Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет420/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

12.1-СЫЗБА.
Бронфенбреннердің экологиялық моделі 
Дереккөз: 
www.c4eo.org.uk/themes/earlyyears/eresource/assets/pdfs/ecologicalmodel.pdf


Мінез-құлықты басқару 
501
расталды. Тиісінше, бала мінез-құлқының қалыптасуына көптеген жағ
-
дайлар әсер етеді: ата-анасының қайтыс болуы, көшу (хроножүйе), іні-
қарындасының туылуы (микрожүйе), әкесінің қызметтік жоғарылауы 
(экзожүйе) немесе салт-дәстүр мен нормативтік-құқықтық жүйелер
-
дің өзгеруі (макрожүйе). Бронфенбреннер ата-аналардың қатысуымен 
Америкалық мектепке дейінгі дайындық бағдарламасының (Head Start) 
негізін жасады. Алғаш құрылған 1965 жылдан бері бұл бағдарлама тұр
-
мысы төмен отбасыдан шыққан 30 миллион баланы оқытып, қолдау 
көрсетті. 
Бронфенбреннердің бұл бастамасы отыз жылдан кейін де өзінің ма
-
ңызын жойған жоқ. Мысалы, қазір Еуропа мен АҚШ-тағы екі баланың 
бірі ата-анасынан бөлек өсіп жатыр (Amato, 2010). Бұл қаржылық қиын
-
дық, ұзақ жұмыс уақыты және әкенің балаларға көп көңіл бөлмеуі сияқ
-
ты әлеуметтік процестерден бөлек қарастырылмайды. Мұның барлығы 
бала мінез-құлқының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Ата-анасының 
арасындағы жанжал – баланың қалыптасуына әсер ететін негізгі фак
-
тор. Бұл ата-аналарынан ажырап кеткен соң да ұзақ уақыт бойы жал
-
ғасады. 
2007 жылы Кембридж университеті бастауыш білім беру туралы 
еңбек жариялады. Бұл еңбекте балалардың пікірі, сынып пен мектеп 
іші және жалпы мектеп қоғамдастығының пікірлері негізге алынған. 
Сауалнама жүргізілген 87 «Зерттеу қоғамдастығының» арасында мы
-
надай керемет нәтижелер түйінделді: 
y
балалар өз мектептерінің саяси талаптары мен жалпы қоғамның 
коммерциялық құндылықтарынан қатты, тіпті шамадан тыс қысым 
көреді; 
y
отбасы мен қоғамдастық арасындағы баи�ланыс үзілген; 
y
екі буын арасында және бір буын ішінде өзара сыи�ластық пен жана
-
шырлық қасиет күрт кеміп барады; 
y
мектептен сыртқары өмір аи�тарлықтаи� қауіпті әрі қатерлі; 
y
әлем жалпы жағдаи�да тез өзгеріп жатыр, тіпті әр уақытта климат
-
тың өзгеруі мен тұрақты дамуға қатысты дабыл қаққанымен, оны 
түсіну оңаи�ға соқпаи�ды.
(MacBeath-тен алынды, 2012:22)
Бұл тиімді оқытуды қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген мұ
-
ғалімдер мен басқа да кәсіби мамандардың міндеті алдыңғы буын әріп
-
тестеріне қарағанда күрделене түседі деген сөз. Баланың когнитивті 


Мінез-құлықты басқару 
502
және мінез-құлық дамуында үйдегі оқу ортасы маңызды рөл атқараты
-
ны күмәнсіз. Алайда кейбір оқушылар тұрмысы төмен отбасынан шық
-
қанына қарамастан мектепте жақсы жетістікке жетеді, ал кейбіреулер 
материалдық жағдайы жақсы отбасынан шықса да оқу үлгерімі нашар 
болып келеді (Desforges and Abouchaar, 2003). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет