Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
120
Сенім білдіру тұрғысынан адам құқықтары жөніндегі Еуропалық
сотқа христиан қызметкерлерге жеке сенімінің нышаны ретінде жұ
-
мысқа крест тағуға рұқсат етуге бола ма деген мазмұндағы іс түсті.
Адам құқықтары туралы заңнама басқалардың құқығын қорғау үшін
сөз бостандығы мен діни сенімді шектейді. Демек, «Жетінші күн ад
-
вентисінің» мұғалімі гомосексуализмді «жиіркенішті» әрі «күнә» деп
сипаттағаннан кейін, кәсіби тұрғыдан орынсыз әрекеті үшін
белгісіз
мерзімге сабақ беруіне тыйым салынды. Бастауыш мектеп мұғалімі
And Tango Makes Three
(Richardson and Parnell, 2005) атты оқып жатқан
кітабында бір жыныстық қатынастарға қолдау көрсетілетіндігі өз се
-
німіне қайшы келетіндіктен, әрі қарай оқуын тоқтатқаны жайлы оқи
-
ға Парламентте талқыланды. Бұл жағдайды білген мектеп директоры
мұғалімді сыныптардан шеттеткен, себебі мектеп саясаты гомосексуа
-
лизмді қолдайды. Мұғалімдер мектепте саяси көзқарас тұрғысынан
төзбеуді насихаттайды деген қауіппен олардың Британия ұлттық пар
-
тиясы сияқты оңшыл ұйымдардың мүшесі болуына тыйым салу тура
-
лы ұсыныстар да болды.
Пікірталас – күнделікті өмірдің бөлшегі. Балалар жан-жақты да
-
мыған азамат ретінде қалыптасу үшін тыңдай алуы, өз көзқарастарын
алға тарта білуі және ойларын өзгертуге дайын болуы керек. Дәлелдер
-
ді түсіне алу мен импульсивті реакциялардан аулақ бола білу – маңыз
-
ды дағдылар. Балалар мен жастарға шынайы өмірден алыс білім мен
дағдыларды үйрету оларды қазіргі
әлемнің қиындықтарына қарсы
тұра алмайтын адам етіп шығаратыны жалпыға мәлім (Oxfam, 2006).
Үздік мұғалім баланы қиын мәселелерден алыс ұстамайды, әйтсе де
оларды өзі туралы ойлануға үйретеді, өз сезімдерін білдіруге көмек
-
теседі. Балалардың көбі кедейлік, соғыс, жануарлар құқығы, жаһандық
жылыну және қарым-қатынас сияқты мәселелер жайлы көбірек білгі
-
сі келеді. Эмоциялық мәселелерді шебер шешу, талқылау балалардың
ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, өзара төзімділік пен жанашырлық
сезімін дамытады. Қазір мұғалім үшін өз көзқарасын бөлісуге, даулы
мәселелерді шешуге және басқаларды құрметтей білуге
көмектесетін
материалдар жинағы қолжетімді.
Дау туғызуы мүмкін мәселелерді оқытудың құқықтық жақтары
1996 жылы «Білім туралы» заңда көрсетілді, онда мектеп басшылығы
-
нан, мектеп директорлары мен жергілікті білім беру басқармасынан
саяси және даулы мәселелер жайында оқушыларды хабардар еткенде,
олармен тең дәрежедегі қарама-қарсы
көзқарастарды ұсыну секілді
орынды практикалық шараларды қолдануды қамтамасыз ету талап
етілді. Бұл оңай емес, өйткені «тепе-теңдік» сыныпта, қауымдастықта
немесе БАҚ сияқты тұтас қоғамда айтылған біржақты көзқарасқа қар
-
сы тұруды білдіруі мүмкін.
Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
121
Крик азаматтық туралы баяндамасында (1998) мұғалімдерге қай
-
шылықты мәселелерді шешуге көмектесетін 3 тәсіл ұсынады. Бейта
-
рап орындық мұнда мұғалімдер пікірталас жүргізеді, бірақ өз көзқарас
-
тарын білдірмейді. Келесі теңестірілген тәсілде мұғалім оқушыларды
барлық көзқарастарды талқылауға ынталандырып, қажет болса «ібі
-
лістің қорғаушысы» ретінде әрекет етеді.
Мұғалімнің өз ұстанымын
жариялайтын үшінші тәсілде мұғалім өз көзқарасын айтып, балаларды
ойын дәлелдеу арқылы келісетіні немесе келіспейтіні туралы мәлімде
-
ме жасауға ынталандырады.
Азаматтық қор (Huddleston, 2003: 4) мұны әрі қарай жетілдіріп, іс
жүзінде қалай қолдануға болатыны туралы кеңес береді:
қарама-қаи�шы көзқарастар мен пікірлерге бірдеи� мән беру;
барлық ақпарат пен пікірді түсіндіру үшін ашық ету;
сыныпта барлық оқушылар қорықпаи�, шынаи�ы көзқарастарын ер
-
кін білдіруіне мүмкіндік беретін жағдаи� туғызу.
Үздік мұғалім даулы мәселелер бойынша төмендегідей нақты ере
-
желерді қолданудың маңызды екенін біледі:
y
бір уақытта бір адам сөи�легені жөн, сөз бөлінбеуі керек;
y
басқалардың
көзқарасын құрметтеу қажет;
y
адамға емес, идеяға қарсы шығуға болады;
y
нәсілшілдік пен сексистік пікірлерден ада, мақсатқа саи� тілді қолда
-
ну;
y
барлығының ои�ы тыңдалып, құрметке ие болуы үшін әркімге өз көз
-
қарасын білдіруге мүмкіндік беру;
y
оқушылар өз көзқарасының қалыптасуына не себеп болғанын аи�туы
керек.
(Oxfam, 2006: 6)
Топ немесе сынып арасында пікірталас өткізген кезде мұғалімдер
бейтараптықты, бет әлпеті, ым-ишаралар мен дауыс тондары немесе
біржақты көзқарасқа қарсы тұра алмау сияқты кемшіліктері арқылы
жеткізуіне болады.