175
Әдіснамаларды түсіну: сандық
және сапалық тәсілдер
y
Ақпаратын тексергіңіз келетін негізгі жиынтықты анықтау
. Мысалы, белгілі бір
ортада,
мемлекетте, елде, мәдени топта, жұмыс орнында немесе мектеп айма-
ғында
тұратын барлық адамдар, ортақ қызығушылықтары/белгілері бар жандар
(мәселен, күнделікті теннис ойнаушылар, бұлшық ет дисторфиясы бар адамдар).
y
Негізгі жиынтықтың әрбір элементінен ақпарат жинау мүмкіндігін не мүмкін еме-
сін бағалау
. Негізгі жиынтықтың барлық мүмкін элементтерін
анықтаудың қиын-
дығын сирек жағдайларда ғана ескермеуге болады. Мысалы, АҚШ-тағы барлық
қаңғыбастардың тізімін жасауда немесе постнаталдық депрессияны бастан ке-
шіп жатқан барлық австралиялық аналардың тізімін
жасауда кездесетін қиын-
дықтар туралы ойланыңыз. Оған қоса, негізгі жиынтықтың әрбір мүшесін санап
шығу мүмкін болғанымен де, ол санақты жүргізуге қажет уақыт пен ресурстарға
көп жағдайда қол жете бермейтінін де ұмытпаңыз. Бұл жердегі жалғыз қалыпта-
ғыдан тыс жағдай – негізгі жиынтықтың барлық мүшелерінен
ақпаратты жинауға
қажетті ресурстарға инвестиция жасайтын Ұлттық халық санағын жүргізу ғана.
Халық санағын жүргізу тиімсіз болса, онда келесі қадамға өту керек.
y
Репрезентативтеу және жалпылау мақсатында іріктеме жиынтықты жасақтау
.
Мақсатыңыз – ауқымды негізгі жиынтық туралы
статистикалық маңызды қоры-
тынды шығару үшін жеткілікті адамдардан (іріктеме жиынтықтан) ақпарат жинау.
y
Стандартталған құралды қолдану, оны икемдеу немесе жасап шығару
. Бұл – сіз-
ге қажет ақпаратты жинақтап бере алатын сауалнама.
y
Құралды мұқият және орынды пайдалану
. Бұл сауалнама процесі үшін маңызды.
y
Қолданысқа енгізу
. Дайын құралды тарату және жинақтау.
y
Деректерді саралау үшін статистиканы қолдану
. Дескриптив және инференциал
статистиканың екеуіне де жүгінуіңіз мүмкін.
(Тексеру тізімін қосымша уеб-саи�ттан қараңыз
. Сонымен қатар негізгі
жиынтыққа/іріктеме жиынтыққа қатысты қосымша ақпаратты 11-тараудан
табасыз. 12-тарау сауалнама жүргізуге, ал 14-тарау сапалық талдауға арналған).
Популяциялық зерделеудің артықшылықтары мен кемшіліктері
Осыған деи�ін де болған және өңделген деректермен жұмыс істеуге деген
ұмтылыс білімді өндіруге көп үлесін тигізсе де, артықшылықтар мен кемші-
ліктер әрдаи�ым бар және бола да бермек.
Әуелі, артықшылықтарды тізбелеи�ік. Сауалнама нәтижесінде әдетте дерек
көп респонденттен алынады; респонденттердің жалпы санынан да үлкен негізгі
жиынтықтың көрсеткіші жинақталады; құпия және анонимді, стандартталған,
саналатын және эмпирикалық деректер жинаи�ды; статистикалық маңызын
көрсетуге мүмкіндік береді; сенімділікті, жарамдылықты және жалпылауды
математикалық тұрғыда белгілеуге жағдаи� жасаи�ды.
https://study.sagepub.com/oleary3e
176
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Дегенмен бұл процестің кемшін тұсы да бар. Мысалы, мардымды жауапқа
қол жеткізу қиынға соғуы мүмкін; соңғы іріктеме бұрмалануы немесе репре-
зентативті болмауы мүмкін; сұрақтарыңыз да шектеулі болатын шығар; нақ-
тылаи�тын қосымша сұрақтарды қосуға мүмкіндік болмаи�ды; респонденттің
қаншалықты ашық әрі шынаи�ы жауап бергенін бағалау қиындаи�тын шығар;
тереңірек зерттеп кете алмаи�сыз.
Достарыңызбен бөлісу: