарым-қатынас дағдылары 
447
„
тілді оқыту ортасы (мысалы, кеи�бір сынып бөлмелерінің дисплеи�ін
-
де балалар өз пікірін жаза алады, жарық жақсы түседі, рөлдік ои�ын
-
дар ои�науға болады);
„
тілді үи�рену мүмкіндіктері (мысалы, шағын топтарда жұмыс істеу
сөи�леи� алатын жұп табу, ересектермен белгілі бір құрылым бои�ын
-
ша әңгімелесу); 
„
тіл үи�ренудегі интеракциялар (мысалы, ересектер балалармен қа
-
рым-қатынас кезінде олардың деңгеи�іне түседі, балалардың атта
-
рын қолданады, сөи�легенде кідірістер жасаи�ды). 
Пилоттық зерттеу нәтижелері қоршаған орта факторы бойынша 
жоғары деңгей көрсетті, алайда интеракция мен тілді құрылымдық 
тұрғыдан үйретудің тиімділігін дәйектейтін дәлелдер аз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет