Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет93/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Британ құндылықтары
Мұғалім стандарттарына
«фундаменталды Британ құндылық
-
тарын» енгізу (DfE, 2013a) білім беру жүйесіне экстремистік көзқа
-
растың еніп кетпеуін бақылай отырып жүргізілуі керек (Civitas, 2009: 
Maddern, 2013). Мұғалім заңның үстемдігін, жеке бас бостандығын, 
өзара сыйластықты құрметтеуі және әртүрлі дін мен сенім өкілдеріне 
толерантты болуы тиіс екенімен келіспейтіндер аз. Әрине, бұл құн
-
дылықтар тек Ұлыбританияға ғана тән құндылықтар емес. Мысалы, 
әралуандыққа құрмет – БҰҰ-ның басты құндылықтарының бірі. Деген
-
мен Британияда толеранттылықтың мақтан тұтарлық (идеал болма
-
са да) дәстүрлері бар. Жақында дүниежүзілік құндылықтар бойынша 
жүргізілген сауалнама Британияны ең толерантты 80 елдің алдыңғы 
қатарына қойды. Британдықтардың тек 2 пайызға жетер-жетпес бөлі
-
гі ғана діні басқалармен көрші болуға наразы (Henderson, 2013). Бұл 


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
118
дәстүрлі толеранттылық көзқарас иммиграция салдарынан аурухана 
мен мектеп сияқты мемлекеттік қызмет көрсету орындарында орын 
алған кейбір келеңсіздіктерге байланысты күмән тудырып отыр. Лорд
Эшкрофтың 20 000 адамнан алған сауалнамасы нәтижесіне сәйкес 
британдықтардың тек 17 пайызы ғана иммиграцияның Ұлыбритания 
үшін оң ықпалы болды деп есептейді (Pearson, 2013).
Коалиция үкіметі 2014 жылы енгізілген Мемлекеттік оқу бағдар
-
ламасына британдық мөр қоюға дайын. Бұл тұрғыда тарихты оқыту 
бағдарламасында британ тұлғаларын, оның ішінде креативті ойшыл
-
дарды (мысалы, Изамбард Кингдом Брюнель мен Кристина Россетти),
ғалымдарды (мысалы, Исаак Ньютон мен Майкл Фарадей) және әлеу
-
меттік реформаторларды (мысалы, Элизабет Фрай және Уильям
Уилберфорс) оқыту басымдыққа ие. Британдық болу дегеннің не екенін 
түсіну тек танымал адамдарды, оқиғаларды, мекемелер мен рәсімдерді 
білумен шектелмейді. Бұл адамдардың бір-бірімен сыныпта, мектепте, 
көшеде және жалпы қоғамда қалай қарым-қатынас жасайтынынан бас
-
талуы керек. Кіші мектеп жасындағы балалар өз тарихын, оларды өз 
елімен не байланыстыратынын, өзгелерден ерекшелігі не және қандай 
ортақ қасиеттері бар екенін, сондай-ақ өміріне қатысты қазіргі жаңа
-
лықтар туралы білуі керек. Балалар үшін құндылықтар өте абстрактілі 
болуы мүмкін, сондықтан оларды нақты өмірмен байланыстырғаны 
жөн. Мұғалімдер жыл сайынғы 
Pride of Britain
сыйлығына көпшілікті 
табандылығымен, батылдығымен және қонақжайлылығымен таңғал
-
дыратын қарапайым британдықтардың тәжірибесін ұсынады. Педа
-
гогикалық тұрғыдан алғанда, мұғалімдер күн сайын құндылықтарды 
қалай модельдеп жүргенін қарастырғаны абзал.
Мұғалімдердің құндылықтармен байланысты бірегейлік жайын
-
да қарастыруы тиіс негізгі сұрақтар: Олар өзін кім ретінде көреді?
Британдық болу дегеніміз не? Британдықтардың басқалармен қандай 
ұқсастығы, қандай айырмашылығы бар? Адамдарға бірнеше бірегей
-
лік тән болуы мүмкін бе? Белфастта туғандар өзін ирланд немесе бри
-
тандық санай ма? Кардифф мешіттерінде мінажат ететіндердің үшінші 
буыны өзін Уэльс мұсылманы санай ма? Бұл маңызды ма? «Британ құн
-
дылықтарының» күн тәртібі нені меңзейді? (Grigg, 2014).
Балаларға британ құндылықтары мен мұраларын оқытудың көп
-
теген шығармашылық тәсілдері бар. Балалар бірегейлік мәселесін өз 
есімдері, отбасы тарихы, ұлттық таңбалар, ою-өрнектер, белгілер, та
-
ғамдар, музыка, би, поэзия, кейіпкерлер мен аңыздар арқылы зерттей 
алады. Ұлыбританияның алуантүрлілігін аша түсу үшін балаларды 
таптаурын болған түсініктер аясынан алып шығу керек. Осы орайда 
Бенджамин Зефанайяның «Британдық» әзіл-сықақ өлеңіндегі бри
-
тандықтардың «балқытатын қазанын» талқылаудан бастаған жөн


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
119
(
in
Wicked World
, Puffin, 2000). Балалар ағылшын, шотланд, ирланд 
және валлийлер арасындағы қарым-қатынасты спорт, музыка, тіл және 
саясат сияқты контексте талқылай алады. Жаңалықтарда балаларды 
қызықтыратын бірегейлік мәселелері бойынша үнемі пікірталастар 
болады. Мысалы, Англия футболшысы Джек Уилшердің «Англия үшін 
ойнауы керек адамдар болса – бұл ағылшындар» деген пікірі отқа май 
құйғандай болды (Fifield, 2013). Британия әрдайым көп мәдениетті қо
-
ғам болды, сондықтан балаларға этникалық аз ұлт өкілдерінің өз елді 
мекендерінің және жалпы ұлттың тарихын жасаудағы үлестері туралы 
қоғамдық жобалар арқылы білуі өте маңызды (Grigg and Hughes, 2013).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет