Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет81/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Оқушыларға құрметпен қарау
«Құрмет» сөзі бастапқыда бір нәрсені немесе біреуді қадірлеу де
-
ген мағынада және көбіне ақсүйектерге қатысты қолданылған. Бар
-
лық оқушыны құрметтеуге лайықты тұлға ретінде қабылдау – оқы
-
тудың негізгі құндылықтарының бірі. Бұл эмпатия, сезімталдық және 
әділеттілікті талап етеді. Эмпатия мұғалімге оқушылардың сезімдерін, 
көзқарастары мен тәжірибелерін тануға мүмкіндік береді. Сезімтал 
мұғалім оқушы сөйлемесе де, олардың сигналдарын дене тілі, салған 
суреттері мен жалпы реакциясы арқылы тез түсініп, қабылдайды. Мек
-
тептегі баланың көзқарасын сыйлау және адамгершілік мәдениетін 
дамыту арқылы балаларға құрметпен қарауға болады. Іс жүзінде бұл – 
лайықты орта құруда ересектер де, балалар да жауапты деген сөз.
Сайып келгенде, әділ болуға деген ұмтылыс саясат пен тәжірибеге 
негізделуі керек. Барлық мектептер тең мүмкіндік саясатын жүргізуге 
міндетті, ал мұғалімдерге оның қағидаларын сақтау үшін заңдық және 
моральдық міндет жүктеледі. Уэльстегі бір қалалық бастауыш мектеп
-
те қызметкерлер тең мүмкіндіктерге деген адалдығын балалардың 
мүдделерін ескере отырып, диаграммаға сыйғызу арқылы білдіруге 
тырысты (3.1-сызбаны қараңыз). Бұл мектептегі мұғалімдер құрамы
-
ның тек әйелдерден құралғанын ескере отырып, балалармен жұмыс 
істеуге ерлерді де, әйелдерді де жиі шақырып, олқылықтың орнын 
толтыруға ерекше күш жұмсады. Олардың құрамына бұқаралық ақпа
-
рат құралдарының, жергілікті аурухананың, полицияның, жергілікті 
шіркеу мен мешіттің өкілдері кірді. Ұлдар мен қыздар сыныптан тыс 
әртүрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алды, үлкен оқушылар кіші 
балаларға «тәлімгер» рөлін атқарды, құжаттар мен көрмелерді жос
-
парлау әртүрлі мәдениеттен хабар берді және жаңа қызметкерлер мек
-
тептің нәсілшілдікке қарсы ұстанымына үйретілді.
3.2-сызбада барлық контексте дамытуға ұмтылдыруға
 
қажетті бе
-
рілген білім, дағдылар мен қатынастар көрсетілген. Жәшіктегі пікір
-
лер – бұл тең мүмкіндіктерді қалыптастыратын негізгі дағдылар.
МакБер өз баяндамасында (McBer, 2000) мұғалімдер үшін бала ал
-
дында сөзінде тұрудың, шынайы болудың қаншалықты маңызды еке
-
нін айта келіп, мұның оқушыларды жасанды болудан сақтап, қателік 
жіберуден қорықпай, өз ойын еркін айтуға үйрететінін айтады. Осы қа
-
сиеттердің түпкілікті қалыптасуы балалардың мұғалімнің шынайылы
-
ғына көз жеткізіп, оған сенім білдіруін қамтамасыз ететін өзара сенімді 
тудырады. Сондықтан мұғалім сөзі мен ісі қабыспай, баланың бойында 
екіұдай сезім қалыптастырудан аулақ болғаны жөн. Мысалы, егер мұ
-
ғалім біреу сөйлегенде басқалардың соны тыңдағанын қаласа, онда өзі 
де солай жасауы керек.


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
105
Мектебімізде бәрінің бірін-бірі бағалап, 
құрмет көрсетуі үшін бар күшімізді саламыз:
жазады
тыңдайды
жұмыс істейді
ойнайды
сөйлеседі
қарайды
әрекет етеді
әңгімелеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет