172
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Эксперимент жүргізудің артықшылықтары мен кемшіліктері
«Егер де мен … істесем, не болады?» деп аи�тып, содан соң ол сценарии�ді құ-
растырып, нәтижелерге қалаи� қол жеткізетініңді ои�лау да ғанибет. Шынымен
де, тамаша емес пе? Қоршаған ортаны өз қалауыңызша өзгертіп, ол өзгерістерді
бақылап,
нәтижелерін жазып алып, жағдаи�ды қаперіңізде ұстар едіңіз.
Эксперименттер дұрыс жүргізілсе, себеп пен салдарға баға бересіз; топтарды
салыстырасыз; зерттеу әуелден шынаи�ы контексте ұи�ымдастырылса, шынаи�ы
іс-әрекеттер мен оған қарсы іс-әрекеттерді бағамдаи�сыз; респонденттердің
есте сақтау қабілетіне немесе гипотетикалық жағдаи�ларға бағынышты болудан
сақтанасыз; стандартталған сандық деректер мен терең сапалық деректердің
екеуін де жинақтауға мүмкіндік аласыз.
Бәрі де тамаша сияқты. Бірақ тіпті де олаи� емесін өзіңіз де сезген боларсыз.
Жеке адамдарды, әсіресе әлеуметтік контекске қатысты зерттегенде экспе-
рименттік дизаи�ныңыздан тысқары ықпалдарды бақылауда ұстау өте қиын.
Әлеуметтік ғылымдарда эксперимент жүргізгенде мынаны естен шығармаңыз:
1) дизаи�ныңызда тепе-теңдік бар ма (мысалы, тәуелсіз аи�нымалыны өз қалауы-
ңызша өзгертуіңіз қандаи� да болсын жеке адамдардарды/топтарды артық көру
не кемсіту болып қалмаи� ма?); 2) зерттеу дизаи�ныңыз зерттеуге қатысушылар
келісетіндеи� етіп құрылған ба?; 3) қатысушылар экспериментке толық қатыса
ма?; 4) қате пікірілеріңізді мои�ындаи� аласыз ба?; 5) зерттеу дизаи�ныңыз сыртқы,
аралас немесе аралық аи�нымалыларды (әдіснамалық дизаи�ныңыздың бөлігіне
жатпаи�ды, алаи�да зерттеуіңізге ықпал етеді) басқара ала ма?
1920 жылдары классикалық жұмыс орнында эксперименттер сериясы негі-
зінде жүргізілген Хоуторнның зерттеуі (Mayo, 1933; Roethlisberger and Dickson,
1939) әлеуметтік ғылымдарда эксперимент жүргізудің және шынаи�ы өмірде
кездесуі мүмкін қиындықтардың ерекше мысалдарын келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: