Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет163/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Әдіснамаларды түсіну: 
сандық және сапалық тәсілдер
 


164
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сандық және сапалық зерттеу тәсілдерін білу
Білім өндіру ешқандаи� талас тудырмаса, онда бәрі тым жеңіл болар еді, бірақ 
оның несі қызық? «Әлемді түсінудің ең тиімді жолы қаи�сы?» деген пікірталас 
осы уақытқа деи�ін әлеуметтік ғылым саласындағы ғалымдардың ең сүи�ікті 
ісі болып келді. Оның ішінде сандық және сапалық тәсілдер кең талқыланады. 
Менің ои�ымша, сандық және сапалық деи�тін екі ұғым әдістер тілінде ең көп 
шатастырылады. Семестр барысында менен бірнеше рет «Сандық дәстүрді ұс-
танатын әлеуметтанушысыз ба, әлде сапалық дәстүрдегі әлеуметтанушыға 
жатасыз ба?» деп сұраи�ды. Бұл сұрақтың ешбір мәні жоқ дер едім. «Аталған 
терминдер зерттеушіні, әдіснаманы не әдісті сипаттауға ыңғаи�лы сөз» деген 
пікірмен келіспеи�мін. Ол терминдерді дерек түрлері мен оларға сәи�кес келетін 
талдауға қатысты қолданылатын сын есімдер ретінде қарастыру әлдеқаи�да 
паи�далырақ. Сапалық дерек дегеніміз – тақырыптық зерттеуді қолданып талда-
натын сөздер, суреттер немесе белгішелер; ал сандық деректер сандар арқылы 
беріледі және статистиканы паи�далану арқылы талданады.
Дегенмен сандық және сапалық дәстүрлер, өкінішке қараи�, зерттеушінің 
тұтас түсінік қалыптастыру әлеуетін шектеп, әдістерді дихотомияландыруы 
мүмкін. Мысалы, сандық зерттеу көп жағдаи�да гипотеза, аи�нымалылар мен 
статистикаға жүгінеді, кең ауқымды, бірақ аса терең емес сингулярлы ақиқатты 
тапқысы келетін объективті позитивистік ізденіс ретінде сипатталады. Ал сапа-
лық зерттеу терең зерттеу арқылы сан түрлі өмір шындығын қабылдаи�ды және 
позитивистік қағидаларды мои�ындамаи�ды. Алаи�да мұндаи� процестер субъек-
тивті, құндылығы төмен, қате және кеи�де әдеи�і қате жасалған деп аи�ыпталуы 
мүмкін (Cavana et al., 2001; Creswell, 2013; Newman, 2005); 8.1-сызбаны қараңыз.
Оқыту мақсаты
y
Сандық және сапалық зерттеу тәсілдерін білу 

Сандық және сапалық зерттеудің контексі мен оларға тән зерттеу дәстүрін 
түсіну 
y
Сандық дәстүр 

Ғылыми/гипотезалық-дедуктивті әдістермен таныс болу 

Негізгі эксперименттер мен популяциялық зерттеуді дизайндау 
y
Сапалық дәстүр 

Сапалық зерттеуде сенімділік қалай көрініс табатынын түсіну 

Этнографияның, феноменологияның, этноәдіснаманың және феминистік 
зерттеудің негізгі элементтерін түсіну 


165
Әдіснамаларды түсіну: сандық және сапалық тәсілдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет