Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
115
аймақтағы тиісті ұйымдардың балалардың
әл-ауқатын сақтау және
оған оң ықпал ету үшін қалай бірлесіп жұмыс істейтінін бақылауға
жауап береді. OFSTED (2011) тіпті ең жақсы деген жергілікті қорғаныс
кеңестері өз жұмыстарының балалар мен отбасыларға қалай оң ықпал
етіп жатқанын көрсетуге тырысатынын мойындайды. Мемлекет бала
-
ларды қорғауға қатысты (DfE, 2011b) балалар мен жастардың жеке қа
-
жеттіліктеріне бағытталған, оларға тиімді көмек көрсету деңгейіндегі
жүйеленген орталықтың мәселелері мен процестеріне баса ден қою
-
дың қажеті жоқ екенін айтады.
Мамандықтың ең күрделі аспектілерінің бірі – қиын жағдайға тап
болған балалармен жұмыс. Мектеп саясатын
ұстану қажет екеніне
қарамастан, бәріне бірдей сәйкес келетін әдіс жоқ. Жеке балалардың
кемшіліктерімен, ерекшеліктерімен танысу пасторлық қамқорлықтан
бастау алады. Жалпы алғанда, Пакард және басқалар (1997: 54) қиын
балалармен жұмыс істеу бойынша мынадай ұсыныстар айтады:
1) қатал да, жұмсақ та бола біліңіз;
2) ата-анасынан немесе қамқоршысынан мектепте қалғысы келмей
-
тін балаларды тез
арада алып қалуға тырысыңыз;
3) бала ренжулі болса да, одан үміт күтуден танбаңыз;
4) егер ренжіп отырған бала көтеріліп кетсе, айналаңыздағыларды
көмекке шақырыңыз;
5) баланың
тынышталуына уақыт беріп, оңаша қалдырыңыз;
6) басқа балаларды оқшаулап ұстаңыз;
7) балалардың үміт күту –
ең басты нәрсе;
8) балалардан неге ренжігенін түсіндіріп беруін күтпеңіз;
9) балалар сіздің тәртіпке шақырғаныңызға ренжісе де, оларды беті
-
мен жібермеңіз;
10) балалардан «Маған бірдеңе айтқыларыңыз келе ме?» деп сұраңыз.
Дегенмен сыныптағы жағдай ұсынылған әдістерді орындаудан
әлдеқайда күрделі болатыны белгілі. Бала үшін бұл әлем физикалық,
эмоциялық күш көрсету арқылы ғана қарым-қатынас жасауға болатын
қатал әрі суық адамдар ортасы болып көрінуі мүмкін. Мұғалім баланың
мүддесі үшін олардың атынан жауапты
шешімдер қабылдауы керек
(3.2-қосымша).
Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
116
Достарыңызбен бөлісу: