Өзіңді таны
69
сына негіздеді. Ішкі бақылау локусы бар адамдар болатын жайдың бә
-
ріне өзін жауапты санайды. Ал сыртқы бақылау локусы бар адамдар
өз әрекетін жолы болғыштығымен немесе басқалардың ықпалымен
байланыстырады. Кейбір ескірген деректер сыртқы бақылау локусына
сенетін мұғалімдердің күйзеліске қатты түсетінін және стреске бейім
екенін көрсетті (Kyriacou and Sutcliffe, 1979; McIntyre, 1984). Бақылауға
алынған мінез-құлықтар марапаттау арқылы күшейеді немесе жазалау
арқылы басылады. Мұғалімдер үшін арнайы индикаторлар жасалып,
сөйтіп олардың сыныптағы іс-әрекетін болжауға мүмкіндік туды. Роуз
бен Медвей (1981: 189) шкаласынан бастауыш мектеп мұғалімдеріне
мысал келтіруге болады:
Егер сынып оқушылары сіз бес минутқа шығып кеткенде сынып
-
ты басына көтеріп шуласа, (а) бұл сіз кетерде оларға қызықты жұмыс
қалдырмағандықтан деген сөз бе, әлде (ә) оқушылар сол күні күнде
-
гіден мазасыз болуы мүмкін бе?
Зерттеу сыртқы бақылау локусы барлар (жоғарыда берілген мы
-
салдағы (а) жауабын таңдағандар) мен балалардың жағымды нәтиже
-
лері арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: