Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
106
Шектен шықпау және тиісті заңға бағыну
Мұғалімдердің құқықтық ұстанымы – ата-ана ретінде (ата-ана ор
-
нына) қамқорлық жасау, қадағалау және немқұрайлылықтың алдын
алу міндеттерін дұрыс орындау арқылы әрекет ету. Бұл сұрақ нақты
анықталмағанымен, мұғалім оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
үшін ақылға қонымды шаралар қолданады және оларды қауіп-қатер
-
ге ұрындыруы мүмкін асығыс немесе қамсыз қадамға бармайды. Коэн
және басқалар (2004) мектептегі студент-мұғалімнің назарында болуы
мүмкін құқықтық мәселелерге баса мән береді. Оған тәртіп мәселесіне
қатысты сұрақтар, қамауға алу, мүліктерді тәркілеу, оқу орнына бару,
жазатайым оқиғалар, балаларды қорғау және деректерді қорғау секіл
-
ді мәселелер жатады.
Мұғалімдерді даярлау стандарттарына
сәйкес барлық мұғалім
-
дер «өзінің кәсіби міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін норма
-
тивтік-құқықтық базаны түсінеді және әрдайым соған сай әрекет ете
-
ді» (DfE, 2013: 10). Жыл сайын жаңарып отыратын Бристоль басшы
-
лығы (Бристоль университеті, 2013) тағылымдамадан өтушілер мен
тәжірибелі мұғалімдер үшін мектептегі кәсіби жұмыстарды реттейтін
ағымдағы заңнама мен нормативтік нұсқауларды қорытындылап, тү
-
сінік беретін маңызды дереккөз саналады. Әртүрлі кәсіподақтар білік
-
ті жас мұғалімдерді нұсқаулықпен қамтамасыз етеді (мысалы, «Өз құ
-
қықтарыңды біл» мақаласын www.nasuwt.org.uk сайтынан қараңыз).
Кейде мұғалімнің кәсіби міндетінің шегінен шығып кететін оқи
-
ғалар жаңалықтар тақырыбына айналып та жатады. Студенттермен
орынсыз қарым-қатынасқа барған, шамадан тыс күш қолданған және
әлеуметтік медианы дұрыс пайдаланбаған мұғалімдер осындай тақы
-
рыптарға мысал бола алады. Мұндай қиын жағдайда мәселелер жалпы
оқыту кеңестеріне немесе Англиядағы Ұлттық оқыту және көшбасшы
-
лық колледжіне жіберіледі. Университеттерге, қайырымдылық ұйым
-
дарына, кәсіподақтарға, жергілікті билік органдары мен орталық үкі
-
метке тағылымдамадан өтушілер мен білікті оқытушыларға өз кәсіби
міндеттерін орындауда және соған сай мінез-құлық пен жат жүріс-тұ
-
рыс арасындағы шекті білуде қолдау көрсету үшін нұсқаулық беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: